24.02.2022
  418


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Қала көрінісіне айналған дала

 


Ғарышкер геологтар бүгін Кең тегіске әдеттегі келетін уақыттарынан ерте келген.


Бұрғы қондырғыларын жұмыс жағдайына көшіріп, іске кіріскен. Шолпанның мынандай


ыстық, аптапты жағдайында бірінші кезекте қашан да су қажет. Ғаламшардың суы сонау биікте жылдам жөңкитін қою ала бұлттарында. Бұрғы қондырғылары бұрғыларынан шыққан су б әп сәтте буланып,айнала төңіректі тұмандандырып барып сол бұлттарға сіңіп кетіп жатады. Бұл құбылыс Жерден осы Шолпанға келген әрбір ғалымға, маманға жақсы белгілі.


Шадыман бұрғы қондырғылары басындағы осы жұмыстарды қаншама қадағалап қарап жүрсе де Шолпан қызды бір сәтке де есінен шығармайды. Тек өзі ғана емес, қалғандар да солай. Бәрінің ойында да әрбір келген сайын «Шолпан қызды табамыз» деген үміт оты тұрады. Айнала төңіректе қандай құбылыс бола қалса да, сол қызға байланысты болғандай әсер береді қай қайсысына да. Жылт еткен, қозғалған нәрсені мүлт жібермеулері үшін шыны үйшіктерге де, бұрғы қондырғыларға да айнала төңіректі тынымсыз бейнеге алатын бейнекаетарларды орнатып қойған.


Осындай әрекеттері болып жатса да Шадыманның көңіл күйі бір көтерілген емес. Үнемі көкейінде бірдеме жетпей тұрады. Оның үстіне осы Кең тегістен мандырып су да


 


алып жатқан жоқ. Шадыман сонда да бұрғылау, зерттеу істерін осы жерден басқа жаққа ауыстыруға асықпайды. Осында болуды қалап тұарды. Онысын түсінген ғалымдар мен мамандар қарсы сөз айтпайды. Көзі жетіп тұрмаса да: «Менің ойымша, осы Кең тегісте бір заманда көл суы шалқып жатқан. Ол су аптапты ыстықтан булана булана аспандағы бұлттарға сіңіп кеткен» деген болжамынан таймайды Шадыман. Жанындағы әріптестері оның бұл болжамына сенсе де, сенбесе де Шадыманның болжамын жоққа шығармайды. Бұрғы қондырғылар тынымсыз жұмыс жасайды. Қанша дегенмен техника болған соң кейде бұрғылардың тістері сынады, қозғалтқыштары істен шығады. Басқа да тетіктері істен шығып қалады. Әйтеуірі бір кілтипан орын алады.


Жер ғаламшары тәуілігі уақытымен түс мезгілі болған соң ғарышкер геологтар мен мамандар бұрғы қондырғыларды уақытша тоқтатты. Оны орнына енді бұрғы


қондырғылардың бұрғыларын суытатын техника жүйелері іске қоыслған. Әйтпесе, мына тымырсық аптапты ыстық темір екеш темірді де шектен тыс қыздырып жібермек.


Мұздатқыш жүйелері өздері отыратын, үзліс уақыттарында демалатын шыны үйшіктердің қабырғаларының араларына да орнатылған. Ал ас пісіру жағы мұнда еш қиындық тудырмайды. Шолпан ғаламшарының қою ала бұлттарынан күн көзі сығаламаса да, осы ыстықтың өзі қазандағы асты пісіріп, шайды қайнатады. Шыны үйшіктердің төбелеріндегі арнайы алаңқайшаға ас пісіретін қаза ошақтар да қойылған. Қажетсіз кезде олар да аса ыстықтан мұздатқыштар мен қорғағыштар арқылы қорғалады.


Бұл Жер ғаламшары емес. Әрбір минут, сағат санаулы. Әрбір сәт қатерлі. Ол қатер мұздатқыш жүйелердің бірі кенеттен істен шыға қалғандай төнеді. Ондай кездерде осындағы түрлі бағдарламалармен жұмыс жасайтын биотұлғалар көмекке келеді.


Сондықтан ғарышкер геологтар биороботтарға ерекше құрметпен қарайды, олармен адамша тілдеседі, кеңеседі, олардан қажетті кеңес алады. Биороботтардың «миларында» кейбір санасы мен білімі төмен адамдарға тән жаман ой пиғыл деген болмайды. Тек


алдын ала «миларына» жазылған бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан да ғалымдар мен мамандар оларға қашан да үлкен сеніммен қарайды. «Біреуге жамандық ойлау, әлдекімнің жолын кесу, күндеу, қастандық ұйымдастыру дегенді білмейді. Тірі, саналы адамдардың бәрі де солай болса, бұл жарық та жылы дүниедегі адам қоғамында үнемі әділдік салтанат құрар еді» деп те ойлап қояды кейде Шадымен олардың әділ әркеттеріне риза болғанда.


Бұрғы қондырғыларының бұрғылары суыған соң Шолпан ғаламшары қыртысын тереңдей бұрғылау жұмыстары одан әрі жалғасты. Бас шыны үйшіктің шыны


қабырғасындағы электронды сағат Жер ғаламшары тәулігінің уақытымен түскі сағат он ұш нөл нөлді көрсеткенде арнайы дабыл бергіш жүйелер іске қосылды. Бұрғылау жұмысы тоқтатылып, ғалымдар мен мамандар бас шыны үйдің орта тұсындағы кең бөлмеге жиналған. Осы жерде автоматты компьютерлі жүйелермен беті қолдарын шайды,


жоғарыдан жайымен түскен дөңгелек ағаш дастархан мен орындықтарға ғалымдар мен мамандар жайғасты. Артынша зыр жүгірген аспазшы биотұлғалар қалаған астары мен тағамдарын, көкөністері мен сусындарын жеткізді.


Ғалымдар мен мамандар дәмнен алуға кіріскен. Уақыт есептеулі. Бір сағат қана. Бәрі де осы уақыттың ішінде астан алып, сусыннан ішіп үлгеруге тырысады. Араларында ендігі қалған жалғыз қыз Айман бар. Адам баласы да ас жемей қала алмайды. «Ас адамның ақрауы» дейді сондықтан да дана қазақ. Адам баласы қай ісін жасаса да, ас ішуді ұмытқан емес. Ол қажет те. Ал мына табиғаты аптапты Шолпан ғаламшарында көбіне қажет болатыны сусын. Адам баласы аштыққа бірнеше тәуілікке дейін шыдайды. Ал шөлге шыдамсыз. Ал мына Шолаан ғаламшарындағы тымырсық ыстық кім кімді де жиі


 


шөлдетеді. Сондықтан ғалымдар мен амандардың қай қайсысы да салқынды қалайды. Шыны үйдегі салқындатқыш, мұздатқыш жүйелердің кідірмеуін, бұзылмауын тілейді қашан да.


Ғарышкер-геологтар қамыр ет пен сорпадан алып отырып, біршама әңгіме дүкен құрды. Әркім өзінің пікірін ортаға салады. Негізгі әңгіме Шолпан ғаламшарының болашағы жайлы. Адамзаттың ой арманы біткен бе. Осы Шолпан ғаламшарын қай заманнан бері зерттеп келеді. Мұның құпия сыры ашылып біткен жоқ. Қазіргі зерттеу кезеңі, ғалмшардың қыртысындағы судың деңгейін білу. Егер ғаламшардың қыртысы астында су қоры мол болса, онда мұнда бой көтере бастаған өсімдік әлемінің болашағының зор болғаны.


Жерден келген қазақ ғарышкер геологтары сол тірішілікті жандандырушылар.


 


Шадыман әңгіме арасында өзінің нақты ойларын да ортаға салады. Шолпан қызды есіне алады. Басқа ғалымдар мен мамандар да ол қызды жиі естеріне алады. Жоғалған қыз жайлы әңгіме қозғала қалса болғаны, қай қайсысы да ол жайлы естелігін айта жөнеледі. Шадыман бұл жолы да әңгіменің бағытын Шолпанға қаратқан.



  • Шолпан қызымыз жоғалмағанда әлдеқашан басқа аймаққа көшкен болар едік, деді жеңіл күрсініп, енді су шықса да, шықпаса да Шолпан қызды табамыз ба деген үмітпен осы аймақта айналшақтап жүрміз. Енді еш болмаса, Шолпан қыздың қайда екенін білсек қой...

  • Менім ойымша, Шолпан қыз қандай да бір жоғары дамыған ел өкілдерінің қолына түскен, деді Алдияр да демін терең алып.

  • Бұл пікірге бәріміз де қосыламыз, - деді Берқайыр Алдиярға қарап қойып, - тек енді солардың кімдер екенін, Шолпанды не үшін баурап алып кеткенін білсек қой.

  • Жалпы, мен Күн жүйеміздегі ғаламшарларда мұндай құпия құбылыстардың болуы аса таңғаларлық оқиға емес деп ойлаймын, - деді Есмұхан.

  • Өзі де солай болып тұр, - деп Шадыман сәл де болса көтеріліп қалды.


 



  • Қалай дегенде де, біз енді Шолпан қызды Жерге, елге орала алмаймыз! - Деп Алдияр күрсініп салды.


Осы сөзден кейін ешкім тіл қалпай, асхана ішінде бір сәтке тыныштық орнаған еді. Есмұхан тережеден сыртқа бқрыла қарады да, күтпеген бір ғажайып көріністі байқап, отырған орнынан ұшып тұрды. Сол замат Шадыманның басына: «Кең тегістікте Шолпан қыз қараң берді ме екен?» деген қуанышты ой сап ете қалған еді. Сөйтіп, алдындағы дастархандағы қазақы ою өрнекті тостағанын сол қолымен ілгері қарай ысырып жіберіп, отырған орнынан ширақ тұрып, терезеге қарай ұмтылған. Түкті түсінсе, бұйырмасын.


Жаңағы ыстық, тымырсық Кең тегіс аймағы жоғалып, оның орнында қала көрінісі пайда болыпты. Жердегідей кәдімгі қала. Бәрі де тұс көргендей аң таң. «Бәлкім бұл, елес болар?» деп бір ойлады Шадыман. Әзірге ешқайсысы да нақты пікір айта алар емес. Бәрі де бір біріне сұраулы жүзбен қараумен шектелген.


Көрініс емес дейін десе, қаланың көше көшелерінде өздері бұрын соңды көрмеген нешетүрлі жеңіл көліктер әрі бері ағылуда. Көшелердің жиектерндегі жаяулар жолында да ерсілі қарсылы жүрген мың сан тұрғындар. Адамдардың дауыстары, сөздері мен ара тұра күлген күлкілері, жеңіл көліктердің дыбыстары мен қаладағы шу ап анық естіледі құлаққа. Ал өздерінің бұрғы қондырғылары қала көрінісінің нақ ортасында қалған. Ғарышкер геологтар енді сөзді неден бастарларын да білмей дағдарды. Дастархан үстіндегі түрлі


 


дәм тағамдарымен жайына қалған. Шадыман оған жақын келіп, «Біз ас ішіп болдық» деп жай ғана кұбірледі. Соның артынша дастархан әлдекім қос алақанымен көрегендей жоғары қарай көтеріле жөнелді.



  • Бұл не көрініс, Шадыман? - деді сол кезде ғана тілге келгендей болған Алдияр.


 



  • Өзім де түсіне алмай тұрмын мұны.


 



  • Мұна елеске жатқызуға да болмас. Қала тірішілігінің күллі дыбысы ап-анық естіліп тұр құлаққа. Ал сонда, жаңағы Кеңтегісіміз қайда? - деді Есмұхан да әзер өз өзіне келген адамдай абдырап.


Бұл өзі осы Шолпан ғаламшарына кеңістіктен түскен қандай да бір қаланың сәуле көрінісі емес пе екен? - деді Шадыман.


- Ғалам кеңістігіне бұл Шолпан ғаламшарына, мына Кең тегіске жарық сәулесі қалай дәл түспек? - деп қалды манадан үнсіз тұрған Айман қыз.


- Мұндай жағдайдың боалды. Мынау соның бір кқрінісі болар, - деді Шадыман Айнманға қарап. .



  • Менмімше, бұл қандай да бір қаланың Ғалам кеңістігінен осы Шолпан бетіне түскен көпрінісі емес, жарық сәулесі құписын ашқан ғалымдардың жарық сәулесімен бейнефильм сияқты түсіп тұрған көрінісі, - деді Алдияр.

  • Жақсы, енді оған терезеден құр босқа қарап тұра бермей сыртқа шығып, жақындайық, - деп Шадыман есікке қарай ұмтылды.

  • Сабыр етелік, Шадыман, - деді сол сәтте оның сол қолының жеңінен сәл кейін тартқан Есмұхан, - өзімізге әзірі беймәлім көрініске анықтап алмай тұрып тұра ұмтылғанымыз болмас.


- Бұл өзі табан астында қайдан, қалай пайда бола қалды, соны аңғара алдыңыздар ма? - деді Шадыман есік алдында кіл тоқтап, әріптестеріне бұрыла қарап.



  • Мен қамыр еттің сорпасынан алған сәтінмде көз алдым сәл қарауытып кеткендей болған, - дед і Алдияр әріптестерін көздерімен шолып, - бірақ мен оны «Денсаулығым мен қатты шаршағанымнан болар» деп ойлағанмын.

  • Ия, менде де дәл сондай бір жағдай болған еді, - деп, Есмұхан да сырын ақтарды.


 



  • Өзім де бір құбылысты байқағанымн, - деп Шадыман сөзді жалғастырды, - көзіме елесе бергендей болған ол құбылысты «Ой шаршауымнан болар?» деп топшылағанмын іштей. Көбіне ой тереңінде жүретінім рас. Түнгі тыныштықта да ұйқым шала. Соның нәтижесі сияқтанған. Ал сонда бұл не көрініс өзі?


- Көріп тұрғанымыздай, - деді Алдияр оң қолының сұқ саусағын терезе сыртындағы көрініске қарай нұсқап.



  • Енді не шара, - деді Шадыман терең күрсініп, - шегінер жер жоқ. Сыртқа шығып, қаланың ішін аралайық. Мүмкіндігі туып жатса, тұрғындарымен жүздесейік, қол алысып тілдеселік. Қорыққанда не, қорықпағанда не енді. Пайда болар көрініс пайда болды. Біз тек геологтар емеспіз, ғарышкерлерміз де. Шыны үйдегілердің бәрі де сыртқа шықсын. Ендігі шешім осы.


 


Шадыманның басшы ретіндегі бұл шешіміне ешкім қарсы сөз айтқан да, қарсы болған да жоқ. Қындарындағы лазерлі тапаншаларын бір бір тексеріп, сыр етіп ашылған шыны есік арқылы сыртқа шықты. Қала тұрғындары мен ондағы мың сан жеңіл көліктердің шуы құлақтарына анық естіліп тұр. Қабырғалары дыбыс жұтқыш қалың материалдармен


қапталған шыны үйшіктің ішінен бұл дауыстар мен дыбыстар қатты естілмеген екен. Қала тірішілігі ғарышкер геологтарға әуел бастан жақсы белгілі. Таңдандырғаны, жаңа ғана


апатпты ыстық болып тұрған Кең тегісте осындай ғажайып қала көрінісінің пайда бола қалғаны. «Ойламаған жерден осындай көрініс бола қалады» деп қайсысы ойлапты. Енді көрген көзде, естіген құлақта жазық жоқ. Ғарышкер геологтар әлі де өз көздеріне өздері сенер емес. Шадыман әлде де: «Бұл өзі қандай да бір алдамыш көрініс емес пе?» деген ойынан арыла алмай келеді.


Қала үйлері негізінен шеңбер мұнара іспетті етіп салынған. Сондықтан да өте биік, зәуілім. Көшелері кең, жиектерінде жасыл өсімдіктер, гүлдер мен бұтақтары мен


жапырақтары жайылған ағаштар өсіп тұр. Аллеялар да жеткілікті. Ғарышкер геологтар оң қолдарына лазерлі тапаншаларын қыса ұстап, ілгері қарай жүріп келеді. Тұрғындары ешқайсысына көңіл аударар емес. Әрқайсысы өз бағытымен, өз мақсатымен кетіп барады. Кейбіреулер өздерін байқап қалғандай жалт қарайды. Ондай сәтте Шадыман оларға қарай ұмтылып қалады. Бірақ онысынан ештеме шығар емес. Жақындай бергенде тап алапат телеэкранның шынысына соқтығысқандай кедергіге тап болады. Тап бір ертегідегі дуаланған шыны қабырғадай. Қалған ғарышкер геологтар да сондай жағдайды бастарынан кешуде.


Шадыман біраз жер жүрген соң жеңіл комбинезонының өзімен де терлей бастады.


Сонда да оның ешбір сырмасын сырғытып ашпады. Ашса, қандай да бір күтпеген қатерге тап болатындай сезінді. Комбинезонның жеңіндегі термометрге қараса, ол жиырма бес градус жылылықты көрсетіп тұр. «Бұл қаладағы жылылық тап Жердегі қаланыңіндей екен ғой» деп қойды ішінен Шадыман. Содан жүре жүре аллея жиегіндегі көптеген ағаш


орындықтардың біріне келіп отырмаққа ыңғайланған. Сол кезде тағы да қандай да бір кедергіге душар болды. Отыра алмады. Жүрісін әрі қарай жалғастырды. Біраздан соң Шадыман комбинезонын шешуге бекінді. Ол әрекетіне әріптестері көмектесіп еді, кенет өте қатты сытықты сезінген Шадыман:


-ОҺо, қала іші қатты ыстық екен ғой, бүкіл денем күиіп барады! Қайта кигізіңіздерші комбинезонымды, - деп дауыстап үлгерді.



  • Қайта кигізейік комбинезонын! Тез қозғалайық!! - деп Есмұхан да дауыстап қалған. Ғарышкер-геологтар жылдам қозғалды. Есінен танып құлаған оны жабыла көтеріп,


шыны үйшіктің ішіне қайта алып келді. Ешкім ештемені түсіне алар емес. Тездетіп дәрігерлік көмек те көрсетілді. Кмбинезонының соңғы тұймесі ағылытған мезетте сол қолының білегі күйіп үлгеріпті. Ол күйіктің аса ыстықтан болғаны қай қайсысына да түсінікті еді. Комбинезонының жеңіндегі темометр елу градустан жоғары температураны тіркепті.


Мәселе ғарышкер-геологтарға енді түсінікті бола бастағандай. Шолпан


ғаламшарының беткі темпертурасы өз қалпында болған. «Ендеше, қала көрінісі жалған көрініс» деген ойға келді Есмұхан. Ешкім де кмбинезонын шешпек емес енді. Шадыман да тез есіне келген. Жедел дәрігерлік көмек өз нәтижесін берді. Ыстықтан күйген сол білегі жазыла бастаған. Шадыман шыны үйшіктің арнайы бөлмесіне кіріп, жарамсыз болып қалған комбинезонын жаңасына ауыстырды. Содан соң үйшік терезесінен қайтадан сыртқа қадалған. Қала көрінісі сол қалпында. Қанша қадала қараса да, оны көбояушылық


 


көрініс деп еш ойлай алмайтындай. Қаладағы қызу тірішілік жалғасуда. Өзі өте үлкен. Оны жаяу аралап шығу да мүмкін емес. Шадыман сәлден соң «Бұл қаланы әуе кемесімен барлау керек» деген шешімге келді. Бұл ұсынысын қалғандар бірден қолдаған. Кеңесе келе, қаланы аспаннан, әуе кемесінен барлап, суретке, бейнеге түсіріп, оны Емшектау астындағы қаладағы арнайы зертханада зерттеуді жоспарлады.


Бірақ ол жоспарларын жүзеге асырмастан бұрын қаланың біршама жерін жаяу аралап көргенді дұрыс санады. Оң қолдарындағы лазерлі тапаншаларын алға қарай кезей ұстап жүре берген. Тағы да Шадыманның өзі бастап келеді. Тағы да алғашқыдағыдай көрініс.


Қала тұрғындарының ешқайсысы да өздеріне көңіл бөлмейді. Қол алысып амандаспайды, тілдеспейді. Өз жөндерімен жұр. Көше көшелердегі мың сан жеңіл көліктер де әрі бері зырғуда. Оларға ара тұра қарап қойып ғарышкер геологтар алға қарай жүре түскен.


Біршама жер жүргенде Шадыман ішінен: «Мына ғажайып көрініспен салыстырғанда Шолпан қыздың ізім ғайым болуы ештеме де емес екен ғой» деп бір ойлап қойды. Ара тұра жанадығы әріптестестеріне қарап алады. Сәлде соң: «Осы қаладан Шолпан


қызымызды кездестірсек қой» деп бір армандап қойды. Сол ойын әлдекім естіп қойғандай, қаланың кең көшелерінің біріне бұрыла бергенде, шынымен ақ бейтаныс бір жігітпен қатарласа кетіп бара жатқан Шолпан қыз көздеріне шалынды.


- Әріптестер, біз іздеген Шолпан қыз әне кетіп барады! - деп дауыстап жіберді.


 


- Кәне, ағай! - деп Айман да елең етіп, солай қараған.


 


«Бұл өзі шынымен Шолпан қыз ба, ілде басқа қыз ба? Шолпан қыз бұл қалаға қайдан келе қалады??» деген оймен Есмұхан бәріне сұрау сала көз тастаған..


- Бұл өзі бір алдамыш көрініс шығар? - деді сол мезетте Алдияр сүлесоқ сөйлеп.



  • Шынымен-ақ Шолпан қыз сияқты ғой! - деді қала жаққа қадала қараған Айман. Шадыман екі көзінің алдын екі қолының қырымен уқалап-уқалап жіберіп,


әрптестеріне бұрылды да:


 



  • Ештемені түсініп тұрған жоқпын. Әлде, менің көзіме осылай көрініп тұр ма? Сіздерге де солай ма?

  • Бізге де солай, Шадыман, - деді Берқайыр, Шолпан қыздың дәл өзі!


 



  • Мен де Шолпан қыз деп ойлаймын, - деді Алдияр.


 


-Тағы кім танып тұр?


 



  • Бәріміз де Шолпан қызды танып тұрмыз, - деді Есмұхан.


 



  • Ендеше, әріптестер, жылдамырақ жүрелік, солай қарай. Бәлкім, ол екеуін қуып жетерміз. Анықтап көрерміз. Дауыстап шақырармыз, - деді Шадыман аптығып.

  • Олар тап бір алапат экранның ішкі жағында жүрген сияқты. Сондықтан біздің дауысымызды ести қоймас, - деді Алдияр сәл күмілжіи сөйлеп.

  • Естімесе, естімесін, жақыннан анықтап көріп қаламыз.


 



  • Ендеше, жүгірейк те, солай қарай, - деп Берқайыр екі қолының саусақтарын жұмырықтай кеудесіне алды.


 


Бәрі артық сөзге келместен бастарын бір-бір изеп, алға қарай жүгіре жөнелген. Бірақ үстерінде комбинезон, арқаларында оттегі баллоны болғандықтан қатты жүгіре аламады. Сәлден кейін ақ бәрі де тау басына қарай жүгіргендей алқынып қалған. Ал қала көшелері жиектеріндегі адамдарға арналған жиек жолдарда жылдам жүргендері де, жүгіргендері де алқынғанды да, шаршағанды да білетін емес. Өздері олармен теңесе алар емес.


Кейбіреуі біраз жүгірген соң ақ кібіртіктеп те қалған. Шадыман қатты алқынғанына қарамастан біраз жерге дейін қатты жүгіріп барды да, әріптестерін аяп, жүрісін баяулатты. Бәрінің де шлемдерінің төменгі жағы тер суы жиналып та қалғады. Шадыман шлемінің сол жағындағы бір түймені сол қолының сұқ саусағымен жай ғана нұқып қалды. Сол замат микрожелдеткіш іске қосылып, жаңағы тер суы жоқ болды. Шамалы демін алған соң Шадыман әріптестеріне бұрылып:



  • Әріптестер, осы жүргеніміз, алқына жүгіргеніміз жетер! Кейін қайталық! Алдамыш көрініске біраз алдандық! Сіздерді босқа шаршатқныма бәріңізден кешірім сұраймын!

  • Кешірім сұрайтын ештеме жоқ, - деді Есмұхан, - бәріміз де жұмбақ көріністің құлы емеспіз бе?

  • Иә, бұл ғажайып дүние әлемінің құпия-сыры таусылған ба? - деп Шадыман терең күрсінді.


Жағдай түсінікті болды бәріне де. Біршама кідіріп тұрып, кейін қарай жүрген.


Шадыман да, басқалар да ештеменің байыбына бара алмады. Қала көрінісі өзгерер емес,


Бейтаныс жігіт пен Шолпан сол жүрген бойларында ұзап кеткен. Қала тірішілігі тап шын


өмірдегідей қайнап жатыр. Ғарышкер геологтар бұрғы қондырғылар тұрған жерге оралды. Олар қала көрінісінің шетінде, өз орындарында. Бәрі келген бойда бұғы қондырғыларды жинақтап, әуе кемесіне айналдырды, барлаушы кеме бекітілді. Барлық іс тез әрі сәтті


аяқталды. Сәлден соң бірнеше бұрғы қондырғы әуе кемелері ұша көтеріліп, Емшектауға қарай тізіле ұшып кетіп бара жатты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу