Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.02.2022
109
* * *
Уақытта мынау ұры тым
үзбейтін күннен үмітін
армандарымен жеңетін,
қайғының түссе, бұлытын,
жанымыз біздің сірі - тін.
Көңілдеріміз де кең еді,
Кеңдіктің қайда дерегі!?
Қиямет қайым келсе де,
«құдайға шүкір» дер еді.
Таусылып бара жатыр ма,
Табиғат - ана берері?
Көңілдер біздің мол тұғын,
Қарасып жоғын олқының,
Қаралы болса бір отау,
қаумалай сүйеп қалтығын,
Қайғысы жұрттың сол тұғын.
Бар еді сөздің салмағы ...
Қадірсіз қазір ол - дағы....
Таршылық кірді көңілге
Баршылық сайран салғалы.
Белгісіз.... Қайдам.... ар жағы....
2008 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter