26.02.2022
  235


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

ҮШ ХАТ

Менің әкем Ыдырыстың әкесі Әбілмақыжан — Шоқанның екінші інісі. Шешесі Зейнеп еркелетіп Мақы атап кеткен. Мақының Ыдырыс, Қасым, Садуақас атты үш ұлы, Ажар, Әсмә, Шәйдә, Қалима, Зура атты бес қызы болған. Құдайға шүкір, Қалима бұл күнде де тірі, атамекеніміз Көкше жерін- де тұрады.


Ыдырыс Троицк қаласында Медресе Расулияны бітіріп, өле-өлгенше балаларды оқытты. Белгілі ғалым Есмағамбет Ысмаилов, атақты ақын Жұ-


 


 


мағали Сайын әкемнің шәкірттері еді. Көзкөрген қариялар, ауылдастар күні бүгінге дейін мені «мұғалімнің баласы» дейді.


Шешем Нәубәт Сұлтанмұратқызы Сәмеке ханнан тараған аты әйгілі Қоңырқұлжаның Әбділдә деген баласының немересі.


Ата-анамның балалары тұрмай он екісі қайтыс болған екен. 1925 жылы бір ұл туыпты, ырым қылып атын Тұрсын қойыпты. Анамның емшегін еміз- бей, ағайындар алып кетіп асырапты. Бала ержетеді, ел-жұртқа қабілетін, талантын танытады. Белгілі ғалым Евней Бөкетов екеуі дос болады. Әттең, үлкен үміт күткізіп жүрген жігіт қыршын жаста — жиырма екіге толған шағында жіңішке аурудан дүние салады. Мұны егжей-тегжейлі айтып жат- қаным, Сәбит Мұқановтың әкеме жазған хаты (1-хат) осыған байланысты еді. Менің Шот-Аман аталуым да тегін емес. Кіндігімді жетім балаға шотпен кескізіп, жаялығымды отыз әйелдің етегінің астынан өткізіп, осы бала аман қалсын деп атымды «Шот-Аман» қойған екен, кейін Шота болып кеттік. Халықтың ескі ұғымы бойынша, Ажал бір әйелдің баласын алуға дағдылан- са, бала туарда келеді де тұрады екен. Отыз әйел баланың кімнен туғанын


білдірмей, Ажалды алдаудың, адастырудың амалы екен ғой.


Тұрсын қайтыс болғаннан кейін, әкем менің тағдырымды көп ойлайды, Алматыға әкеліп оқытпақшы болады. Көп адаммен ақылдасады, соның бірі — Сәбит Мұқанов.


Сәбең жазған жауабында Шоқан туралы көп сөз қозғайды, оның тарих- та алатын орны туралы айтады, келешекте көлемді шығарма жазу ниетімен бөліседі. Шынымды айтсам, осы бір хат шоқантануда маған көп арқау болды. Әкемнің маған берген бір тағылымы бүгінге дейін есімде. Мектептің ауласында ойнап жүріп бір баламен күрескенде астына түсіп қалыппын, мұны көрген әкем құлағымнан ұстап тұрғызды да: «Білегі мықты бірді жы- ғады, білімі мықты мыңды жығады» мұндай сұмдықты маған енді қайтып


көрсетпе», — деп зекіген еді. «Жығылғаным» маған өмірлік сабақ болды. 1950 жылы орта мектепті бітірдім. Әрі қарай оқуды жалғастыру ниеті-


мен ағам Тұрсынның досы, келешек академик Евней Арыстанұлы Бөкетовке хат жаздым, ол кезде студент болатын. Маған жазған хатында (2-хат), ол кісі үлкен қамқорлық танытты, тәжірибесімен бөлісті, көптеген ақыл-кеңес беріп, дұрыс жол сілтеді. Кейін туған ағамдай болып, рухани тірегіме ай- налды.


Үшінші хатты маған профессор Ишанбай Қарақұлов жазған еді. Ол кісі әзілқой, қуақы, сөз тапқыш, жүрген жері той-думан адам болатын. «Ишекең


 


 


айтты» деген хикаяттар халық арасында кең тараған. Мен өзім де біразы- на куә болдым. Маған Ишекеңнің аз-маз туыстығы болды. Менің әйелім Зинаханның әкесі Кәрім Әсенов Ишекеңнің немере ағасы еді, сондықтан мені «күйеу», балаларымды «жиен» деп танитын.


Бір жылы Ишекең қатты ауырып жатыр деген соң, үйіне телефон соқтым, трубканы өзі көтерді:



  • Қалыңыз қалай, қайынаға, сырқат деп естіген соң...

  • Несін сұрайсың, хал нашар, тез жет. Көрінбей қайда жүрсің?

  • Қазір келемін.

  • Тоқта, тоқта! Бір жарты ала кел...


Нанарымды, нанбасымды білмей, жүрегімді қолыма ұстап, шөлмек қалтада, үйіне жетіп бардым.


Келсем, Ишекең түкпірдегі бөлмеде төсек тартып жатыр екен. Мен кел- ген соң, Надежда Кузьминичнаға төсекті залға шығар деген тілек білдірді. Екеулеп көшірдік. Жеңгей жеңіл-желпі дастархан жасап, өзі шай қоюға кет- кен кезде Ишекең:



  • Өзің әкелгеннен екеуімізге құй! — деді. Бұл тілек екі-үш рет қайталан- ды. Жеңгей асханадан қайтып келгенде, Ишекең төсектен басын көтеріп менімен шахмат ойнауға кіріскен еді, ағайды көріп: «Ишанбай, какой ты красный», — дегені.


Ишекең қысылған жоқ, шімірікпестен: «Я же волнуюсь, ведь Шота при- шел. Наденька, не беспокойся!» — деді.


Ишекең қатты ауырып жүргенде де ештеңені сездірмеуші еді. Көңілін сұрауға келгеннің өзінде, бәрін ұмыттырып әңгімені тың арнаға бұратын мұндай оптимист адамды өмірде сирек кездестірдім. Ишекең қайтыс бола- рынан үш күн бұрын кіріп шыққан едім, айтқан әзіл сөзі мәңгі есімде қалды.



  • Шөке, — деп бастады әңгімесін, бұрын мені олай демеуші еді, — ажалдың да төбесі көрініп қалды-ау деймін.

  • Тек, о не дегеніңіз, ол пәленің ауылы сіз үшін әлі алыс қой, — дедім мен. Айтуын айтсам да, көңілім секем тартты. Ишекең сөзін әрі жалғастырды.

  • Мен өлімнен қорықпаймын, асарымды асап, жасарымды жасаған адам- мын. Бірақ, бір нәрсеге өкінем. Мына жеңгеңнің ішінде (бұл кезде Ише- кең екінші жеңгейді алған болатын — Ш. У.) бала қалып бара жатыр, соны көзіммен көріп, тәрбиелеп өсіре алмай барамын (Жеңгейдің алпыстағы жасы есіме түсіп, мырс етіп күлдім.) Неге күлесің? Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.


 


 


«Орнында бар оңалады» дейді қазақ. Сен бізге күйеу емес ұл боп кеттің, Іштегі баланы саған аманат қылып тапсырмақ ойым бар. Өсір, тәрбиеле! Мен дүние жинамаған адаммын, жақсылығың құдайдан қайтар...


Бұл сөздерге «қайран Ишекем-ай!» дегеннен басқа не деуге болады?! Жазылған хаттардың бәрінде авторлардың жазу ерекшеліктері, орфогра-


фиясы сақталған. Тек Ишекеңнің хаты туралы айтарым, бұл хатты ағамыз маған «сыйлаған» (сыйлаған жоқ еді, өзім киіп кеткен едім) «дипломаттар киетін туфлиі» тозып, «махаббат» аталмыш қаламсабының қайда қалғанын ұмытқан кезімде, арада бірнеше жыл өткеннен кейін алған едім. Қызығы да осы емес пе?


Ал, берген домбырасы әлі бар. Қолыма алсам, Ишекең нақышымен ойнай- тын әсем әуендер есіме түсіп, сиқырлы саз жүрегімді тербейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу