24.02.2022
  776


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Әсерлі көріністер

 


 


Бұл кезде Абзал мен Шолпан қыз қала көрінісін тамашалап келе жатты. Бірнеше жеңіл көлікке мінді. Тұрғындарымен жүздесті, тілдесті. Олардың бәрі де өздеріне тән ана тілдерінде сөйлеседі екен. Сөздері түсініксіз. Бәр әйелдер. Оны көрген Шолпан: «Сонда бұл үлкен қалада тек қана әйелдер тұратын болғаны ма?» ойлап үлгенрді. Әйелдердің бет әлпеттері сары түсті. Шолпан қапелімде ештемені түсіне алмады. Сонда да бұл үлкен қалада тек әйелдердің тұратыны Шолпанға қызық көрінді. «Жер ғаламшарында тек әйелдер тұратын қала болған емес. Сонда бұл қала қай ғаламшардағы қала?» деген ой мазалай бастады шамалыдан соң Шолпанды.


-Бұл қандай қала? - деп сұрады Абзалға бұрылып.


 



  • Жаңа айтқанымдай, бұл бір жұлдыз жүйесіндегі тірішілікті ғаламшарлардың біріндегі қала, - деді Абзал қалаға оайлана қарап тұрып.

  • Сонда ол қалада тек әйелдер тұра ма?


 



  • Солай. Ерлер ғаламшараралық соғыста жойылса керек. Бұл сол қала тірішілігінің бір көрінісі

  • Онда жарайды, - деді Шолпан ойлы жүзін Абзалға бұрып, - шынымды айтсам, мен де қала атаулыдан жалыққан қызбын. Бұдан да кең далаға, ауылға қайтайық.

  • Жарайды, айтсаңыз болды, Шолпан.


 


Абзал осының алдындағы іс-әрекеттерін қайталады. Соның артынша айнала төңірек айналып төңкерілгендей күйге көшті. Шолпан Абзалдан ұстай алған. Енді бір сәтте көз алдарындағы қала көрінісі кейін қарай жылжып, табиғат көрінісі лезде өзгеріп шыға келді. Кең дала, салқын таза ауа. Шолпан кеудесін кере еркін дем алды. Өзінің жаңағы қалада шаршағанын ұмытып, сергіп шыға келген. Айналаға рахаттана көз жіберді. Содан соң балалығы ұстап, ілгері қарай жұгіре жөнелген. Абзал соңынан келеді. Шолпан жеткізер емес.



  • Мен де Шолпанмын! Мен де осында мәңгілік Шолпан болып қаламын! - деп дауыстап сқылықтай кеп күлді.

  • Шолпан, сізге не болды? - деді Абзал қапелімде ештмені түсінбей.


 


Шолпан жүгіруін баяулатып барып кідірді. Алқынысын басты. Содан соң ғаламшардың бұлттарына, айнала төңірегіне қарап алды да:



  • Сіз білесіз бе, Абзал, - деді ойлы жүзін бұрып, - бұл ғаламшардың Шолпан аталуы жөнінде қазақта мынандай тамаша аңыз бар. Ерте бір заманда, бір ауылда қазақтың Шолпан есімді ақылды әрі сұлу қызы өмір сүріпті. Оның ғажап емшілік қасиеті де бар екен. Көптеген сырқаттарды емдеп жазады ол. Аты елге белгілі болады. Содан қызға көптеген жігіттердің көздері түседі, көптеген ата аналар ұлдарына алып беру үшін құда түседі. Бірақ олардың ішінде Шолпанның қалауы болмайды. Содан жігітер, құда түскендер арасында Шолпан қыз үшін дау-дамай басталады. Ол күн санап өрши береді. Содан не істесін, Шолпан қыз таң мезгілінде аспанға қарап тұрып, құдайдан өзін таң мезгілі мен кеш мезгілінде аспанда жарқырай көзге түсетін әдемі әрі жарық жұлдызға айналдыруды өтінеді. Құдай ол өтінішін қабыл алып, аспанға шығарып, жарық жұлдыз етеді. Біз сол Шолпандамыз. «Мен де Шолпанмын» деп дауыстағаным аттастығымнан.

  • Сіз ол Шолпаннан да ақылдысыз, одан да сұлусыз.


 



  • Жоқ, мен ол Шолпаннан артық бола алмаймын, - деп Шолпан бұрия қалған.


 


-Мен асыра айтып тұрған жоқпын. Шындығы осы, - деді Абзал.


 



  • Жарайды, айтылар сөз айтылды. Тағы жүгірейікші мына кең далада! - деп жүгіре жөнелді Шолпан қыз.


Абзал да амал жоқ соңынан жүгірген. Дархан даланың шеті көрінер емес. Қараса ана шеті мен мына шетіне көз жетпейді. Екеуі біраз жүгірді, еркін тыныс алды, демалды. Күні бойы серуендеді. Шолпан ұлы табиғатты лезде қалағанына өзгеруге адам баласының қолы жеткеніне қайран. «Осындай жарық жұтқышпен тек бұл Шолпан емес,Күн жүйеміздегі қыртысы қатып, қаңыраған өзге ғаламшарларды да осылай тірішілікті көрініске


айналдырса ғой» деп бір ойлап қойды ішінен Шолпан қыз. Бірақ ол ой арманын Абзалға айтпады.


 


Содан екеуі қаз қатар тігілген ақшаңқай түсті киіз үйлерден тұратын ауылға


жақындаған. Қол сұтасып жеткен бойда Шолпан тұып жатқан киіз үйдің ішіне енді. Киіз үй дегені болмаса, оның ішінде барлық жағдай бар еді. Бір бөлме болып қана көрінгенімен кез келген сәтте оның ішінен басқа бөлмелерді пайда бола қалады. Бұл жолы Шолпан киіз үйдің ең ке деген бөлмесін таңдаған. Оның керегелері бойымнда жұлдызды әлемнің анық түрлі түсті суреттері тысталыпты. Одан Шолпан Кұн жүйесіндегі екі әдемі ғаламшарды, осы Шолпан мен Жер ғаламшарының суреттерін де көрді. «Екеуі бір біріне қандай ұқсас» деп қойды ішінен Шолпан. Сол кезде Абзал оның ойын бөліп, былай деді:



  • Шолпан, кереге бойындағы жұлдызды әлемнің суреттерін тамашалап болған шығарсыз. Енді түстенетін уақыт келді. Асханға барайық.


Шолпан тіл қатпастан басын изеп, Абзалға ерген бойы асханаға келді. Мұнда екеуіне арналған дастархан да бар екен. Жылдам қозғалып, тамақ тасып жүрген биотұлғалар жоқ. Астың бәрі де қолдан пісірілген. Екеуі дастарханның екі жағындағы ұзына төселген ою өрнекті көрпеге жайғасты. Өздерінен бірнеше жас кіші, қазақтың ұлттық кмиімдерін киген қыздар ширақ қозғалады. Жас боз балалар қолдарына ұстаған құмғандарымен екеуінің қолдарына жылы су құйып, иықтарындағы сүлгілерін ұсынды. Олардың инабаттылығы мен мәдениетті сқйлегендері, жүрістері Шолпанға ой салды. Қазақтың қамыр етінен жеді, сорпасынан ішті.


Дастарханға бата беріліп, әлгі боз балалар қолдарына тағы да су құйып, сүлгі беріп, қолдарын сүрткен соң екеуі сыртқа шығып, су арқырай ағып жатқан өзенге қарай тартқан. Ауыл маңынан сарқыраған дыбысы құлаққа жетіп жататын өзен кімді елітпесін. Оның жағалауының табиғаты да бір ғажап! Шолпан өзенге жеткен бойда оның суының шын шын емес екеніне көз жеткізгісі келгендей суынан біріктіре ұстаған екі алақанына толтырып алып ұрттап та көрді. Таудағы бұлақтардың суларынан құралғандықтан су ерекше дәмді екен. Осы кезге дейін түрлі құбырлар арқылы келетін қала суынан мұның көп айырмасы бар екенін Шолпан бірден білді. Шөлі де тез қанған. Өзенді жағалай қалың өскен түрлі ағаштар қандай еді.


Ол ағаштардың бұтақтарына түрлі құстар ұшіп келіп қоынп, қайта ұшіп кетуде. Солтүстік-шығыс тұстағы таудың тасты беткейлерінде Қоайларды бастаған Текелер сақалдарын сапситып-сапситып, одырайып-одырайып қарап тұр төменге. Шолпан табиғаттың бүұл ғажайып көрінісіне қараудан бір жалықпады. Өзін тап бір ертегіде суреттелетін бір ғажайып елге келгендей сезінді. Бұл ғажайыптың бар сырын Абзал ғана біледі. Қазақ халқының ұлы табиғатты әуел бастан қорғау мен аялай білуінің бар срын енді түсіне бастады. Мұнымен салыстыра келе, дамудың қызығына түсіп, ұлы табиғатты естен шығарып алғандарын да аңғарды. Абзалмен бірге осындай серуен құруында бір ризашылық күші жатыр еді. Қол ұстасып, өзен бойын зағалап біраз жүрді.


Өзен суындағы Балықтар да, Бақалар мен Су жыландары да Абзалға жастайынан таныты. Ал Шолпан қыз бала болғандықтан оларды жиі көрмеген. Енді Абзалдың сол қолының жеңінен ұстап алып, іштей сіл сескеніп келеді. Судағы Балықтар шолпа етіп, су бетіне шығып, суға қайта сүңгіген сәттерінде елең етіп, оларға қызыға қарайды. Ұлы табиғаттағы осындай ғажайып көріністерден көп уақытқа ажырап қалған Шолпан мұны көргісі келе береді, көргісі келе береді. Абзалмен бірге қанша жер жүрсе де шаршағанды сезбеді. Ұлы табиғат өзіне сарқылмас бір күш-қуат сыйлағандай. Осылайша екеуі узақ уақыт бойы серуендеді. Келесі жолы екеуі мұхит әлеміне баратын болып келісті. Күн батыс көкжекке жетіп, қызара бата бастағанда екеуі ауылға қарай бұрылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу