24.02.2022
  206


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Найзағайлы нөсерде

Сыртын бұлттар бүркеген Шолпан ғаламшарының әрбір аймақтарында түрлі саланың ғалымдар мен мамандары өздеріне тән ғылыми зерттеу жұмыстарын тынымсыз жүргізіп жатты. Шадыман Жасамысұрпағы басқарған ғалымдар мен мамандар тобы да белсенді. Қос Емшектаудың қыртысы астындағы қалада түн ұйқыларын өткізіп, таңғы астарын ішіп, әуе кемесімен Кең тегіске қайта келген. «Адам баласы үш күнде тастай қараңғы көр ішіне де үйренеді» деген әзіл-шыны аралас сөз тіркесі бар халық арасында. Шадыман бастаған  ғалымдар мен мамандар тобы да Шолпанның апатпты даласы мен құбылмалы ауа райына үйреніп те қалған. Кешегідей емес, бұрғылы техникаларды басқарушылар да жылдам қозғалған. Арада көп уақыт өтпей бұрғылардың шыр айналған өткір тістері Кең


тегіс қыртысын кемрушілердің індеріндей бірнеше жерден тесіп те үлгерген. Жұмысы алға басса, оған қуанбайтын жан баласы болмайды. Шадыман бастаған ғалымдар мен мамандар тобы да бүгінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының сәтті басталып, қарқынды жалғасып жатқанына қунашты еді.


Бірақ Шолпан табиғатының өзгешелігі мен ауа райының құбылмалылығы зерттеушілердің жұмыстарына кедергі жасамай да қалмайды. Аспанда тынымсыз жөңкитін бұлттарының арасынан кейде найзағай оттары жарқылдайды. Жел де соғады. Оның соңынан жаңбыр нөсерлетеді. Сондай найзағай оттары қазір де ойнақтауын бастаған. Найзағай отының қаншама энергия бөлетінін білмейтін жан баласы жоқ. Ал бұл Шолпанның аспанындағы бұлттар арасынан көз шағылыстыратын найзағай оттарының жөні басқа. Жарқылдың соңынан күллі аспиан әлемін дүрліктіретін күркіреуді қайтерсің.


Содан соң жаңбыр нөсері басталады. Ол жасыл өсімдіктер мен хош иісті түрлі гүлдердің бой көтеріп, жайқала түсуіне мүмкіндік тудырады.


Ғарышкер-геологтар мен мамандар ондай көріністің болғанын қалайды. Ондай сәтте Жердегі, елдегі, туылып өскен ауылдарындағы көктем көріністерін көз алдарына елестетеді. Бұл Шолпанның тірішілік жағдайына ауысқан көрінісі. Бұдан бұрын қандай еді. Су да жоқ, ылғал да жоқ аптапты дала болды. Тек ғаламшар төңірегіндегі бұлттар ғана тірішіліктің бір белгісіндей көрінетін. Ендігі жағдай басқа. Мұндай табиғи өзгерістердің болатынын қазақ ғалымдары әуелден болжалдаған. Бірақ әлі де сақтықты қажет ететін жағдайлар баршылық. Қанша дегемен де бұрын адам аяқ баспаған ғаламшар


болғандықтан күтпеген құпия құбылыстарының орын алулары да ғажап емес. Шадыман осы жағын да ой елегінен өткізбей қалған емес.


Ал ғылыми зерттеу жұмысы ойдан гөрі нақты іспен жүзеге асатын жұмыс. Сондықтан ғарышкер-геологтар мен мамандардың өткен мен бүгінді салыстыра ойлай беруге уақыт таба бермейді. Ең бастысы, алға қойған ұлы мақсаттарына жету. Сол жолдағы қым-қуыт әрекеттер жүріп жатқанда Шолпанның ауа райы күрт өзгере бастады. Аспандағы


тынымсыз жөңкіген қалың бұлттары қоюлана түсіп, ара-арасынан найзағай оттары жарқылдады. Оның соңы күркіреуге ұласты. Артынша жаңбыр тамшылары тамшылай бастады. Мұны үйшіктің шыны қабырғасынан көріп отырған Шадыман елң етіп, алдындағы тақтадағы түрлі түсті көп түймелердің бірін оң қолының сұқ саусағымен нұқып қойып:



  • Бір жарым сағат уақытқа үзіліс жариялаймын. Барлықтарыңызды біз отырған үлкен шыны үйшікке келілеріңізді өтінемін! – деді.

  • Түсіндік! Жұмысты уақытша тқтатамыз. Келеміз! – деген дауыстар естілді іштегі, сырттағы дыбыс күшейткіштерден.


Шадыман Жасамысұрпағының қарсы алдындағы шағын экраннан қапылысқан қимыл- қозғалыстар көрініп тұрды. Шадыман жанындағылармен бірге ол әрекеттерге мұқият қарап отырды. Өздері де бұрғы-кеменің қорғағыш қақпақтарын жапты. Сырттағы жел мен төбе тұстан ұрғылаған жаңбыр тамшылары қай қайсысына да біртүрлі қорқыныш сезімін дарытқандай болды. Тек ешқасысы да сыр бермек емес. Бір көңіл тоқтатарлығы, бұлт астындағы тымырсық ыстықтың басыла бастағагны. Тек жел көтерілмесе болғаны.


Шолпан бетінің мұндай жаңбыр нөсерінен суынып кетпейді. Шамалы ғана салқындағандай болады. Оның өзі де Жер ғаламшары ауа райныа үйренген адамға шамалы жеңілдік.


 


Дегенмен де, мұндай кезде Шолпан даласындағы ауа температурасы Цельсий бағамымен елу градустан көп төмендейді.


Шадыман қарсы алдындағы экрандарды рет-ретімен іске қосып, айнала-төңіректегі бұрғы қондырғыларындағы ғалымдар мен мамандардың осы үйшікке тезірек оралуларын қадағалады. Бәрі де бері қарай беттеген. Тек екі қыз – Айман мен Шолпан шыны үйшіктің жанында айнала-төңіректі қызықтаумен тұр. Өздері де, сөздері де анық.



  • Шолпан, - деді бір кезде АЙман құрбысына бұрыла қарап, - аспанға қарашы, бұлттардың арасынан көрінген найзағайлардың жарқылдары жиілеп барады: Соған сай жаңбырдың нөсерлетуі де күшейіп келеді. Енді жетер, осы қызықтағанымыз. Ішке кірелік, бізді ағалар күтіп отыр ғой! – деді.

  • Тұра тұршы, асықпашы! – деді оған бота көздерін жалт бұрған Шолпан, - осындай сәіттерде Шолпан табиғатында күтпеген ғажайып құбылыстардың орын алуымүмкін ғой!

  • Қайдағы ғажайып!? – деді найзағай жарқылдары мен күркіреуден, соққан желден сабалай құйған жаңыбр нөсерінен сескенгендей болған Айман, - біз Жерде, елде, туылған ауылымызда жүрген жоқпыз ғой! Бұл – Шолпан ғаламшары! Түсінсейші, мені!

  • Онда сен ішке кіре бер, мен әлі де тұра тұрамын. Содан соң кіремін. Әлі барлық ағалар келіп біткен жоқ қой! – деді Шолпан жас қыздай сәл бұртиып.

  • Онда өзің біл! – деп Айман кейін бұырылып, ішке кіріп кетті.


 



  • Сыртта ешкім қалмасын, тез келіңіздер! Қажет жағдайда осы шыны үйшік-кемемен Қос Емшектауға аттанып кетеміз: Бұрғы қондырғылары осында қала тұрады! – деді Шадыман алдындағы экрандардан көз алмай.


Артынша анау-мынау істерімен айналшақтап жүрген ғалымдар мен амандар бәрін тастап, ішке қарай ағылды. Шолпан сол орнында тұр. Бәрі ішке кіргендей болған осң Шадыман қарсы алдындағы экрандарды көндірген. Сол кезде сырттағы қыздың алдына әлдеқандай бір шағын ғарыш кемесі шалынды. Ол тап бір қолсозым жерде тұрғандай. Шолпан осы бір сәтте ешкімнің ойына келмеген бір жаңалықты ашықысы келгендей солай қарай қадам басты. Артынша шыны үйдің де, бұрғы қондырғылардың да қайда қалғанын ажырата алмай адасты.


Ал бұл кезде Шадыман Жасамысұрпағы ішке кіргендерді түгелдеген еді. Олардың арасында Шолпан қыз жоқ болып шықты. Біренешеуі сыртқа қарай ұмтылған.


Найзағайдың жарқылы да, күркіреу мен жаңбыр нөсері де басылыпты. Тек Шолпан қыз жоқ. Ғарышкер-геолгтар айнала-төңіректі әрі қарап, бері қарап, қызды таба алмаған соң ішке қайта кірген.



  • Арамыздағы екі қарлығашымыздың бірі Шолпан қызымыз жоқ! – деді түсі сұрланып кеткен Есмұхан.

  • Жоғы қалай? – деп отырған орнынан ұшып түрегелді Шадыман.


 



  • Жаңа мен оған ішке кірейікдегенімде, мені тыңдамай қойып еді! – деп Айман жылап жіберді.

  • Әлі де жан*жақты мұқият қарайық! Еркелігіне салып, бізден жасырынып жүрмесін! – деп табудан үміттенді Шадыман әлі де.


 



  • Шадыман Жасамысұрпаы! – деді Алдияр дауысы сәл дірілдей шығып, - жаңағы найзағай жарқылы, күркіреу мен жаңбыр нөсері бізге құт болмады! Енді не әрекет жасадық?

  • Бөтен ғаламшардың аты бөтен ғаламшар, - деді енді Есмұхан Айманды шошытпайын дегендей салдарлы сөйлеп, - осындай бір құпия оқиғаның боларын өзі де сезіп едім.

  • Ендігің әрекет – іздеу! Табу! - деді Шадыман көңілсіз үнмен.


 



  • Қайдан? Қалай? – деді Алдияр тұрғандарды көздерімен баяу ғана шолып өтіп.


 


-Оның комбинезонында бейнбайлыс құралы бар ғой, - деді соы кезде көз шараларында жылт-жылт еткен ыстық көз жасының тамшыларын оң қолының сүйріктей ғана сұқ саусағымен еппен ғана сүртіп алған Айман.



  • Онымен де бейнебайланыс орнамай тұр ғой! – деді Шадыман жеңіл күрсініп.


 



  • Оны мен де білемін, - деді Айман сәл ширап, - онда ол бейнабайланыс асынан шығып кеткен.

  • Бұл қалай болғаны, - деді шадыман қатты толқудан өзін өзі ұстай алмай орындығына отыра кетіп, - жел ұшырып әкетті дейтін, қатты жел де болған жоқ.


Комбинезонынан ыстық та, суық пен су да өтпейді. Арамыздағы екі қызымыздың бірінен айырылып қалғанымыз ұят та болды-ау. Жердегілерге, елдегілерге не деп айтамыз мұны?



  • Табиғаты түрленіп келе жатқан бұл ғажайып Шолпан ғаламшарынан мұндай оқиғаны кім күткен? – деді Шадыманның орынбасарларының бірі Керімбай Мұсатайұрпағы терезеден сыртқа қарап қойып


Кең тегіс тып-тыныш. Ештеме де, ешқандай оқиға да болмағандай. Бұрғы


қондырғыларынан шыққан булар тарап, жаңбыр нөсері тоөқтаған соң-ақ айнала-төңірек көп қашықтыққа дейін алақандағыдай анық көрінген. Ал бақылау құралы болса, одан да әрідегілерге көз жеткузіге болады. Шадыман сол жақ қабырғада үнемі ілулі тұратын күрделі дүрбісін қолына ұстап, сыртқа қайта шыққан. Дүрбі арқылы айнала-төңірекке қараған кезде сонау алыстағы жай көзге анық көрінбейтін қыртыс-қыртыс жерлер мен төбелер қарсы алдына жақындап келгендей анықталды. Бірақ жан баласы көрінбеді.


Төңірегінде тұрған ғалымдар мен мамандар да қолдарындағы күрделі дүрбілерімен ойпаттың барлық жағын мұқият шолуда.


Әрбір ғарышкер-геолог пен маман дүрбі арқылы көргендерін айтып тұр. Тек нақты пікір жоқ. Ешқайсысы да күтпеген жерден ізім-ғайым болған Шолпан қызды қай жақтан,


қалай іздеуді білмейді. Шадыман бойын жаза алмай әер тұр. Шолпан қыз осы құрамдағы өте зерек жас мамандардың бірі еді. Басында, Жерден, елден осы Шолпанға аттанбай тұрғанда Айман екеуін құрамға таңдап алған өзі еді. Ендігі, іштейгі өкініші, екі қызды өзінің бұрғы –кемесіне, шыны   үйшігіне әуелден алмағаны. Енді бәрі де кеш. Жердегілерге не демек? Қос Емшектаудың қыртысы астындағы қаладағы басқа қыз-келіншектер естісе не демек?


Осы көңілсіздік пен өкініш Шадыманды әп-сәтте талай жасқа қартайтып та жібергендей. Бірақ Шолпаннанның қайта табылатынынан үмітін еш үзер емес. Қолындағы күрделі дүрбісімен айнала-төңіректегі төбе-төбенің бәрін де мұқият қарап


 


шықты. Басқалар да дұрбілері арқылы айналаны бақылауда. Айман болса, әлі де көз жасын тыя алмай, қолындағы шағын бейнебайланыс құралы арқылы Шолпанмен бейнебайланыс ұстауға әрекеттенуде. Ештеме шығар емес. Одан еш жауап жоқ. Тап бір Шолпан қыз жандарында ешқашан болмағандай көрініс. «Бұл не болғаны, ертегі ме, әлде елес пе? Түс пе, әлде өң бе?» деп іштей толғанды Шадыман. Адам басына қайғы түскенде, одан басқа қиындық атаулыны ұмытып кететіні бар. Қазір ғарышкер-геологтар мен мамандар ғаламшардың тымырсық ыстығын да, аспанын торлаған қою-қара түсті ұнамсыз бұлттарын да елеп тұрған жоқ. «Найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр нөсерлеткенде Шолпанды неге қадағаламадық, - деп те бір өкінді Шыдаман ішінен, - енді қайдан іздедік оны. Оың жағдайы қалай? Кімдерге жолықты? Кімдер алып кетті оны?


Қандай күйге түсті жас қыз күтпеген жерден».


 



  • Әріптестер, - деді Шадыман шамалы үнсіздіктен соң, - күтпеген жерден басымызға қайғы орнады. Шолпанда Шолпан қызды жоғалттық. Бұл бір жағынан жіберіп алған үлкен кемшілігіміз. Енді әрекетке көшелік. Уақыт кетіп барады. Әуе-ғарыш кемесімен ғаламшарды түгелдей шолып ұшып өтуіміз керек. Мына Ке тегістегі бұрғылау


жұмыстарымыз біраз уақытқа тоқтатылады. Жердегілерге, елдегілерге хабарлаймыз бұл қайғылы жаңалығымызды. Менің ендігі шешімім осы.



  • Мен Шолпанның қайта табылатынынан үмітімді еш үзбеймін! - деп дауыстап


жылап жіберді Айман тағы да, - тезірек іздейікші, ағалар! Шолпан әлі бізден көп ұзап кете қойған жоқ шығар?



  • Жаңағы жаңбыр нөсерінде Шолпан, бәлкім, адасып басқа жаққа кетіп қалған да шығар? – деп Есмұхан Алдабергенұрпағы айналаға барлай қарады.

  • Мынандай жарықта қалай адасыады ол қыз? – деп қалды Мархабат есімді инженер- геолог.

  • әріптестер, - деді сол кезде Шадыман жеңіл күрсініп, - қазір пікір таластырып тұратын сәт емес. Уақыт кетіп барады. Қозғалайық. Есмұханның жаңағы сөзіне де құлақ асуға болады. Аспанда найзағай ойнап, төбеден жаңбыр нөсерлетіп, айналаны бу


жапқан кезде адамның адасып, басқа жаққа қарай жүгіріп ала жөнелуі де ғажап емес. Жан-жақтағы төбе-төбелердің арғы жақтарын да қарайық. Ал, іздеуімізді бастайық.


Ешкім қарсы сөзге келген жоқ. Бәрі де арқаларындағы қосымша оттегі баллондарын, комбинезондарының тысындағы салқындатқыш жүйелерін бір-бір тексеріп алды. Содан соң бұғы қондырғыларының жан-жақтарын мұқият қарай бастаған. Алғашында ештеме байқалмағандай еді, кенет Алдиярдың:



  • Міне, таптым! Айттым ғой, былай қарай кеткен. Бәрі келіңідерші? – деген бейнехабары әрбір ғарышкер-геологтың бас киімінің маңдайшасындағы шағын төрт қырлы экраннан көрініп, сөздері қос құлақтарына сарнап жетті.

  • Солай қарай жүрелік! – деп Шадыман кетіп бара жатқан бағытынан кілт кейін қарай бұрылды.


Басшының дауысы Жердегі сияқты саңқылдап тұрмаса да, қалғандардың құлақтарына анық жеткен соң Алдияр айтқан жаққа қарай жүрді. Осы кезге дейін


ешқайсысы байқамаған қыз аяқ киімінің іздері жатыр. Тек солғындау. Шолпан қыртысы әлі қатты болғандықтан, жасыл өсімдіктер мен түрлі хош иісті гүлдер жаңадан бой көтергендіктен қыз ізі осылай солғын түскен. Шадыман Шолпанды енді сөз жоқ табатындай көңілденді. Тізерлей отыра кетіп, іздердің тап Шолпан қыздың аяқ


 


киімдерінікі екеніне көз жеткізді. Фотоаппаратымен анықтап суретке түсіріп алды. Мұны басқалар да қайталаған. Іздер алыстан көзге шалынған үсті жайпақ төбе басына қарай кетіпті. Оны көрген Айман тағы да босап, көз шараларына толған ыстық жасын сүртті.


Қалғандар да ештеме дей алмай жан-жақтарына жалтақ-жалтақ қараумен шектеліп тұрып қалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу