Өлеңдер ✍️

  28.02.2022
  210


Автор: Елена Әбдіхалықова

Сағындым Сені!

Аңсаған құстай жылы бір жақты
ұшуға бармын. Амал не?
Кеудемнің хаттар сырын ұрлапты
сағыныш байлап сәлемге....
Сарсылып солып ағады күнім....
Сағынсаң сен де .... дәлелде!
Өзімді... мұңды .... алады бірін
өртеніп біттім дегенде!
Өртеніп кетер өзегі құрғап–
пенденің осы - ау бар зары!....
... Кезегі келіп кезеді жырлап
бір ақын. Сол ән - ар жағы...
Сағындым Сені!
2007 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу