Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
27.02.2022
221
ҚАРА ҚАРЫНДАШ ҚАЛАЙ ҚАЙСАР АТАНДЫ
Қара Қарындаш бояу құйылған құтыны қыса ұстап, төмен қарай құлдырай жөнелді. «Адасып кетермін», – деп жүрексініп еді, бірақ бұрынғы көтерілген жолын тез тауып алды.
Мұны төменде тағатсыздана күтіп тұрған Кекілді Қыз бен Ақ Альбом ентіге жеткен Қара Қарындашты қуана қарсы алып, екеуі жарыса сөйлеп:
- Сені адасып кетті ме деп қатты қорқып едік, – деді. Қара Қарындаш әлгіде көргендерін асыға-аптыға баяндап үлгерді. Кекілді Қыз мұны құшақтай алып:
- Қандай қайсар едің?! Жарайсың, Қайсар Қара Қарындашым! – деді сүйсініп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter