Әңгімелер ✍️
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТАДИОН
Республикамыздың астанасы — күннен-күнге гүлденіп, өсіп келе жатқан қала. Оның көркіне Оңтүстік жағындағы әсем табиғатты Алатау мен кө- шелерінде бой түзей өскен теректер өң бере түскендей. Егер аспан биігіне көз тастасаңыз, ол жасыл көрпеге оранып жатқан арудай көзге түседі. Мұның үстіне, кең өріс алған құрылыс жұмыстары, жаңа салынған үйлер архитекту- расы да қаланың бай табиғат құбылыстарымен үндесіп, ерекше бір бейне береді.
Жуырда ғана пайдалануға берілген Қазақ ССР Ғылым академиясының үйі, соңғы бедерлері жүргізіліп жатқан Үкімет үйі, орталықта салынып жатқан ірі тұрғын үйлер — Алматы көшесіне ерекше сән беріп тұрған құрылыстар. Осындай құрылыстың бірі — Республикалық стадион. Оның жобасының авторлары қазақтың жас архитекторы Адамбек Қанапов, архитектор А. Я. Коссов және инженер Г. Константинов. Стадион айнала- сына салынатын он шақты түрлі спорт алаңымен бірге, солтүстігінде уни- верситет, батысында Гончарная, оңтүстігінде Бас арық, шығысында ұйғыр көшелерімен шеңберлескен 22 гектар шаршы алаңды алып жатыр. Міне, осы алаңның ортасында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан стадионның өзі бар. 30 мың адам отыруға арналған стадион оңтүстікке қарай көлбей беретін ойыс жерге салынған. Осы себептен де оның күнгей жағы бір қабатты да, теріскей жағы екі қабатты. Екі қақпасы да осы екі жағында. Бұған қаланың Мечников көшесі де тура барып тіреледі. Одан басқа стадионның тұлғалық ансамбліне өзінше түр бермесе, көзге сөлекет көрінбейтін тағы төрт қақпа бар.
Әдеттегі стадиондардай бұл стадионның трибуналарының алды бос қуыс емес, теннис, шахмат, сайысу, күрес, бокс, штанга, қонақ жай, кино
залы, почта, телеграф, стадион дирекциясы, ресторан, душ және спорт- шылардың демалып, киініп-шешінетін орындарына арналған бөлмелер салынған.
Стадионның кассалары Мечников, Ұйғыр, Университет көшелеріне ста- дион алаңына кіреберіске орналасқан.
Стадионның әуесқойлар отыратын орындығы футбол алаңынан баста- лып биік шетке дейін сатылай көтеріле береді. Стадионда аренада болып жатқан ойынды көруге қиындық түсірерліктей алыс бұрыш жоқ. Қай жеріне болсын ойын барысы бірден көрінеді. Батыс және шығыс трибуналардың етегінен басталып футбол алаңына дейін орақша иіле — үңілдіре салынған қосымша екі трибуна тағы бар. Бұл стадионға әуесқойлардың неғұрлым көбірек сыюын қамтамасыз етеді.
Үкімет мүшелеріне арнап батыс трибунаның ең биігінен балкон салынған. Репортаж жүргізушілер де осында орналасады. Жүріп жатқан ойынның есебін әуесқойлар оңтүстік трибунадан да көріп отырады.
Стадионның сырты Алматының табиғи түсімен үндес көгілдір плитка- лармен қапталып, қабаттар мен терезе қабаттары, карнизге қазақтың ұлттық ою-өрнектері жүргізілген. Сол сияқты стадионның ең биігіне орнатылған қалқанға қазақтың кереге көз оюы жасалған. Бұл айтылғандар стадионға ерекше ұлттық түр беріп тұрады. Сонымен бірге, стадионға орталық жылу, су құбыры, электр жарығы тартылып, аренада жүріп жатқан спорт ойында- рын түсіру үшін кино мен телевидение аппаратарына да қолайлылық жағы да ескерілген.
Осы жазда республика жұртшылығының ұсынылайын деп отырған ста- дион республиканың спорт мәдениетінің қай түрінен болсын қаулап өсіп, өрістеуіне зор себепкер болмақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter