Әңгімелер ✍️
Дүниежүзiлiк сәулет өнерi ғаламаттары
Әрi-берiден соң Аманжол да келдi. Ол тапал келген, томпақ ауыз, жиырма екi-жиырма үштегi жiгiт екен. Әйтсе де өзiн үлкен етiп көрсеткiсi келгендей, әр сөзiн шегелеп, байсалды сөйлеуге тырысады. Бiрақ кейде бұл кейпi бұзылып, бүкпесi жоқ бала мiнезi де байқалып қалып отырады.
- Алдымен не нәрсеге көбiрек көңiл бөлудi қарындастарыңа байыпты түсiндiр, — дедi Асанов мазардың суретiн салған мольбертiне шұқшия қалған Аманжолдың қасына келiп.
Бұл кезде Аққу да қағазға шұқшиып сурет салып отыр едi.
Iстiң мәнiн терең түсiнетiн пiшiнмен Аманжол: «Аққу композиция жасауға тiптен шебер екен», — дедi.
Асанов ендi байқады, Аққу салған көрiнiс айтарлықтай екен, қарындаш- ты еркiн меңгергендiгi көрiнiп тұр.
- Аманжол, сен институтқа түспес бұрын суреттi Аққудың дәреже- сiнде сала алмаушы едiң-ау, — деп, Асанов Аманжолға қулана қарап едi, Бо- таның сықылықтап күлген даусы естiлдi.
«Оныңыз рас, ағай», — деп, Аманжол күмiлжiгенде, Ботаның күлкiсi де үдей түстi. Аққу сiңiлiсiне ұнатпаған кескiнмен қарап қойды.
Ботаның күлгенiне қып-қызыл болып кеткен Аманжол жалма-жан кө- зiлдiрiгiн алып, тершiген әйнегiн сүрте бастады. Сонсоң ол көзiлдiрiгiн кие сала Аққудың суретiне үңiлдi.
Аққудың сурет өнерiне талабы зор едi. Сiңлiсi екеуi Пионерлер сарайын- да үйренген. Бота бұл өнерге көп зейiн қоймады. Ал Аққу сурет салудың терең сырларына зер салып, қолынан келгенiнше үйренiп бақты. Салған суретiн айнадағыдай дәл келтiруге Аққу тiптен құмар емес едi. Ол әр бейненi өз ұғуынша қабылдайтын. Мiнездеменiң ең дәлдi жақтарын ескерiп, екiншi кезектегi қасиеттердi көмескi көрсететiндi тапқан.
Әйтсе де суретшi болу Аққудың көңiлiне келген емес, ол математик болу- ды аңсайтын.
Асановтың әңгiмесiн тыңдағаннан берi Аққу үлкен ойда. Ұзақ әңгiме желiсiнен ұққаны — құрылысты әдемi қылып салу — үлкен өнер. Ал ғасырлар бойы тұратындай берiк жасау — инженерлiк мәселе. Бiр сөзiнде қарт ар- хитектор: «Инженердiң архитектор болуы шарт емес, ал архитектордың инженер болуы мiндеттi», — деп кеттi. Демек, бұл мамандық Аққу сүйетiн екi саланың тоғысатын жерi екен. Өзiнiң осы уақытқа дейiн архитекту- радан шет тұрғандығына таңғалды. «Мен сәулет өнерiнiң қай шығарма- сын бiлемiн?» — деп өзiне сұрақ қойып едi, есiне ештеңе түсе қоймады. Аса- нов келесi әңгiмесiне кiрiскен екен, ендi соған үнсiз бағынып, бар зейiнiмен тыңдап қалды.
- Дүниеде сәулет өнерiнiң талай әсем туындысы бар. Оның бәрiн сөз ету мүмкiн емес. Бiлуге қажет шығармаларға ғана тоқталғым келедi, — дедi Аса- нов сары папкасынан қаламмен сызған әдемi суреттердi алып жатып. — Сая- хатты көне Грек архитектурасынан бастайық. Дербес бiр туындыны талда- мас бұрын, гректердiң ордерлiк жүйесiн түсiндiрiп алғым келедi. Себебi грек тарихын алсақ та, Италияның қайта туу дәуiрiн көзге елестетсек те, ордерлiк жүйе дегеннiң не екенiн бiлмей болмайды. Тiптi ордерлiк жүйенiң ықпалын 1954 жылға дейiнгi совет архитекторларының кейбiр шығармаларынан да байқаймыз.
Ордерлiк жүйе дегенiмiз — құрылыс тұлғасының көркем келген жеке бөлшектерге бөлiнуi.
Колонна — грек ордерiнiң негiзгi элементi. Ол төбенi көтерiп тұрады. Колонна тiреп тұратын итарқаны антаблемент дейдi. Антаблемент үш бөлiктен тұрады: архитрав, фриз, және карниз.
Гректер адамдарды табиғаттың ең әдемi, ең жетiк жаратылысы деп ба- ғалаған. Олар адамның дене құрылысын зерттей келiп, әрбiр мүшенiң заңды байланысын табады. Адам табанының ұзындығы, мысалы, тұлғаның алтыдан бiрiне тең. Шынтақтан саусақтың ұшына дейiн және кеуденiң енi бойдың төрттен бiрiн алады екен. Гректер сәулет өнерiнде ордерлiк жүйенi де осын- дай заңдылыққа құрады. Олардың храмдарын сұлу қалыптасқан адамның тұлғасымен салыстыруға болады.
Әлемге аты әйгiлi Парфенон храмының атын бәрiңiз естiген боларсыз- дар. Ол бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 447–498 жылдары Иктин және Калликрат деген архитекторлардың жобасымен салынған. Парфенон храмы Афина- Паллада құдайының мүсiнi тұратын орын екен. Бұл статуяның авторы да ұлы скульптор Фидий. Афина құдайының денесi пiл сүйегiнен жасалыпты да, киiмi таза алтыннан құйылыпты. Салмағы екi мың килограмм алтын мем- лекет қазынасы болып саналып, үкiмет комиссиясы мезгiл-мезгiл өлшеп, тексерiп тұратын болған. Ал соғыс кезiнде тiптi қажетке де жұмсалып отырыпты.
Парфенон храмында төрт жылда бiр рет ұлан-асыр той өткiзiлiптi. Халық Афина үшiн арнап тiгiлген «пеплос» шапанын мүсiннiң иығына жабу сал- танатына жиылады екен. Парфенон грекше «қыздар бөлмесi» деген сөз.
«Пеплосты» Афины қаласының ең сұлу қыздары қыздар бөлмесiнде төрт жыл бойы тiккендiктен, храм Парфенон аталыпты. Панафея мейрамы атты тойдың төрт жылда бiр өткiзiлуi де осыған байланысты. Парфенондағы ұзындығы жүз алпыс метрлiк «панафея сапары» атты барельефтен1 той ту- ралы көп мағлұматтар алуға болады. Дүниежүзiлiк шедевр аталған бұл ба- рельефке көз жiберсек, көне заманның талай тамаша көрiнiстерiне куә бола аламыз... Киiмдерiн шала-пұла киiп бара жатқан еркектер, астарында атта- ры ойнаған, денесi қару-жарақтарға толы сарбаздар, олива жапырақтарын қолына ұстаған егде азаматтар, той басқарушылар, музыканттар, құрбан малын жетелеген құлдар, ұзын киiмдi бикештер — осының бәрi храмның шығыс жақтауында абызға киiм тапсыру көрiнiсiмен бiтедi. Барельефте жеке адамдардың бейнесi бiрiмен-бiрi байланыста, үлкен қозғалыс үстiнде әрi композициялық бiрлiкте асқан көркемдiк дәрежеде берiлген.
Храмдағы мүсiндер текке қолданылмаған. Олар храмның мазмұнын аша түсуге көмектеседi. Мысалға шығыс фронтонындағы2 мүсiндiк бедердi алайық. Оның мазмұны да Афина құдайына байланысты. Аңыз бойынша, күн сәулеттi Олимп құдайларының атасы Зевстiң бiр күнi қатты басы ауы- рыпты. Ұсталар құдайы Гефест атты ұлы бар екен, соны шақыртып, балта-
1 Көлемі жартылай көрініп тұратын мүсінді бедер
2 Шатырдың үш бұрышты маңдайы мен басын жарғызады. Қақ айырылған торсық шеке iшiнен қолында найза, кеудесiнде қалқан, басында дулығасы бар құдай Афина-Паллада шыға келiп, соғыс Ұранын тастағанда күн күркiреп, жер сiлкiнiптi-мыс дейдi аңыз. Ба- тыс фронтонындағы суретте Афина мен теңiз құдайы Посейдон арасындағы күрес бейнеленедi. Сюжетi дiни болғанымен, бұл үздiк шығармаларда грек өмiрiнiң сол кездегi талас-тартыстарға толы кезеңдерi нақтылы адам бейнелерi арқылы реалистiк түрде берiлген.
Парфенон онша үлкен емес, шатырға дейiнгi биiктiгi қазiргi үш-төрт қабат үйдей. Дегенмен, өзiнiң әсем пропорциясы мен сұлу келбетiне орай зор әсер қалдырады. Грецияда болған бiр жолаушы: «Парфенонды көргеннен кейiн өзiмнен-өзiм алып боп кеттiм, өмiрдегi кiшкене орныма қарамастан әдемiлiк қасиет пайда болды, құлпыра түстiм», — деген екен. Десе дегендей. Парфенонның мүсiнiнде басы артық ештеңе жоқ. Әр бөлшегi лайықты ор- нын тауып, өз қызметiн мейлiнше дұрыс атқарып тұр.
Алдымен Парфенонның тұрған орны тамаша. Ол Афина акрополiнiң қақ ортасында емес, оңтүстiк-шығысындағы көзге оңай түсетiн ең биiк жерге орналасқан. Бұдан архитектордың қағаздағы жобаға ғана қанағаттанбай, өмiрдегi тұрар орнына мұқият көңiл аударғанын көремiз. Француз архитек- торы Виолле ле Дюк: «Парфенонды Парижге апарып орнатсақ, бұлбұлды торға қамағандай болар едiк», — дейдi. Әдiл сөз. Парфенон тiкелей Афина акрополiнiң архитектурасына лайықтап салынған.
Парфенонның бұрыштағы колонналары өзгелермен салыстырғанда жуан. Храмның сымдай түзу боп жасалған бiрде-бiр элементi жоқ, табиғаттың әсем перзентiндей сан қилы. «Неге бұлай?» деген заңды сұрақ туады.
- Мiне, қазiр аспан ашық, күннiң сәулесi мол. Ал ендi бұлақ басындағы жалғыз ағашқа қараңыздаршы, — дедi Асанов. — Күн сәулесi жан-жақтан түсiп тұрғандықтан, ол бiзге жiңiшке сияқты боп көрiнедi. Әдетте күн сәулесi көлемдi «жеп» қояды. Осы жайды жақсы бiлген гректер бұрыштағы колон- наларды жуан қылып жасаған.
Ал храм элементтерiнiң сымдай түзу боп жасалмауын мынадан деп бiлiңiз. Темiр жол торабына қарап тұрсаңыз, екi рельстiң бiрте-бiрте қосылып кететiнiн көресiз. Өмiрде параллель сызық ешқашан да қосылмайды. Бұл жай перспектива1 заңына байланысты. Талдау жасалып отырған әдiстiң қолданылуы — аз көлемдi храмды зор қылып көрсетуден, көрудегi оптикалық
бұрмалануды өз пайдасына шешуден туған.
1 Үйдің және заттардың өмірдегі көрінісі
Гректер Парфенонға дейiн де бұған ұқсас бiрнеше храм салған, бiрақ Парфенонның ерекшелiгi сол — ол әдемi бөлшектердiң жиынтығы емес, тұтас тұлға. Көркем келбетi табиғи заңдылықтан туып, көз тартады.
Ал ендi Рим архитектурасын сөз етсек, оның грек архитектурасынан бас- ты айырмашылығы, римдiктер назарын көбiне храмдарға емес, қоғамдық құрылыстарға аударады. Көлем жағынан алып қылып салып, монументалды құрылыстардың көбiн күйдiрiлген кiрпiштен жасап және бетонды тұңғыш со- лар қолданған.
Күмбез қалаудың небiр қиын қырларын да алғашқы рет римдиктер ойлап тауыпты.
Рим архитектурасының алып перзенттерiнiң бiрi — Флавийлер динас- тиясының 90 мың көрерменге арналған Колизей амфитеатры.
Театр гладиаторлардың өзара, әрi тағы аңдармен шайқасын көрсету үшiн бiздiң дәуiрiмiздiң бiрiншi ғасырында салынған.
Грек театрлары көбiне ойпат жерге орналасқан боп келедi.
Ал Колизейдiң ең биiктегi трибунасын төменгi жақтан бағаналар қатары көтерiп тұр. Сол себептi ол сырттан қараған адамға алып және төрт қабатты болып көрiнедi.
Эллипс формалы амфитеатрдың сексен есiгi бар. Құлиеленушiлер кiретiн есiк жеке-дара. Гладиаторлардың да есiгi көпшiлiктен бөлек.
Отыратын орындар құлиеленушi замандағы таптық әрi жыныстық белгi- ге сай бөлiнген. Қауiпсiз болатындай етiп қоршалған, ойын жақсы көрiнетiн, аренаға1 жақын жерден император мен сенаторлар орын алады. Одан жоғары- да — қала халқы, ақырғы төртiншi қабатта әйелдер отыратын болған. Шатыр үстiнде жүрген құлдар да аренадағы қанды шайқасқа төбеден үңiледi екен.
Осы үлкен құрылыстан рим архитектурасының ең басты кемiстiгiн де жеңiл аңғаруға болады.
Грек архитектурасында архитектуралық элементтер бiр нәрсенi көтерiп, жұмыс атқарып тұрса, Колизейде ордерлiк жүйе тек сәндiк үшiн пайдала- нылып тұр. Грек храмдарынан колоннаны алып тастаса, оның төбесi жер- ге құлап түсер едi. Ол храмдарда колонналар әрi сұлулық, әрi берiктiк үшiн қолданылған.
Ал Колизейдегi әлемiштi сыпырып тастасақ, одан құрылыс құламайды, тек сиықсыз өңiн көрер едiңiз.
1 Көне Римдегі цирк және амфитеатрдың гладиаторлар шайқасатын, болмаса спорт ойындарын өткізетін алаң
Колизей аренасының астындағы бiрнеше қабатты лабиринтте1 хайуан- дар қамайтын, гладиаторлар тұратын бөлмелер болған. Амфитеатр мыңдаған адамның кедергiсiз кiрiп-шығуын, әрi ойынды жақсы көруiн, демалуын қамтамасыз ететiндей етiп жасалған.
Константинопольдегi Ая-София шiркеуi де — Византия империясының үздiк шыққан туындысы, ол 532–537 жылдар аралығында архитекторлар Анфемий мен Исидордың жобасымен салынған.
Егер мешiтке (бұрын шiркеу болған) үстiнен қарайтын болсақ, ол төрт бұрышты болып көрiнедi. Дәл ортада диаметрi отыз үш метр күмбездi зал. Бұл үлкен залға шығыс және батыс жақтан жартылай күмбезбен жабылған бөлмелер жалғасып, тұтасып кетедi. Бiр жазушы Ая-Софияны алғаш көргенде таңғалып: «Жоқ, мұның күмбезi қабырғаға сүйенiп тұрған жоқ, алтын бау- мен көктен салбырап тұр», — деген екен.
Шiркеудiң iшi түрлi түстi мрамор тастармен қапталып, алтын жалатылған, бiраз жерiнде көк түстi фонға мозайкадан (түрлi түстi тастардан) әдемi өрнектер салынған. Өкiнiштi бiр жай — шiркеу бертiнде мешiтке айналған кезде, бұл ғажайып суреттердiң бәрi жоқ болып кеткен.
Готика стилiн2 Еуропаға тұңғыш ала келген — Париждегi Нотр-Дам (құдай-ананың) соборы3.
Мұның құрылысы баяғы Египет храмдарындай адамды жаныштап, еңсесiн түсiрмейдi. Барлық құрылысынан үлкен жеңiлдiк байқалады. Тiптi ауыр тастың өзi таспаша иiрiлiп тұрғандай.
Нотр-Дам 150 жыл салынған, сондықтан оның келбетiнде әр уақыттың қалдырған iздерi бар.
Енi кең үлкен баспалдақ сүйiр төбе, әдемi үш есiкке алып келедi. Есiктiң екi жағындағы пьедесталдарда (тұғырларда) әулиелер бейнеленген, есiктiң үстiнде собордың кәмәр белбеуiне ұқсас қаз-қатар тұрған жиырма король- дiң мүсiнi бар. Одан жоғарыда түрлi түстi әйнектен құралып жарқ-жұрқ еткен
«раушан» деп аталатын үлкен дөңгелек терезе. Собордың соңғы қабатында нәзiк колонналары бар жеңiл галерея. Бұл галереядан адам күнәсiнiң айғағы есептелетiн жылан бас, аққу мойын, жарғанаттай қанаты бар «химера» атты кереметтер төмен қарап тұр.
2 ХІІ–ХV ғасырларда Батыс Еуропада кең таралған өнер бағыты. Сәулеті нәзік болып келеді1 Грек мифологиясының Крит аралында бопты дейтін бөлмелері шым-шытырық орналасқан құрылыс
3 Қаланың ең басты дін орны
Әрине, сiздер Виктор Гюгоның «Париждегi Құдай-ана соборы» рома- нын оқыған шығарсыздар, ол собор, мiне, осы Нотр-Дам. Гюгоның сипатта- уын келтiрiп, собор жайындағы сөздi аяқтағым келедi: «Бұл таспен жазылған симфония секiлдi ғажайып шығарма «Илиада» мен «Романсероға» бауыр- лас, тұтас әрi күрделi, жеке адамдiкi әрi халықтiкi, жұмысшы қиялының сан қыры әрбiр тастың ұшқынынан көрiнiп, суреткердiң данышпандығымен сұрыпталған — бүкiл дәуiр күштерiнiң тоғысқан тамаша нәтижесi, бiр сөзбен айтқанда, бұл адам қолынан туған ұлылық әрi жомарттық».
Көк күмбездi Көр-Әмiр мешiтiн Ақсақ Темiр 1404 жылы салғызыпты. Тарихшы Шереф эд-Дин Али Езди өзiнiң «Зефер намэ» («Ұлы жеңiстер») кiтабында бұл ғимараттың Темiрдiң сүйiктi немересi, әрi мұрагерi Мұхаммед Сұлтан үшiн салынғанын айтады. Ол: «Күмбездiң кеудесi мәрмәрдан жаса- лып, алтын және түрлi жылтыр тастармен безендiрiлдi. «Ханзаданың денесi iшiндегi қуысқа жерлендi», — деп жазады. Соңынан Ақсақ Темiр де осы мешiтке қойылған соң, Көр-Әмiр (Әмiрдiң көрi) аталып кеткен.
Ғимарат әрi мешiт, әрi мазар. Жобасын қарасаңыз, iшкi периметрi төрт бұрыш та, сырты сегiз қырлы. Ая-София шiркеуi сияқты күрделi емес. Тұл- ғасы айқын, түсiнiктi. Мешiтке кiрер есiк солтүстiкте. Ертеректе мешiттiң екi жағында дөңгелек формалы мұнаралары болған. Ұлықбек мешiтке қосымша құрылыстар салғызыпты. Мешiт пен мұнаралардың арасын үлкен қабырғамен қосып (онда шәкiрттер тұратын бөлмелер болса керек), көз тартар қақпасы бар тамаша аула жасатқан.
Оларды Ұлықбек «Бедiу-iз-заман» деп, яғни «замананың сұлу тұлғасы» деп атапты.
Көр-Әмiрдiң сыртқы, iшкi сымбаты өзгеше. Түрлi мәрмәрден салынған нақыш бұйымдар, бояуының берiктiк қасиетi әлi күнге дейiн зерттелiп болмаған каллиграфиялық1 жазу аралас өрнектер — бәрi де жүрек тебiрен- тедi. Күмбездiң iшкi биiктiгi 22,5 метр, сыртқы биiктiгi 34 метр.
Тұңғыш ғалымымыз Шоқан Уәлиханов бiр кездегi шығыста ең мәде- ниеттi ел болған Мавераннахрды айта келiп, Самарқандағы, Ташкенттегi, Ферғанадағы, Хиуадағы, т.б. бай кiтапханалардың жоқ боп кеткенiн, тiптi Самарқандағы обсерваторияның татар вандализмi мен бұхар инкви- зициясының қанды тырнағынан құрығанын өкiнiшпен еске алады ғой. Қазiр археологтардың еңбектерiне сүйене отырып, аталған құрылыстарды көз алдымызға келтiруге болады. Мысалы, Ұлықбек обсерваториясы дөңгелек формалы болған. Ол тек бiлiм бесiгi болып қоймай, iшiне сырты сай сәулеттi де екен.
Сiздер менiң тек храм, шiркеу, мешiттi ғана айтып жатқаныма таңғал- маңыздар. Өткен ғасырларда бұқара халықтың қамын көп ешкiм ойламаған ғой. Құрылыстың көбi билеушi топтардың атымен байланысты келедi де, әмiрiн жүргiзушi император не хан өзiнiң атын қалдыру үшiн, тiптi өлгеннен кейiн де үстемдiк етемiн деген оймен зәулiм сарайлар салғызып кеткен. Әйт- се де бұл шығармалардың таңғажайып шебер, қиялы бай, үлкен суреткердiң қолынан туғанын көремiз. Көремiз де сүйсiнемiз, жанымыз ләззат табады.
Үндістан архитектурасының ғаламаты Тәж-Махалды салуға дүниенiң түкпiр-түкпiрiнен келген жиырма мың адам жиырма төрт жыл еңбектен- ген. Бұлардың iшiнде Дели қаласынан келген шебер Гандахар-и-Мультан, Константинополь күмбезшiсi Измаил хан Руми, француздың Бордо қаласы- нан мозаика шеберi Остен, Бағдаттың каллиграфистерi, Бұхараның зергер- лерi, тағы басқалары бар. Бәрiн Үндістанның ұлы архитекторы Мұхаммед ұста — Иса басқарған. Мұхтар Әуезов бұл туындыны «Индия очерк- терiнде» былай суреттейдi, — деп Асанов қойын кiтапшасына үңiлдi.
«Аграның бүкiл дүниеге мәлiм ғажайып ескерткiшi бар. Оны ұлы моғол- дар патшасының бiрi Шахижан салдырған. «Тәж-Махал» атты («сарайлар тәжiсi») әрi мазар, әрi мешiт, ғажайып күмбез. Шахижан патша бұл күмбез мешiттi, таңғажайып мазарды өзiнiң сүйiктi ханымы Мүмтазбегiмге арнап салдырған...»
Мұқаңның сөз қылып отырған мазары 1650 жылы салынып бiткен. Ма- зар төрт бұрышында тұрт мұнарасы бар, биiктiгi жетi метр тас террасаға (тұғырға) орналасқан. Террасадан бастап, мазардың ұшар басына дейiнгi биiктiгi 57 метр, күмбезi тек қана ақ мәрмәрдан қаланған. Тәж-Махал пропорциясының1 әдемiлiгiмен, формаларының көзге жеңiл көрiнуiмен таңдандырады. Күмбезi адам сүйсiнерлiк. Ол туралы «көк күмбезiне қонақ- таған ақша бұлт» деп Үндістанда тегiн айтпайды. Қазiргi Үндістанда осы мазардың қабырғасына шығыстың ұлы адамдарының атын жазатын дәстүр бар екен. Солардың iшiнде марқұм қазақ халқының ұлы перзентi Мұхтар есiмi болғандығы бiз үшiн зор мақтаныш.
Көп елдерде, көп жерлерде болып қайттық, бiрақ дүниенiң бар түкпiрiн түгел аралаған жоқпыз. Америка архитектурасы, Жапония және Қытайдың
1 Әр бөліктің өзара сәнді байланысы
ғасырлар тұңғиығына бойлаған соны құрылыстары ерекше тақырып. Олар- ды қысқа әңгiме қылып айта салу қиын. Әңгiменiң соңында сан алуан сәндi сарайлары бар, мақтан етер туындылары көп Ленинградқа соқпай кетуге болмайды.
Ленинградтағы Исаак соборы — орыс классицизмiнiң1 Ұлы ескерт- кiштерiнiң бiрi. Авторы архитектор О. Монферан. Исаак соборының ал- тын күмбездi силуэтi Ленин қаласының сәндi бiр бөлiгi. Собордағы саны жүз елуден асатын мозаика, рельеф, роспись, статуялар ескерткiшке тiл бiтiрiп, шежiрешiдей сыр шертедi. Исаакты безендiруге сол дәуiрдiң атақты суретшiлерi мен мүсiншiлерi қатысқан. Олар: К. Брюллов, П. Клодт, П. Басин, тағы басқалар. Соңғының «Александр Невскийдiң шведтермен айқасы» деген суретi күнi бүгiнге дейiн көз тартады. Невскийдiң тұлғасынан ержүректiлiктi, батырлықты, Отанына деген патриотизм мен жауына деген өшпендiлiктi аңғарамыз. Шiркеу басшыларының собордағы суреттердiң дiни тақырыпқа салынуын талап еткенiне қарамастан, бiрсыпыра шығарма реалистiк планда жасалған. Скульптор И. Витали өзiнiң жасаған мүсiндерiнде болған адамдарды көрсетуге, замандастарын бейнелеуге тырысады. Мыса- лы, ол батыс фронтонда соборды салу комиссиясының председателi, князь П. Волконскийдi және сурет академиясының президентi А. Олениндi бей- нелеген. Сол сияқты салмағы жиырма тонналық iштегi қола есiкте елу бес мүсiн бар. Скульптор солардың бiрiнде «Александр Невскийдiң денесiн Пе- тербургке әкеле жатқан Петр бiрiншi» деген барельефтi шебер орындаған.
Сәулет өнерiнiң орынды мақтанышы болған собор мыңдаған орыс жұмысшыларының терiмен, қанымен салыныпты. Сол кездегi архив мате- риалдарын қарап отырсақ, сонау ертедегi Хуфу патшаның тұсындағыдай, собор салушылардың қырық жыл бойы тiзе бүкпей, сағат таңертегi төрттен кешкi тоғызға дейiн жұмыс iстегенiн көремiз. Олар үшiн мейрам не демалыс болмаған. Тұратын казармалары дымқыл, салқын боп, адамның көптiгiнен онда ауық-ауық ауру пайда болып отырған. Жұмысшылар арасында өлiм- жiтiм көп болған. Подрядчиктер жұмысшы жалақысының жартысын жеп қана қоймай, қалғанын уағында бермей дiңкелерiн құртыпты. Жұмыс тәртiбiнiң қаттылығы сол, сәл кiнәлi болғандарды аяусыз зәбiрлеуге дейiн барған.
1 Феодализмнен капитализмге ауысар кезде (ХVII-ХІХ ғғ.) Россияда өріс алған өнердің бағыты. Орыс классицизміне гректердің ордерлік жүйесіне еліктеушілік тән
Суретшiлердiң де жағдайы онша болмапты. Қабырғаны сылаудың сапа- сы нашар болғандықтан, жиырма бес картина бүлiнiп қалыпты. Суреттер- дiң он үшi профессор Басиндiкi екен. Ол қайта салып шықса, еңбегiне ақша төлемептi. Ұлы суретшi Карл Брюлловтың да еңбегiне нұқсан келiп отыр- ған. Өнердiң иісi мұрнына бармайтын Николай патша 1843 жылы Брюл- ловтың жиырма екi эскизiн жаратпай тастапты да, нашар суретшiлердi есiре мақтапты.
Мiне, осындай қиындықтарға қарамай, орыс өнер қайраткерлерi сәулеттi туынды бердi.
Ленинград дүниеге атағы әйгiлi сәулеттi қалалардың бiрi болса, оның ар- хитектурасын Адмиралтей бас мұнарасынсыз көзге елестету қиын. Адми- ралтей үйi Лениградтың теңiзге қараған салтанатты қақпасы сияқты. Ол ұзындығы төрт жүз метр, енi жүз алпыс үш метр боп қаз-қатар салынған екi корпустан тұрады. Бұлардың арасындағы екi қанатының бiрi Қысқы сарайға, екiншiсi Петр монументiне, ал аула жақтағы бетi Неваға қараған. Үйдiң бас мұнарасы ансамбльге тұтқа, айналасына арқау боп тұр. Архи- тектор Адриан Захаровтың бұл туындысы өзiнiң әр алуан сұлу келбетiмен адамға қуаныш әкеледi. Тiптi оны мүсiншiнiң қолынан құйылған скульптура деуге де болады. Кiреберiсте көк күмбезiн көтерiп тұрған теңiз нимфалары (аңыз кейiпкерлерi) қарсы алады. Аркадан жоғарыда қанатты перiштелер орыс гербiнiң үстiнен жеңiс туын желбiретiп тұр. Аттиктегi1 мүсiншi И. Теребеневтiң «Россияда теңiз флотының пайда болуы» деген барельефi тарих беттерi тәрiздi. Аттиктiң бұрышындағы мүсiншi Ф. Щедрин салған са- уыт-сайманды батырлар Россияға қауiп төнсе, дереу шайқасқа аттануға дай- ын тұрғандай. Әр колоннаның үстiнде тұрған мүсiндер Ленинград панора- масына сүйсiне қарап тамашалап қалғандай... — дедi Асанов.
Бұл кезде күн әжептәуiр еңкейiп қалған едi. Тал түсте дүниенiң бәрi бiртұ- тас көрiнсе, ендi әр нәрсе өз бояуымен анықтала бастады. Күн еңкейген сайын жол үстiндегi мазардың кiрпiштерi қызара түстi, барлық өрнек нақыштары түрлi түске бөленiп сәуле шашты.
Асановтың әңгiмесiн бәрi де ықыласпен тыңдады. Бейсен қарт үлкен қызы Аққудың әңгiменi аса ынтыға тыңдағанын байқаған соң, жүретiн мезгiл тақалса да, асыққан жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter