file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  375


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЖЕТІМ ҒАСЫР

(Мұхтар Шаханов ағама)
Күні өткен, құны кеткен
белдеудегі бестінің,
Аяқ асты айтқандары
ортаңдағы естінің.
Бағаланса тай-тұяғың
бағасына тиынның,
Ұға алмасаң батырың кім,
Ақының кім, биің кім?
Шен-шекпеннің керегі не,
артығырақ сыйың тым.
Адыра қап азаматтық,
парасаттық биігің,
Ойланбасақ,
Келер күнде – әнің зарлы, күйің мұң.
Қадірі жоқ қолда барда сом алтынның,
асылдың.
Елің аман, жұртың тыныш, неден, көңіл,
басылдың?
Құйын қуып, жел айдаған тағдырындай
қаңбақтың,
Сай-салада, жыраларда басың бұғып
жан бақтың.
 Патшасына өз халқы сай,
сыйы ма әлде ғасырдың?
Құл қып әлде туып па еді,
шалғайына бас ұрдың,
Құм басты ма ескі жолды,
қасқа жолын Қасымның?
Тас лақтырып қумас па екен,
Артымыздан кеткен соң.
Еңселі елдер
қағып тұрмыз құлыптаулы қақпасын.
Еңіреген елу елдің қатарынан сақтасын,
Келер ұрпақ алаңдарда бейнемізді жақпасын.


Жүлде алып
жарыстарда қорадағы жабылар,
Көмбе басы атой салып,
айқай салып сабылар.
Дуылдаған,
дүбірлеген көп дүрмектің ішінен,
Өзі-өзінен жиіркенетін
адамдар да табылар.
Жүрегінде Жаңа өзендей
қасіреттің табы бар,
Жетім ғасыр, Мұхтар аға,
сонда сізді сағынар.
Бойларынынан кетпей әлі
сұмдық күндер ызғары,
Желтоқсанның өр ұлдары,
өжет туған қыздары.
 Қуат алар өзіңіздей
дара туған Тұлғадан.
Арал құмы шегінер-ақ бір қадам,
Арал суы жақындайды бір қадам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу