26.02.2022
  244


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

MҰРАГЕР БОЛСА, МҰРА БАРШЫЛЫҚ

СОВЕТ өкіметі алғашқы күндерінен бастап ескі мұраларды өз қамқорлы- ғына алды, азамат соғысының ауыр кезеңдеріне, аштық-жалаңаштыққа, қиян- кескі соғыс болып жатқанына қарамастан ескерткіштерге көңіл бөлді.


1918 жылдың 5 октябрінде Владимир Ильич Ленин «Мәдениет ес- керткіштерін қорғау және тіркеу» туралы декретке қол қойды. Сол жылы бүкіл революциялық Россияның еңбекшілеріне үндеу қабылданды. Онда бы- лай деп жазылған еді:


«Азаматтар, бұрынғы қожайындар кетті. Ал олардан зор мұра қалды. Ол мұра енді халықтікі.


Азаматтар, бұл мұраны сақтай біліңдер. Үйлерді, мүсіндерді, суреттерді сақтаңдар!


 


 


Олар — ата-бабаларыңның рухани күшінің айғағы. Олар — өнер ада- мының әдемілігін, рухани серпінді күшін көрсететін, қанауда жүріп, тамаша туындылар туғызған талантты адамдардың еңбек жемісі.


Азаматтар, документтерді, ескі бұйымдарды, құрылыстарды, ескерткіш- терді қорғаңдар. Бір тасына тимеңдер. Бұлардың бәрі өз тарихтарың, өз- деріңнің мақтаныштарың. Олар халықтың жаңа, соны өнерінің тамыр жаяр топырағы екенін ұмытпаңдар...»


Бұл үндеудің де, қабылданған декреттің де күні бүгінге дейін маңызы жойылған жоқ. Мәдениет ескерткіштерінде, атап айтқанда, археология, та- рих, сәулет өнері, әдебиет ескерткіштерінде өткен ұрпақтың жақсы өмір, әдемілік үшін күрес іздері жатыр.


Мәдени мұра өсер ұрпаққа патриоттық рухта тәрбиелеуге себін тигізе- ді. Өйткені, сол туындылардың көбі өз дәуірінің ой-арманын, өмір тіршілі- гін, әсемдік әлемін бейнелеген. Бұған сұлулықты паш ететін көптеген көне архитектуралық ескерткіштерді атап өтсек те дәлел бола алады. Олар: көне Грециядағы салынған Парфенон храмы, Индиядағы Тәж Махал мавзолейі, Москва Кремлі, Қожа Ахмет Иасауи ғимараты сияқты құрылыстар. Бұлар бүкіл адам баласының мақтанышы, халық даналығын, мәдениетін, өнер қуатын көрсетеді. Осыған орай айтатынымыз: ескерткіштерді қорғау — жалғыз мемлекеттік іс емес, жалпы бұқаралық іс.


1965 жылы 5 февральда КОКП Орталық Комитетінің қаулысы шықты. Онда мыңдаған жұмысшылар мен шаруаларды, студенттер мен мек- теп оқушыларын, интеллигенцияны кең қатыстыра отырып, мемлекеттік маңызды іс құру туралы айтылған еді. Осындай қоғам енді біздің республи- камызда да құрылып отыр.


Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бюросы 1970 жылдың 2 де- кабрінде, Қазақ ССР Министрлер Советі 1971 жылдың 9 мартында қаулы қабылдады. Онда Қазақ ССР-і мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамын құру туралы нақты шаралар белгіленді. Ұйымдастыру комитеті сайлан- ды. Комитеттің құрамына республиканың белгілі ғалымдары, жазушыла- ры, қоғам қайраткерлері кірді. Председатель болып Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының председателі Сабыр Біләлұлы Ниязбеков жол- дас тағайындалды. Ұйымдастыру комитетінің нақтылы жоспары жасалды. Осыған орай аз уақыттың ішінде бірталай жұмыстар жүргізілді.


Қазақ ССР мәдени ескерткіштерін қорғау Қоғамының басты мақсатта- рына археологиялық, тарихи, архитектура, тарихи-революциялық әдеби ес-


 


 


керткіштерді, өнер шығармаларын, халықтық қолөнер туындыларын, тағы басқа шебер қолдан туған бағалы туындыларды табу, сақтау, зер салып зерт- теу ісіне еңбекшілерді кеңінен қатыстыру ісі жатады. Ескерткіштерді қал- пына келтіру, қорғау ісімен айналысатын мемлекет мекемелеріне қолғабыс тигізді. Халық арасында өткен күннен қалған осы мұраларды уағыздап, сол арқылы елге, жерге, Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеуге атсалыса- ды. Бұл қоғам басқа да ерікті қоғамдармен бірлесе, қоян-қолтық араласа оты- рып жұмыс істейтін болады.


Қоғамның құрылысы туралы бір-екі сөз. Съезде сайланған Орталық Совет қоғам жұмысын басқарады. Оған облысаралық бөлімшелер бағы- нады. Әр түрлі мекемелерде, оқу, өндіріс орындарында, колхоздар мен со- вхоздарда қоғамның бастауыш ұйымдары бар. Қоғамның уставын толық мойындап, қоғам ісіне белсенді атсалысатын барлық азаматтар қоғам мүшесі бола алады.


Ұлан-байтақ қазақ жерінің өнер тарихынан алатын орны зор. Қа- зақстан мен Орта Азия халықтарының мәдениеті тар жол, тайғақ кезең кешті. Қылышынан қан тамған шапқыншылармен бірге өзара қиян-кескі қырқысып, ауызбірлігі болмаған төре-бекзадалар халықтың бай мұрасын үнемі бүліншілікке ұшыратып отырған. Алайда осы жойқын бүліншіліктерге қарамастан, халық өнерді де, білімді де әр кезде-ақ дамытып келген. Өткен күндерден бізге жартылай қирап, күтімсіз қалыпта жеткендерінің өзі де алабөтен өзіндік ерекшелігімен, көркемділігімен әлі күнге бізді қайран қалдырды. Көптеген қалалар мен құрылыстардың алғашқы қалпын бүгінгі күнде археологиялық зерттеу материалдары арқылы, не болмаса гүлденіп тұрған кезінде оларды өз көзімен көрген грек, араб, қытай саяхатшыларының естелік жылнамаларынан көзге елестете аламыз.


Қазіргі күнде біздің республикамызда мемлекет қарауында есепте тұр- ған 600-ден астам архитектуралық, 10 мыңнан астам археологиялық және көптеген тарихи-революциялық ескерткіштер бар. Олардың ішінде Қаратау, Хан тауы, Қызыл таудағы, Маңғыстаудағы жарға салынған суреттер бар. 1939 жылы Қарғалыдан табылған 300-ге жуық алтын бұйымдар, әсіресе, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ–І ғасырларда жасалған ұзындығы 35 см, биіктігі 4,4 см алтын тәтінің (диадема) тарихи мәні және көркемдік құны аса жоғары.


1970 жылдың жазында Қазақстан археологтары Есік селосының қасында қазба жұмыстарын жүргізген еді. Одан Тянь-Шань шыршасынан жасалған


 


 


табыт ішінен жас жігіттің сүйегі табылды. Біздің заманымызға дейін V–VI ға- сырда өмір сүрген адамның үстіне киген киімі бірнеше мыңнан аса алтын бұйымдарымен безендіріліпті. Алтын бұйымдардағы салынған түрлі аңдар мен тағы басқа ғажайып суреттер ерекше назар аударады.


Осы жерден табылған отыздан астам балшық, ағаш және күмістен жасалған құмыра-зерендерде де сыр көп. Күміс зереннің түбінде 26 әріптен құралған жазу бар. Ақын Олжас Сүлейменов жазуды: «Хан ұлы жиырма үште жоқ болды. (Халықтың) атағы жойылды», — деп оқыса, жас ғалым Алтай Аманжолов бұл жазуды: «Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен, жат ел адамы, тізеңді бүк! Халықтың қарны тоқ (болғай)», — деп түсіндіреді. Шындық таласта туады дегендей, жазудың анық мазмұны ашыла жатар, ең қызығы, осы жазудың біздің заманымызға дейінгі V–VI ғасырлардан бұрын тууы. Бұл осы кезеңде қазақ жерін мекендеген елдің өзінің жазуы болғанын дәлелдейді.


Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы да өте бай. Бұл уақытта қазақ жерінде үлкен мәдениет ошақтары — ірі қалалар сәулет құрған. Қалаларда монша- лар, су жүретін құбыр жүйесі, көкпен таласқан күмбезді ғажайып ғимараттар, әсем үйлер болған. Орта Азия, кіші Азия, Қиыр Шығыс және Еуропамен бай- ланыс әсіресе, орта ғасырларда кең дамыды. Осы кезде сауда, қолөнермен айналысқан қалалар көптеп пайда болды. Өйткені Қазақстанның қалалары Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстырған жол торабындағы кіреберіс қақпа сияқты еді. Солардың бірі — Отырар қаласы. Отырар туралы мәліметтер Ибн-Хаукалда, Абул-Фид пен Шығыс елдерінің тарихында кездеседі. Тіпті Клавдий Птоломейде де бар. Александрия қаласынан (біздің эрамыздың екінші ғасыры) кейін кітаптары мол кітапхана осы Отырарда болыпты деген аңыз бүгінге дейін сақталған.


Әрине, Отырарды ғылымы, өнері, мәдениеті дамыған Қазақстан же- ріндегі жалғыз ғана қала деп айтуға болмайды. Қазақстан ғалымдарының қажырлы еңбектерінің арқасында мәдениет орталықтары болған көптеген қалалар табылды. Олар — Тараз, Сығанақ, Ясы, Сайрам, Баласағұн, тағы басқалар. Тараз қаласында Византия императоры Юстинияның Земарк де- ген елшісі тұрған орда болған.


1893 жылы академик В. В. Бартольд Сайрам мен Шымкент қалаларының аралығында көптеген суы құрып кеткен арықтардың іздерін тауып, атам за- манда мұнда егіншілік кәсіппен айналысқан ел болғанын дәлелдеді. Рузбе-


 


 


хан Исфағани өзінің «Михман-наме» деген кітабында Сайрам туралы: «Көз тоймайтын шаһар екен. Әдемі, көз жетпес жазық, әрі тың далаға салыныпты. Ауасы қандай таза десеңші, адамның жүрегіне қан құйып, күш береді», — деп жазады.


Қазақстан жеріндегі қалалар туралы Шоқан Уәлиханов та көптеген мақалалар жазған. Бір кезде отырықшы ел болғанын, өнер мен білімнен шет қалмағанын көрегендікпен айтқан Шоқан «Жоңғария очерктері» деген мақаласында: «Алмалық, Қонақай және Қайнау, Алматы шаһарларының сауда-саттықпен аты шыққан. Генуя саудагерлерінің Қытайға баратын үлкен жол үстіндегі тоқтамай өтпейтін шаһарлары екен», — деп жазды.


Қазақстан ғалымдары күні бүгінге дейін өшіп кеткен көптеген қалалардың ескі жұртын, орнын зерттеп, тарихымызға тың, жаңа мағлұ- маттар қосуда.


Ақын Сырбай Мәуленов айтқандай, әрбір жаңа табылған қаладан өлшеусіз әсер алып:


«Жатыр мұнда көз жастары адамның, Жатыр мұнда мұңлы жыры заманның, Басуға да аянатын түрім бар,


Ой-арманын баяғы өткен бабамның.


Қарағанмен іздеріне қызығып, Құбылады кейде түсім бұзылып. Тасты тесіп өткен із бар, сол іздер Көз жасы ма түскен бір кез үзіліп», —


деп жазғанын оқығанда еріксіз толғанасың.


Ғылымның осы күнгі деректеріне сүйене отырып, біздің жерімізді жай- лаған тайпалардың, халықтардың ерте кезде-ақ үлкен мәдениеті, көркем өнері, ғылымы, қолөнері болған деп айта аламыз. Тіпті, көне түркі жазуы да болған. Оның пайда болып шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі 300-400 жылдарға жатады. Құнарсыз жерге шөп шықпайды. Мәдени орта, та- рихи қолайлы жағдай Қазақстан жерінде де Әбу Насыр әл-Фараби, Ысық әл-Отырари, Жамал әл-Түркістани, Қадырғали әл-Жалаири сияқты және тағы басқа ғалымдарды тудырды.


Әрине, Қазақстан архитектурасының маржаны болып, сөз жоқ, Түркіс- тан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи ғимараты аталады. Ғимарат Қазандық


 


 


деп аталатын үлкен күмбезді жайдың айналасына орналасқан 30-дан астам қабірхана, асхана, кітапхана тағы басқа бөлмелерден тұрады. Қазандық күмбезі — Орта Азиядағы ең үлкен күмбез.


Ғимараттың есіктері тамаша шеберлікпен жасалған. Сырт қабырғасы- ның көгілдір түсті төрт бұрышты тастарының бояуы осы күнге дейін өзге- ріп, өңін бермеген. Оның құрамы қандай, қасиеті неде? Бұл жағынан бүгінге дейін сыр бермей келеді. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты бар қасиетімен, көз тартар көркемдік шешімімен, монументалды ерен тұлғасымен дүниежүзілік даңққа ие болып отыр.


Бізге жартылай қирап жеткен ескерткіштердің бірі — Айша бибі маза- ры. Ол шамамен ХІ ғасырда салынған. Мазар қазақ ою-өрнегінің, қолөнер жетістіктерінің музейі тәрізді. Мұнда қазақтың үй жиһаздарында күні бүгінге дейін кездесетін ою-өрнектердің барлық үлгілері кездеседі. Мазардың жо- басы квадрат формалы. Төрт бұрышында диаметрі 60-80 сантиметр төрт бағанасы бар. Төрт қабырғасындағы төрт есік кішкене бағаналар көтеріп тұратын жартылай күмбезбен жабылған. Бүкіл мазардың шаңырақ күмбезі сақталмаған. Мазардың бейнесіне қарап тұрсаңыз, мұндағы әрбір қаланған кірпіш адамның бай қиялына мойынсынып сан түрлі түске енгенін көреміз. Мазардың кішкене бөлшегіне дейін зергердің қолынан өткен нәзік бұйым тәрізді. Мазар адамды гармониялық тұтастығымен таңғалдырады. Мазар- ды қай жағынан қарасаңыз да көз тоймайды, қараған сайын өзіңізге белгісіз жаңа қырын аңғарасыз. Ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан қарапайым кірпішті ғажап сиқырлы еткен қазақ шеберінің өнеріне қайран қалмай бол- майды.


Осы сияқты Қарағанды облысындағы Алаша хан, Жошы хан, Домбау- ыл ескерткіштері де көне архитектураның көз тартар үлгілері. Маңғыстау мен Батыс Үстірттегі мүсінді декоративті тастар, күмбезді мазарлар мен сағана тамдар Қазақстанның барлық өңірінде де күрделі туындылардың болғандығын дәлелдейді.


Мәдениет ескерткіштері шежіре тәрізді. Олардан тарих беттерін көре- міз. Сырын ұғып, зер салып зерттесек, әдемілік пен әсемдіктің заңдарын аңғаруымызға, шеберлікке үйренуімізге болады. Мәдениеттің, өнердің әрі қарай дамуы үшін өткен мұраны игеру — өте жауапты міндет. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин: «Өткен мұраға сыйлы көзбен қарауға байланысты та- ғылықты білімділіктен ажыратуға болады», — деп жазған.


 


 


Демек, ескерткіштерге байыпты қарауымыз — мәдениеттің бір түрі. Әрине, біздің міндет — тек көне ескерткіштерді қорғау ғана емес. Тарихи революциялық совет әдебиеті мен өнерінің ең тамашаларына назар аудару, сақтау, уағыздау.


Талай асыл азаматтар, совет өкіметі үшін, жаңа өмір үшін жанын пида етті. Оларды еш ұмытуға болмайды. Ардагер адамдарымыз туралы бар документ- тер, барлық деректер аса қамқорлықпен жиналуы керек. Олардың жүрген жерлеріне, істеген қызметтеріне орай белгі, ескерткіштер орнатылса, жас ұрпақты биік рухани рухта тәрбиелеуге себін тигізетіні шексіз.


Сондықтан да оларға байланысты рухани-материалдық мүліктерді көздің қарашығындай сақтай білуіміз тиіс.


Сөздің соңын түйіп айтқанда, республикамыздың тарихына, мәдениетіне, өнеріне байланысты терең ойдан, шебер қолдан, биік мақсаттан туған туын- дыларды тауып, тани білуіміз керек, қадірлей білуіміз керек, ата-бабамыздың жақсы мұрагерлері болып ұрпақтан-ұрпаққа асыл қазынаны жеткізе білуіміз керек. Туған республикамыздың бар еңбекшілері бұл игілікті іске аянбай ат- салысады деген сенім зор.


«Мәдениет және тұрмыс»,


январь, 1972 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу