file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  26.02.2022
  149


Автор: Абдрахман Асылбек

Пейіл

Келіңдер –
Есік ашық, сыйлы ағайын,
Жаюлы дастарқанды жинамайын.
Тәбетің тартқанынша іш те, же де,
Барында мен несіне қиналайын.
Келіңдер –
Дәулетім бар шақта, ағайын,
Барымды алдарыңа ақтарайын.
Шалқып бір отырайық тамашалап,
Қалтада артық ақша сақтамайын.
Келіңдер –
Ортақтасып ойлы ағайын,
Мендегі әр қуаныш, тойға дәйім.
Мейлі мен ой бағайын, қой бағайын,
ек қана өздеріңмен ойланайын.
Осы өмір –
Жұмағымыз, үй-бағымыз,
Бәрі де қалады артта, иланыңыз.
Өзара тіршілікте сыйласуға
Жараса болғаны да жиғанымыз,
Тек қана жоғалмасын иманымыз.
* * *
Қарағайдай жарып шыққан тастан тік,
Қайсар өстім,
Қайыспадым бастан түк.
Солқылдақпен соқтығыстым, соғыстым,
Жанға, бірақ, жасамадым қастандық.
Көкірегіме тек ізгілік ұялап,
Көтерілдім көк төсіне қиялап.
Жалғандықпен жағаластым, жұлыстым,
Жанға, бірақ, жасамадым қиянат.
Көрсем-дағы кей пенденің кесірін,
Қатты серпіп жапқаным жоқ есігін.
Ал, адамдық ардан безген сұрқия
Жанға, бірақ, жасамадым кешірім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу