26.02.2022
  300


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ СЫРЫ МЕН МҰҢЫ

Астанамыздағы таңдалған киоскіге барып «Алматы көріністері бар ма?» десеңіз, сатушы сізге әдемі-әдемі фотоларды ұсынады. Суреттен соңғы жылдары салынған әсем жайларды, сәнді сарайды, зәулім үйлерді көресіз. Бұлар «Қарлығаш», «Аққу» кафелері, «Қазақстан» қонақ үйі, «Алматы» рестораны, тағы басқалар. Әдемілігімен көз тартып, көңілге жылы тиген сәулетті туындылар сізге ұнайды. Бұларды кім салды, авторлары кім екен деп ойлайсыз.


Гёте айтқандай, «Архитектура — таспен жазылған музыка». Олай болса, музыка авторымен де танысқан жөн. Сәулеттік шығармалар адамның жай- ланып жатар орны тек баспанасы ғана емес, эстетикалық тәрбие, рухани нәр беруші әсемдік әлемі. Талай халықтар, мемлекеттер адамдар құрып кеткенде де адам өнерінің ұлылығын атадан балаға жеткізіп келе жатқан — сәулет өнері. Неге біз Самарқандағы көне ескерткіштерге тамсанып, Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауидің бояуы бүгінгіге дейін өңін берме- ген кірпіштерін қастерлейміз. Әулие емес, бізді тастан түйме жасаған өнер иелері табындырады. Біз таңданамыз, сүйсінеміз, ғибрат аламыз.


Соңғы жылдары архитекторлар арасында «архитектура өнер ме, өнер емес пе?» деген талаптар етек алады. Бірі архитектураның өнерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды десе, екіншілері архитектураның тұрмыс қажеттілігін ұмытып, таза искусство деп соқты. Соңғылары үйлердің сыртқы әшекейіне ғана көңіл бөлді. Архитектураны техниканың бір саласы деп білетіндер сәулет өнері алдында әсемдік проблемасы тұрған жоқ, үйлер қажеттілікті атқарып, күнбе-күнгі тіршілікке сай жасалса, көркемдік сапа өздігінен туа- ды деген пікірді жақтады. Әрине, мұндай концепция архитектордың еңбегін жоққа шығаруға дейін барды. Өзіңіз ойлаңыз, егер архитектураның өнерге қатысы болмаса, әдемілік дегеніміз үлкен қабілетті, суретшілік қиялды керек етпей, құрылыс материалдарын пайдаланған кезде өздігінен туса, архитекторлардың керегі аз. Бұл мамандықпен кез келген құрылыс инженері айналыса алатын боп шығады. Дәл осындай «теориялық» ойлар архитекторлардың қызметін құрылысшының еңбегіне теңеді. Мұның салда- рынан сәулетшілерге деген сенімсіздік туды, олардың мамандығы керексіз сияқтанды. Республикамыздың жобалау институтының бірі «Казгорстрой- проект» сәулетшілердің жетіспеуіне қарамай, олардың санын қысқарта түсуге де қол қойды. Кейбір жобалау институттары күні бүгінге дейін архи- текторларсыз жұмыс істеп келеді. Әрине, бұл тәжірибе пайдасыз болып отыр. 15-20 жыл, қала салу тұрғысынан қарағанда, азғантай мерзім. Ал біз ас- танамыздың Коммунист проспектісіндегі, Калинин мен Гоголь көшелері аралығындағы үйлердің архитектурасына назар аударайықшы. Ансамбль де- ген сөзді ауызға да ала алмаймыз. Мұнда стиль дегеннің сан атасы бар. Бақ- сыдай безенген алапес құрылыстарды, жалған классика, классика стилінде салынған үйлерді де кездестіреміз. Сәл жүрсеңіз, бүтіндей қабырғасы әй- нектен жасалған үйді де көресіз. Бұның өзі көне заман архитектура үлгісін көшіруден құтылмай жатып, екінші бір қырға ұрынғандығымызды көр-


сетеді.


Кейбір «білгірлердің» айтуынша, ХХ ғасырдың архитектурасы бар- лық жерде бір кейіпте, бір түрде болмақ. Жергілікті жердің ерекшелігі, әр халықтың өзіне тән тіршілігі ескерілмейді-мыс. Осыған орай әйнек үйлер пайда бола бастады. Мұндай үйлерді еліміздің барлық қалаларынан кездестіруге болады.


 


 


Әйнек қабырға мөлшермен пайдаланылса жақсы. Бөлмең жарық болады, архитектура мен табиғат қоян-қолтық жатады. Бірақ әйнек қабырға сәулет өнеріндегі жаңа бағытқа байланысты салт болып кеткендіктен, ретті, ретсіз жерде де қолданылып жүр. Біріне-бірі егіз баладай ұқсас, әйнек пен бетоннан жасалған үйлердің сыртқы көркі де көңілге толымсыз. Мұның бәрі архитек- тура адам қажетіне керек деген қағиданы қамтып, мода қуғандықтан шықты. Туған елді, оған деген адамның махаббатын жырламаған ақын, жазба- ған жазушы жоқ. Егер әрбір елдің, жердің, халықтың ерекшеліктері жо- ғалса, мың түрлі әдеміліктің орамына бір ғана қалып орын алар еді. Ол кімді қанағаттандырады, жүрекке салқындықтан басқа не әкелді? Ендеше, архитектураның да бар жерде бір түрлі болуы мүмкін емес. Халықтың талғамына, рухани тілегіне сай әр елге әр түрлі архитектура қажет.


Біздің республикамыз, түгелдей алғанда, үлкен құрылыс алаңы. Жылдан- жылға Қазақстанның қалалары мен селолары жақсара түсіп, көркейіп келеді. Қай жерге болмасын, араға уақыт салып қайта оралсаңыз, келбетін танымай қаласыз. Уақыт куәсіндей қаз тұрған үйлер, қоғамдық мекемелер, балабақшалар көз тартады. Алматының өзінде соңғы үш-төрт жыл ішінде он бірге жуық жаңа микроаудан, көптеген қоғамдық үйлер іске қосылды. Дегенмен, біз көп жағдайда дайын асқа тік қасық болып жүрміз. Сол се- бептермен үйлердің қуаңқы, сүреңсіз болғанына да ренжіп қоямыз. Ал ал- дын ала жобаларға ғылыми талдау жасап, кемістіктердің бетін ашып, жақсы мысалдарды үлгі етсек, көптеген әттеген-ай деген жайлар болмас еді. Егер хирург қате жіберсе, ол өлген адамның ішінде, сүйегімен бірге кетеді, егер архитектор қате жіберсе, ол қателік жүздеген жылдар бойы бетке басылып, менмұндалап тұрады және далаға кеткен шығынның өзі қанша болмақ!


Бұдан жасайтын қорытынды — Қазақстан архитекторларының ғылыммен айналысуына қолайлы жағдай керек. Егер Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер мен әдебиет институты жанынан архитектура секто- ры ашылса, біздің алғашқы адым жасауымызға себін тигізер еді. Республи- када аудандық жобалау мен қала салудың (градостроительство) ғылыми- зерттеу институтын ашу да ауадай қажет болып отыр. Шынын айтсақ, Ал- матыда архитектура бойынша аспирантураны өтетін ғылыми мекеме бол- май қалды. Жұрттың бәрінің оқуы үшін Москва мен Ленинградқа сапар шегуі шарт емес-қой. Қызғылықты әрі күрделі тақырыптарды зерттеуді жергілікті жобалау институттарында да жүргізуге болады. Тек жағдай, көмек, ақыл-кеңес керек.


 


 


Әрине, әдемі архитектура өздігінен тумайды, оны жасайтын — талапты, талантты кадрлар. Бұл жағынан да бір орасан ақсап жатырмыз. Вильнюс, Тбилиси сияқты қалалардың бір өзінде 400-ге жуық архитектор болса, бүкіл Қазақстанда екі жүздей ғана. Біздің республикамыздағы күрделі жұмыстарға архитекторлар араласа алмай отыр.


Ірі құрылыстардан басқа да архитекторлардың атсалысатын салала- ры көп. Реклама мәселелері, үй бұйымдарын шығару, өндірістік эстетика, табиғат сұлулығын сақтау, тағы басқалар. Біз кейде төмен қол заттардың өндірістен орын алып, нашар талғамға үйрететініне өкінеміз. Мұның бәрі архитекторлардың жетіспеу салдарынан деп түсіну керек. Демек, респуб- лика архитектурасының сапасын көтерудің бір көзі — кадрлар дайындау мәселесінде жатыр.


Қазақтың политехникалық институтында архитектура факультеті ашы- лайын деп жатыр, оның келешекте жеке институт болуын да асыға күтеміз. Енді бір ойланатын жайт — осы факультеттің мұғалімдерінен бастап, оқу- шыларына дейін архитектура үшін кездейсоқ адамдар болмаса екен деген тілек бар.


Өкінішке қарай, қазіргі орта мектептер архитектура жоғары оқу орны- на түсе алатындай дайындық бере алмай келеді. Архитектор мамандығын таңдаудың өзі де асығыс, дәл соңғы класта ғана шешіліп жүр. Осы дұрыс па? Архитекторлар республикамызда жетіспей жатқанда жоғары оқу ор- нына түсудің өзін (архитектура факультетіне) біз неге мемлекеттік арнаға қоймаймыз?


Бұл үшін республиканың орта мектептерінің жоғарғы кластары ара- сында архитектура туралы әңгімелерді көп жүргізу керек, қажет болса, кітапшалар, архитекторлардың творчествосына арналған документалды фильмдер шығарып, бұл мамандықты насихаттаған жөн. Қазақстан архитек- торлар одағының қатысуы мен ірі-ірі қалаларда архитектуралық олимпиа- да өткізілсе, талантты балаларды іріктеп алуға мүмкіндік туар еді. Тағы бір ұсынысты Қазақ ССР-інің Оқу-ағарту министрі Айманов жолдастың аты- на айтқымыз келеді. Біз балаларды бес-алты жасынан бастап музыкаға тәр- биелеп жүрміз, арнаулы мектептеріміз де көп. Ал архитектураға тәрбиелеуді алтыншы-жетінші кластан неге бастамаймыз? Егер бір қазақ мектеп-интер- натында сондай бір тәжірибе жүргізілсе, оған Қазақстан Архитекторлар одағы көмек көрсетер еді.


 


 


Қазақстан архитектурасын дамыту жолында сырымыз да, тілегіміз де, та- лабымыз да мол. Оны көппен ақылдаса отырып шешуіміз керек. «Италия- ны жартылай құдай жаратыпты, жартылай архитекторлар жасады» деген қанатты сөз бар. Қазақстанды көркейтуге архитекторлар көптеп қатысса, еліміздің ел ғып танытатын мұралар қалар еді.


«Қазақ әдебиеті», 12 ноябрь, 1966 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу