file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  171


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

КІМ КІНӘЛІ?

Көңілдің қошы жоқ,
Қасында досы жоқ
Неғылган адамсың
Бас пана, қосы жоқ?
Белгі жоқ кеткенде,
Жаз күнің өткен бе?
Асыға күткенің
Айналып кеткен бе?
Қай жерде қалдырдың,
Қалайша алдырдың?
Не болған бұл күнде?
Сал көңіл, салғырт үн.
Үн-түнсіз барасың,
Бас изей саласың.
Жоғалтқан жандайсың,
Жақсысын, дарасын.
Гүлі едің ортаның.
Ізі жоқ сол таңның.
Жалынсыз жанарың,
Қараймын. Қорқамын.
 Сұраусыз алдың ба,
Шақырмай бардың ба?
Жыртығын жамаудан,
Шалдығып қалдың ба?
Жақсыға қуандың,
Жаман деп қуардың.
Қанағат көлінен
Жаныңды суардың.
Асылды, жақұтты
Бағалау бақытты.
Кек сақтап қайтесің,
Өлтіріп уақытты.
Ой шалсаң әріге,
Өмірдің нәріне.
Кінәлі екен ғой
Бәрі үшін бәрі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу