file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  166


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ДОСЫМА

Амансың ба,
жан досым,
Жүрсің бе сау?
Сенің орның
қашанда бір асқар тау.
Іздемейсің досыңды,
түсінбедім,
Болмаса да
арада бітпейтін дау.
Сағынамыз
дауысыңды, көңіліңді,
Ұқсамайтын
басқаға өміріңді.
Қайсарлығың
жететін бір басыңа.
Сынап енді
жүрсің бе төзіміңді?
Таусылмайды,
Талай сыр айтушы едік,
Таң біліне
асықпай қайтушы едік.
Есіңде ме,
айлы түн, шоқ жұлдыздар,
Өлең оқып жүректі байытушы едік?
 Сол көңіл,
сол дастархан әлі күнге,
Сондаймыз деп
ойлаймын әлі мүлде.
Сен бе екен деп
таласа жүгіреміз,
Тосыннан есік
қаққан әлде кімге.
Білем бір күн
сеннен хабар жетеді,
Қауышармыз,
көңілден кір кетеді.
Азды-күнде
санасқандар не тапты,
Өткен өтті.
Келген тағы кетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу