27.02.2022
  266


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КЕКІЛДІ ҚЫЗ БЕН ЖАС ЖІГІТ

 


Ол аппақ қылып, жұмырлай жонып, оқтай түзу өзекше ұясын дайындаған жас Жігіт пен өзін қара ұнтақтан тығыздап, қатты қалыпқа келтірген қызды ұнатып қалған-ды. Әсіресе жеңіл шыттан тігілген гүлді көйлек киген Қыз мүлдем көңілді жан екен. Өзі ылғи өлең айтып, күлімсіреп отырады. Бұл қылықтары өзіне сондай жарасымды.


Бала Жігіт те тегін жан емес секілді. Мұрнының астынан ыңылдап, анда-санда сақалды кісіге қабақ астынан ұрлана көз тастап, сонау бұрышта, терезе алдында отырған қызға күлімсірей қарап, иек қағып қояды. Қимылы да жеңіл. Қолы да жұмсақ. Әрі шапшаң, әрі еркін қозғалады. Әр алуан ағаштардың иісі сіңген алақанында ерекше жайлылық бар. Мұны жартылай жарма қалыпқа салып, екінші бетін желімдердегі қылығы тіптен ғажап!


Жігіт оның бүйірінен сипап қойды да:



  • Ал, қарындашым, сәт сапар! Жолың болғай! – деп, еппен көтеріп, оқтай

түзу жарма ағаштың сұлу пішілген сайына сұлата жатқызды да, екінші жарма бетін баппен әкеліп қойды. Мұндай да жұмсақ қол болар ма екен десейші! Желімделген ағаштар бір-бірімен ажырамастай болып жабысқан уақытта Қара Қарындаш өзін мүлдем бақытты сезінді. Нағыз қарындаш болды да шықты. Теп-тегіс үстелдің бетіне тігінен қойғанда, көкке шаншылған найзадай болып тұра қалды. Өзі айналаға масаттана қарайды. Тұла бойында бір бұдыр, бір қылау болсайшы. Гүлді көйлек киген кекілді Қызға қарай көз тастап, жымиып еді, ол бұған күле қарап, қолын бұлғады.



  • Бәйгеге жаратқан аттай жұтынуын! – деп қойды жас Жігіт сүйсінген үнмен.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу