27.02.2022
  155


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МҰҢАЮ

Қара Қарындаш мұңлы күйде ағашқа сүйеніп, ұзақты күнге тырп етпей отырды да қойды. Ақ Альбом өз серігінің жай-күйін жан жүрегімен ұғынды.


 


Анда-санда жаутаңдап Қарындашқа, біресе алыс көкжиекке қарап, қозғалмай отырған Кекілді Қызға да көз тастайды. Ол Қара Қарындаштың көңілін аулай, бір-екі рет тіл қатып еді, бірақ жауап ала алмады.


Көңілді Қыз іштей Күнге ренжіп қалған еді. «Кемшілігін қазір-ақ айтпай, кейінге сақтай тұрса қайтеді», – деп анда-санда күбірлеп қояды.


Қара Қарындаш өз бойында табиғаттың сан алуан көркін бейнелей алар күштің жоқтығын осы жолы шын ұғынған еді. Әсіресе Алтын Күнді келістіріп сала алмайтынын ойлағанда, іш құса болып, терең күрсіне аунап түседі.


Үшеуі сол түні ағаштың қуысына қайта түнеді. Кекілді Қыз күн батар кезде, қалаға қайтпақ болып ойланып қалды. Бірақ өз серіктерінің, әсіресе Қара Қарындаштың көңілін қиып кете алмады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу