Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.02.2022
214

ЕЛЕС
Көз ұшында қалып қойды бір арман.
Тағы да жол. Не күтіп тұр бізді алдан?
Шытынайды шыдай алмай ызғарға.
Сұлу бақтар сырласуға біз барған.
Тағы да жол. Үнсіз қолын бұлғайды.
Әлде елес пе? Айту қиын бұл жайлы.
Көжиекте шақырады бір бейне,
Сәулесінен үнсіз жүрек тулайды.
Тағы да жол, тағы түнек, тағы таң.
Мен өткен жер. Қандай таныс осы маң.
Кетпеп пе едім?
Бір сұлу ән естілді,
Тағы ғажап, тағы және тосыннан,
Сол әуенге үнсіз ғана қосылам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇