file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  172


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҚАЛҒАН КӨҢІЛ

Ақылсыздығы
арсыздықпенен шектескен.
Жақыныменен
жауынан бетер шеттескен.
Адыра қалып
ақ астау бірге ет жескен.
Ағайын сенің
қорықтым қылықтарыңнан,
Жайлы заманда
жау тауып алған, кектескен.
Алғаның қайсы
ағайын-ара егесте,
Арам тер болып
несіне шаптың белесте?
Ауыз толтырдың,
айналып кетті елеске.
Алқымнан алдың,
тоныңды жырттың не таптың,
Алатын тауың
табалдырық қана емес пе?
Тіліңді кессін,
айтып қал бірақ лақ қылып,
Тасада тұрып
тас ату неткен жат қылық.
 Табжылмай айтшы,
жасадың қанша жақсылық?
Тарпаң көңілің
тертеге симай тұрса да,
Талғампаз тағдыр
тоныңды тігер шақ қылып.
Әкеңнен алғыс,
анаңнан алғыс алдың ба?
Қара нар тектес
арқаңа ауыр салдың ба?
Жыртығын жамап,
тесігін бітеп талдың ба?
Өкпелеп битке
көрпеңді өрте өзгермес,
Не істедің өзің,
сол күтіп тұрар алдыңда.
12.12.2012 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу