file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  183


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ӘКЕМЕ

Арманға жетелеп,
Өсірген мәпелеп,
Қамқор жан өзіңдей
Болмаса нетер-ек.
Түнерсе қабағың,
Мен үшін дара мұң.
Мейірбан жүзіңнен,
Күш-қуат аламын.
Сынығы асылдың,
Жалғасы ғасырдың.
Келеді баладай
Мойныңа асылғым.
Ойлардан сан-қилы,
Жүрегің шаншиды.
Арманым болмас-ты,
Әперсем бар сыйды.
Саялы құшағың,
Сағына құшамын.
Күш бердің қиядан,
Қыран боп ұшамын.
14.07.2014 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу