26.02.2022
  202


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Қара алтын астанасы

«Қарағанды — үшінші алып көмірлі, Гүлднендіріп, нұрға малып өмірді, Тілегі бір, жүрегі бір миллион күш


Кен шығарып зор майданда өндірді», —


деген Исаның жадымда жатталып қалған өлең шумақтары Қарағанды көше- сін алғаш аттағанда еріксіз көңіліме оралады.


«Үшінші алып», «миллион күш» «нұрлы өімір» деген сөздер миыма орныққандығы сондай, көзім түскен дүниеден, қала тұрғындарының әңгі- мелерінен және басқа жайттардан де осы сөздердің өмірдегі баламасын іздегендей боламын.


Аспанда шөкімдей де бұлт жоқ. Күн жарқырап шығып тұрса да, июнь айының туып қалғанына қарамай әуе салқын. Солтүстіктің ызғырық желі Алматының шуақ күндеріне үйренген бізге ерегісе түскендей — қойны- қонышыңа кіріп, құлағыңа уілдейді. Көшеге ағаштар егілген. Бірақ Қа- зақстанның оңтүстік қалаларында зәулім теректер үйлерден бойын асы- рып, төніп тұрса, мұнда керісінше, аласа ағаштар үйлердің биіктігін сыза көрсеткендей.



  • Шіркін-ай, осы көктің арасынан алыстан көзге шалынып, қол бұлғап шақырып тұратын қалаларыңызда жақсы қонақ үй болса ғой, әлде қонақтарға онша қарамайсыздар ма, — деп әзіл қаттым қасымдағы жол- дасым қарағандылық инженер Асқар Сейдалинге. Келген күні қонақ үйде Алматыдан ТЮЗ коллективі, Тбилисиден футболистер, тағы басқа жолау- шылар көп болып, орын болмай, Асқардың үйіне түскен едім.

  • Біздің үй жайсыз болды ма? — деді ол күліп. Асқардың үш бөлмелі, ван- насы, суы бар тамаша пәтері, жаңа ғана қоштасып шыққан мейманшыл ана- сы мен жолдасы Рая көз алдыма қайтадан келді. Кішкентай қызы Сәулештің:


«Шөт аға, біздің үйге тағы да келіңіз, күтеміз» деген сөздері есіме түсіп:


«О не дегенің, құрметтеріңе рақмет, тек жайлы тұрғын Қарағандының басқа қонақтары үшін де болсын дегенім ғой», — деп ойымды анықтадым.


Ғабиттің «Оянған өлкесі», Ғабиденнің «Қарағандысы» мен Әлжап- пардың «Жас түлектері» арқылы және радио, газет беттерінен де талай аралаған Қарағанды тұңғыш келгеніме қарамай, маған өгей емес. Бірақ өз көзіңмен көргенге не жетсін? Оның үстіне жазушының көзқарасы мен архитектордың көзқарасы екі бөлек те. Менің назар аударғаным Қарағанды архитектурасы болды.


Біз Ленин проспектісі арқылы, Орталыққа, облыстық архитекторға келе жатырмыз. Көшенің екі жағында сап түзеген солдаттардай тізілген биік ша- тырлы екі қабат тұрғын үйлердің қатары көз ұшында «Родина» кинотеат- рына тіреліп тұр. Бұл көріністерден маған бір кезде архитектурада жіберіл- ген елулі кемшіліктердің бірі байқалды.


Ленинградтағы атақты Нева проспектісін кім білмейді. Архитектор Во- ронихиннің Қазан соборы, Россидің Драма театры, Аничков көпірі сияқты адамдарды тебірентіп, сан алуан сезім қалдыратын ансамбльдері бар прос- пект сәулетті Адмирал күмбезіне апарады. Жүрген сайын алған әсерің түрленіп, үсті-үстіне байып отырады. Ал жоғарыда келтірген жай осыған жалаң еліктеушілік, оқтай атылып, екі жағы біркелкі қақталған көшенің орнына, күннің көзінің түсуін ескеріп Қарағандының қатты желіне төтеп беретіндей аулалары бар, жер қыртысының ерекшеліктерін дұрыс пайдала- натындай үйлерді неге салмасқа?


Мәдени тұрмыс қажетін өтейтін орындары бар тұрғын үйлер микро- аудандарын жасауға үйлерді көше қуалай, тізбектеп салу тіптен мүмкіндік бермейді. Ұзын бір көшені, көшенің шар басындағы архитектуралық көлемге бағындыру деген ұғым тарихи мысалдарды сын көзбен пайдалан- бау белгісі. «Бұл жақта жер сілкінбейді, ал үйлерді неге аз қабатты қылып салады екен?» деген сұрағыма жолдасым қаланың оңтүстік жағында салы- нып жақан көп қатарлы үйлерге меңзеді.



  • Мына көшемен барып Бейібітшілік бульварына түсесің, онымен сәл жоғары көтерілсең, оң жағыңда архитектуралық басқарма кездеседі. Сұ- райтыным, қаланы көріп алмай, асығыс қорытынды жасама, — деп Асқар қош айтысып, өз жұмысымен кетті. Сөздері маған шұғыл естігенмен одан өз қаласына деген зор мақтаныш, үлкен жылылықты аңғарғандай болдық.


Қандай қаланы алсаңыз да ол қоғам тұрмысының айнасы секілді. Мысалы, Нью-Йорк, Лос-Анжелес, Вашингтон қалаларында неге халықтың көпшілігі күннің көзі түспейтін, дымқыл, қараңғы трущобаларда тұрады? Себебі, әрбір капиталист «менің жерім» деп тас кенедей жабысып отырған қалаларда халықтың мұң-мұқтажы, мүддесіне орай кең масштабта құрылыс- тар салуға мүмкіншілік жоқ.


 


 


Біздің Отанымыз коммунистік партияның басшылығы мен совет үкі- метінің қамқорлығы арқасында, жыл сайын салынатын тұрғын пәтердің саны жағынан бірінші орынға шықты. Советтік қалаларға тән ортақ қасиет — жаңа құрылыс алаңдары.


Архитектуралық басқармада Қарағандының құрылысымен, келешектегі даму ерекшеліктермен толық табыстық. Бірнеше күн ішінде түрлі құ- рылыстарда: тұрғын үйлерде, мектептерде болып, пайдаланушы азамат- тардың пікірлерін білдік.


Қарағанды — келешегі зор қала. 1980 жылдың өзінде 72 мың шаршы метрге жақын пәтер пайдалануға берілмекші. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес, басты кемшілігі — қаланың 69 проценті бір қабатты. Кең жайылып кеткен қала жерді үнемдеуге мүмкіндік бермеді, канализация, су жүргізу жүйелерін ұзаққа созып, қымбатқа түсіреді.


Біздің ұғуымызша, қала — тұтас тұлға. Оның өзара тығыз байланыс- ты бірнеше мүшелері бар: өндіріс және тұрғын үйлер аудандары, әр түрлі қоймалар орналасатын жерлер, транспорт пен инженерлік жүйе мәселелері, бау-бақшаны егу — бәрі де дұрыс орналастыру мен ұтымды шешімді керек қылады.


Қарағандыны алсақ, оның кейбір аудандарының өндірістік көмір шы- ғаратын жердің үстінде жатуы, канализацияландыру мен су жабдығының кемістігі жоғарыдағы жайттарға әуел бастан-ақ көңіл бөлінбегенін аңғартады.


Екінші кемшілік, құрлыc алаңдарының бытыраңқы болуы. Әр жерде са- лынып жатқан үйлер құрылыс салудың алдыңғы қатардағы әдістерін еркін игеруге жағдай туғызбайды.


Пайдаланудағы үлгі-жобалардың көп болуы да құрылысқа бөгет. Мысалы, кішкене метражды үйлер қазіргі кезде еліміздің барлық жерінде де салына- ды. Оның ескі үлгі-жобалардан айырмашылығы, бөлмелерінің шағындығы мен биктігінің 2,5 метр болуы. Бұл үлгі-жоба бойынша салынған пәтерлер, бұрынғы үлгі-жобалармен салыстырғанда құрылыстың құнын 35-40 про- цент, ал тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнын 12-14 процент кемітеді. Онымен бірге конструкция салмағының азайып, құрастырмалық қасиетінің өсуіне, сайып келгенде, үйлердің тезірек салынуына жағдай туғызады. Осы үлгі-жобалармен 59-жылғы салынған үйлердің көлемі отыз-ақ процент. Сеібебі, ескі үлгі-жобалар бойынша фундаменті ертеректе қаланған үйлердің салынуы жылдан-жылға созылып, олардың сыбағалы салмағының, демек түрлерінің көбеюіне ықпал етіп, үнемді құрылысқа кедергі болып отыр. Ірі панельден жасалатын үйлердің көлемі де әзірге аз. Құрылысты салудың сапасында да кемістіктер мол. Сылау, майлау, өңдеу жұмыстарын еске алмағанның өзінде, дәретханасы, су проводы жұмыс істемей, сәкілерінен жел гулеп тұратын үйлер де кездеседі. Кіші көлемдегі мебельдердің сатылмауы, кішкене метражды үйлердің құнын түсіріп, тұтынушыларды қолайсыз жағдайларға ұшыратып жүр. Кіші метражды пәтер санаулы адамы бар бір ғана семья үшін арналған, ал оны екі семьяға беру де үйдің пайдалану сапасын кемітеді.


Қарағандыда күн сайын үйлер іске қосылып, қоныстанушылардың тойла- ры тойға ұласуда.


Көптің бірі, менің досым Дина Абдрахманова да жақында пәтер алды. Қара торы келген дөңгележ жүзді, өжет мінезді Дина, тыныштықты сүйетін жан емес, қайнаған өмірдің ортасында жүреді. Міне, ол Қазақстан Магнит- касына командировкаға дайындалып жатыр. Динаның жаңа пәтерінің балко- нынан үлкен өмірдің татымды бір бөлшегі көз тартады.


...Салынып біткен айнадай кең терезелі зәулім үйлермен қатар, темірден, тақтайлардан құрсау киініп жатқан жаңа құрылыс. Индустриалды әдістің қарағандылық тұңғыш перзенті. Ірі панельді үйлер де «аяғын өздігінен басуға» жақындап қалыпты. Мұнаралы ұзын бойлы крандар үздіксіз жұмыс істеп, балапандарының аузына жем салып тұрған алып құсты елестетеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу