Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
171

МЕН СЕНІҢ ЖАНЫҢДАМЫН
Жазым болған
қапаға ақ таңым-ай.
Жанға жайлы
көпірді жаққаным-ай.
Жаным сыздап кетеді,
жаным сыздап,
Жақынның
жаттығынан сақта, Құдай.
Жыртылып-айырылған
көбесінен.
Жыртық шапан
жамылған төбесіне.
Жалған дүние
кімдерге опа болған,
Жалғыз қалып
қоясың өлесің де.
Бас ауырып,
балтырың сыздағанда,
Бауыр шаншып,
жүрегің мұздағанда.
Біреу келіп
тостағын тосар ма екен,
Баспанаға
жарамас бұл ғаламда.
Өзгермедің,
келмедің, сағынбадың,
Өкініштен кеудем өрт,
жалын жаным.
Өзгелерді
жағалап жүргенім жоқ,
Өзегімнен
тепсең де жаныңдамын.
28.04.2014 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter