Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  149


Автор: Елена Әбдіхалықова

* * *

Қалтырап тоңып тірліктен кейде,
түңіліп жүрген сәтім мың,
дабылын қағып дүрліккен кеуде
жоқтаумен сені, аһ ұрдым!
Қуарып күндер сағынып сені,
ақ жүзге түскен әжімдей.
Жоқтықтың сірә, табылып па емі,
түндерім ақты көз ілмей...
Мендегі жүрек - мұңы көп, мұздақ,
жүр дерсің, бәлкім, шат күліп.
Тіршілік деген түбі жоқ құзға
тастады тағдыр лақтырып.
Сағынтып өмір сынағанында,
ботадай болып боздасам ...
Түбі жоқ құздан шыға аламын ба,
өзің кеп қолың созбасаң?!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу