Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2022
209

КЕШІРІҢДЕР
Неге жазам өлеңді,
керегі не,
Жаратпаса
ешбір жан керегіне?
Сыртқа атылып тұрады,
ішімде от,
Алқымымнан
алады келеді де.
Кімге шын білмеймін,
жазамын да,
Өзім ғана
төзетін азабына.
Өлең шіркін
жүректің жарығы-ғой,
Жарық шашып
жүргендер жазалы ма?
Өліп-өшіп жазғаным
кімге керек?
Ойламаңыз,
қуғам жоқ тілге дерек.
Бір адам
тауып алса өз керегін,
Бір адамға
жұбаныш болсақ деп ек.
...Өмір, сенің
сырыңды ұға алмадым,
Адам, сенің
ойыңнан шыға алмадым.
Тағы жазып жатырмын,
ұят болды,
Кешіріңдер,
ұятсыз шығар жаным.
17.03.2013 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇