file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  250


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЕЛШЕНБҮЙРЕК

Қарасаз күнделігінен



Төбесінен бұлт көшкен
түйдек-түйдек,
Қарағайлы,
орманды Елшенбүйрек.
Мұқағали жырлаған
Қарасазым,
Қарасуым,
мекені қаз бен үйрек.
Талшыбығың
төсіңде өскен билеп.
Түн түнеген тасына
Елшенбүйрек,
Жалау болған жаныңа
келсең күйреп.
Еңсең құлап
жеткенде етегіне,
Шабытыңды әкеткен
өрге сүйреп,
Қабақ шытпай
қасына келсең сирек.
Шыңдарына күн қонған
Елшенбүйрек,
Шатқалыңды
қарағай өскен түйреп.
 Қасиетті топырақ
Ақын жүрген,
Баурайында
Қарасу ирек-ирек,
Қамыс басқан жағасын
бүйрек-бүйрек.
Жылжып аққан
төменде сыршыл Кеген,
Шағала жүр
жағаңда кердеңдеген.
Жаяулатып төсіңде,
тіке тартып,
Сағынған
Мұқағали елден ерен,
Апаратын жол
саған белең-белең.
Жол жатыр
соңғы рет өзің кеткен.
Көпірің тұр
соңғы рет өзің өткен.
Самал жел,
салқын түн бұрынғыдай,
Елшенбүйрек
қалыпты өзгерместен.
... Сен ғана кетіп
қалған көз көрмеске.
16.07.2014 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу