Әңгімелер ✍️
Кең тегіс ойпатында
Шолпан ғаламшары табиғатының құпия-сырлары тұрғындар үшін еш таусылмақ емес. Мұнда сол құпия-сырларды аша түсу мақсатында тек Шадыман Жасамысұрпағы бастаған ғарышкер-геологтар тобы ғана емес, Жердегі басқа да дамыған елдерден келген
ғалымдар топтары бар.Шолпан ғаламшары ауасының ыстықтығы Жер ауасының
ыстытығымен теңеліп, табиғатында көп өзгерістер орын ала бастаған соң-ақ ғарыш кемесін сабылтып келушілер қатары көбейген. Бәріндегі басты үміт Шолпан қыртысы астынан қазба байлықтар тауып, үлкен зауыттар салу. Саналы тірішілік әрекетін қайнату. Ел қоныстандыру. Артылған қазба байлықтарды Жерге жеткізу. Жер ғаламшарының қазба байлықтарының азайғаны қашан. Бұдан бұрын адам баласы Ай мен Қызыл ғаламшарға ауыз салған. Бірақ олардан өнімді ештеме таба алмаған.
Шолпан ғаламшары бетінің жиырма жеті пайызын ойпаттар алып жатыр. Соған сай бет-бедері Жер ғаламшарының бет-бедеріне қарағанда тегістеу келген. Он пайызын ғана таулы аймақтар. Шолпан Ай мен Олпан беттеріндегі сияқты шеңбер-шеңбер
қазаншұңқырлардан да ада емес. Жерден келген ғарышкер-геологтарды қызықтыратыны ғаламшардың ойпатты жерлері. Ондай жерлерден ғалымдар мұнайды да, басқа қазба байлықтарды да сондай жерлерден іздейді арнайы техникаларымен бұрғылау
жұмыстарын жүргзеді.
Емшектаудағы қыртыс асты қаласына қалыптасып алған Шадыман Жасамысұрпағы бастаған қазақ ғалымдары бүгін Кең тегіс ойпатын бетке алған. Ойпат өзінің үш мың шақырым жерді алып жатқан ғаламаттығымен, екі шақырымға жететін тереңдігімен ғалымдардың көңілін аударған. Арнайы жасалған әуе кемесінен қарағанда бұл ойпат Айдағы «Тыныштық теңізін» көзге елететтеді. Тек мұндағы көрініс сәл басқашалау. Ай мүлдем атмосферасыз болғандықтан оның бетіндегі ойпаттар ап-анық көрінсе, мұндағы
ойпаттар ғаламшарды тұтасқан бұлттар қоршағандықтан сәл көмескілеу шалынады көзге. Оның үстіне, Шолпан қыртысының бетінде соңғы кездері бұлақ сулары пайда болып, арналары қосылғандары өзен суына айнала бастаған. Ылғал көбейіп, көптеген жерлері жасылдана берген.
Ғарышкер-геологтар осы табиғи ұлы өзгеріске ерекше бөлек тұрғыдан мән бере қарайды. Бойларын іштейгі қуаныш сезімдері билейді. Өздері мініп ұшып келе жатқан барлаушы әуе-ғарыш кемесі мен соңдарынан арнайы бұрғыларды артып ұшып келе жатқан жүк таситын әуе кемелері осы тіріле бастаған табиғатты одан сайын жандандыра түскендей.
- Бұл ғажайып жарық та жылы дүниенің жұмбағы таусылған ба? – деп жанындағы ғалыдмарға көз тастап алды Шадымен әуе кемесі терезесінен басын сәл кейін тартып, - бір заманда бүгінде табиғатын тоздырып, табиғи байлығын тауысуға айналған Жер ғаламшарымыз да тірішілікті ортаға осылай айналған еді ғой.
- Дұрыс айтасыз, - деді оған қадала қараған Алдияр есімді ғалым, - сәуле шашқан Күніміз де мәңгілік емес қой. Оның бойынан секунд сайын қаншама жарық пен жылу қуаты бөлінеді десеңші!
- Мә, Күніміздің күш-қуаты қазіргісінен әлдеқайда мол болған кезінде сонау Қызыл ғаламшарда саналы-санасыз тірішілік қайнап жатты ғой, - деп сөзге килікті Есмұхан, - бірақ адам тыныш қалған ба. Оның табиғатын тоздырды. Сөйтіп, Жерімізге көшті. Енді міне, Жерді тоздырып, мұнда көшуге талпынудамыз.
- Оған қоса Күніміздің жарық пен жылу шығаратын күш-қуаты да азайды емес пе?
Деп демін терең алды Шадыман, -Әйтпесе, кезінде тұла бойын Цельсий бағамымен өлшегенде бес жүз градусқа жететін ыстық қысқан мына Шолпан ғаламшары бүгінгідей тірішілікті күйге көшер ме еді?
Бұл сөден кейін ғарышкер-геологтардың қай қайсысы да ойға батқан. Расында да ойланарлаық геотарих. Бәрі де енді әуе кемес терезсінен сыртқа қарап үнсіз қалған. Қанша тірішілікті жағдайға көшсе де, бөтен ғаламшардың аты бөтен ғаламшар. Өздері әлі білмейтін жерлері де көп. «Білмейтін жердің ой-шұқыры көп» деп дана қазақ бекер айтқан ба. Шадыман Шолпан табиғатына ойлы жүзімен қадала қарайды. Әрбір ғалымның өз ойы, өз тұжырымы бар. Тағы бір таңғаларлығы, осы Шолпан ғаламшарының сұлу қыз есімімен байланыстырлыатыны. Ғарышкер-геологтар ол жағын да ескермей қалмаған. Араларында Айман, осы ғаламшармен аттас Шолпан есімді жас екі зерек қыз бар. Ғалымдар Шолпанды тап осы ғаламшардың төл иесіндей санайды.
Әуе кемесінің маңдайшасындағы дөңгелек экран Шолпан ғаламшарының кішірейтілген өзіндей көрінеді әрбір ғалымға. Ондағы толық картада Шолпан бетіндегі әрбір қарайған затқа дейін анық көрсетілген. Бірақ ғалымдар одан гөрі жандарындағы үлкен-үлкен терезелерден ап-анық көрінген Шолпан ғаламшарының табиғи көрінісіне көбірек қарайды. Одан өдерінше терең ләззат алады. Жастайларынан өздері қалаған мамандықтары болған соң қайтсін. Геологтың жұмысы осылай өріп жатады қай кезде де.
Арада біршаама уақыт өткенде аспандағы бұлттардан көлеңілене көз тартақан үлкен ойпаттың кейбір жерлері айқындала берді. Бұл бір жағынан өздері мініп келе жатқан арнайы әуе кемесінің төмендей бергінінің белгісі еді. Енді бір кезде маңдай алдындағы дөңгелек экран күрт сөніп, оның орнын қызыл түсті дөңгелек шам белгі басты. Бұл экраннан әуе кемесінің қонатын жерін көрсеткені еді. Ғарышкер-геологтар қозғалақтап, өзді өзді тұстарындағы терезелерден сыртақ үңіле қараған. Бұл аймаққа өздірінің Кең тегіс деп ат қойғандары бекер емес екен.
Жалпы, адам баласы жерге ат беруге шебюер. Осы Шолпанға адам аяқ баспай тұрған кездің өзінде-ақ кейбір елдердің жұлдызтанушы ғалымдары ғаламшардың тұтас картасын сызып, бар жеріне дерлік ат қойған. Ол аттардың бәрі дерлік бүгінде ескірген. Қазақ ғарышкер-ғалымдары келгелі қаншама жер қазақша аталды. Қаншама карталар өзгертілді. Бұл қазақ халқының Шолпан ғаламшарын толығымен иемдене бастағанының да айқын көрінісі еді.
Әуе кемесі тап Кең тегіске қарай шүйілген. Мұны сырттн көрген адам тап бір
«Ертегідегідей алып Самұрық құс қонып келе жатыр ма» деп те қалар еді. Ал іште отырған ғалымдарға әуе кемесінің алапаттығы білінбейді. Шолпанның аспаны бұлтты
болғандықтан Кең тегіске әуе кемесінің көлеңкесі де түспейді. Аспанды бұлт торлаған кезде Күн сәулесі барлық жерге бірдей таралып, заттардың көлеңкелерінің жоғалатыны әуел бастан кім кімге де жақсы белгілі. Тек кейде-кейде Күн сәулесі қалың бұлт арасынан жылт ете қалғанда Шолпан бетіндегі кейбір тау мен тастың көлеңкелері қараң етеді.
Ал мұндай көріністердің алғаш келген адамдарға шамалы үрей тудыруы да мүмкін.
Өйткені, олар кәдімгі көлеңкелер емес, сол тау мен тастардың жандарынан кенеттен шыға келген әлденелердей елес береді кейде адам көзіне. Адам баласы кейбір тастарды әлдеқандай нәрсеге ұқсатады. Ондай тастар Жердегі, елдегі тауларда кездеседі. Жер ғаламшарының аспаны көбіне ашық. Бұлтты болатын сәттері сирек. Ал бұл Шолпанның аспаны үнемі бұлтпен бүркеулі десе де болғандай. Бұлттардың арғы жағындағы Күн де тәуілік ұзақтығына сай бір орнында тапжылмай тұрып алады. Жер ғаламшары тәулігімен есептегенде үш жүз тәуілікке жуаықтайтын уақыт аз ба. Ал Шолпанның осы бір тәуілігінің ішінде Жерде қаншама оқиғалар өтеді, қаншама жұмыстар бітеді.
Солай болса да, мұнда тұратындарға күн мен түннің соншама ұзақтығы аса байқала бермейді. Ол адамның уақытпен санаса білуіне байланысты. Шолпанда Күн батыстан
шығып, шығысқа барып батса да, тұрғындары үшін үйреншікті көрініске айналып кетеді. Кең тегісте бұрғылау-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келе жатқан ғарышкер-ғалымдар да ұзақ күн мен ұзақ түнге үйрене бастаған. Бірақ соның өзінде де Жер ғаламшарының уақытымен жұмыс жасап, сол уақытпен демалады. Шолпан табиғатының бір тиімді жағы – ауа райының көбіне құрғақтығы, тұрақтылығы. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне мол мүмкіндік береді. Қанша шаршаса да, кеш батпаған соң жұмыстарын одан әрі қарай жалғастыра береді ғалымдар.
Шолпанның өз осінде баяу айналатыны түсінікті. Сол осі Күн төңірегіндегі айналымжолынан екі градусқа ғана қиғаш келген. Сондықтан мұнда жыл мезгілдерінің алмасуы де өте баяу. Емшектаудың астын ұңғып, ғалымдар қаласын салғанда осының бәрі де есепке алынған. Ондағы өмір Жердегі, елдегі өмірмен бірдей. Сондықтан да ғарышкер-геологтар жұмыстарын толық аяқтаған бойда әрі үй, әрі Жер ғаламшарындай әсер беретін ортаға қайтуға асығады.
Кең тегіске ұшып келіп қонған бірнеше әуе кемелері енді әуеден қараған адамға тап бір үлкен беті тегіс табақтың үстіне қона-қона кеткен бірнеше Шыбындардай көрінер еді. Ал ғарыш кеңістігінен қараған адам бұл келбетін көре алмайды. Айнала қоршған қою бұлттары Шолпанды тап бір бетін паранжамен бүркеген жас қыздай жасырады. Атына заты сай деген осы болса керек. Ғарышкер-геологтар үзіліс жарияланып, қолдары
жұмыстан босап, әңгімеге отырғанда қазақ халқының ғаламшараралық кемелер де, ғаламшараралық кемелермен ғарышкер де келмей тұрғанда-ақ, тіпті, сонау ерте заманда-ақ, осы Шолпанды қыз бейнесінде көзге елестеткендеріне қайран болады. Шолпан десе, Шолпан! Қай жағынан алсаң да, қыз табиғатына келіп тұр. Қос Емшектаудың өзі де қыздың қос емшегін көзге елестетпей ме?
- Міне, діттеген жерлеріңізге келдіңіздер, - деді әуе кемесінің қозғалтқыштары сөніп, дірілі басылып, іште тыныштық орнаған кезде ғалымдардың қарсы алдарындағы экранда көрінген ұшқыш-ғарышкер Толғанбек сәл жфмия қарап, - енді сыртқа шыға берулеріңізге болады. Текі тымырсық ыстықтан сақ болыңыздар.
- Ол жағынан еш қам жеме, інім, - деді Шадыман Жасамысұрпағы отырған орнынан тұрған бойда, - үстіміздегі комбинзондарымыз қатты сытыққа да, суыққа да төзімді!
Қалғандар да Шадыманның сөзін мақұлдап, бастарын изеп, сыртқа қарай беттеген. Шолпанның бұлтты даласы әсерсіз емес. Кең тегістің беті де ылғалданып, өсімдіктермен көмкеріле бастапты. Шамалы ыстық леп бар. Бірақ ол төзімді өсімдіктерге еш қауіп емес. Бұрғылау техникаларын алып келген әуе жүк кемелері де тынышталған. Олардағы биотұлғалар зыр жүгіріп, анау-мынау заттарды Кең тегіс бетіне қойып, кемеге қарай қайта оралуда. Әуе жүк кемесіндегі барлық дерлік жүйелер толығымен
автмоаттандырылған-компьютерлендіктен биотұлғаларға да көп ауырлық түсіп жүрген жоқ. Бұрғылау техникалары біртұтас жүйе. Қажет жағдайда жайылып, жұмысқа дайын болып, қатерлі жағдай да Кірпідей жиырыла қалады.
Бірнеше бұрғылау қондырғылары алдын ала бағдарланғандықтан «бойларын заып», жұмысөқа дайн да болған. Ал ұшар кезде адам танымастай өзгеріп, әуе кемесіне айнала қояды. Қалай автоматтандырылса да, компьютерлендірілсе де, бәрібір кез келген күрделі техниканың саналы адам баласының бақылауында болатыны хақ. Мұнда да солай. Ол техникаларды жиналмалы шағын үйшіктің ішінде отырып, тақтадағы қажетті деген түймелерді оң қолдарының саусақтарымен нұқп қойып, жұмыстарын мұқият қадағалап отыратын жас жігіттер де бар. Бұрғы қондырғыларының кейбірі адамның ми биотогымен де басқарылады.
Жапа-тармағай, қаз-қатар тұра қалған қондырғылары төбе тұстарындағы бұрғыларын Кең тегіске инеше қадап, айналдыра жөнелген. Бұл кезде ғарышкер-геологтар оларға жақын орнатылған шағын шыны үйшіктің ішіне кіріп, бұрғы жұмыстарын бақылауға алған.
Бұл ғарышкер-геологтарға үйреншікті жұмыс. Бұрғылармен алынған ғаламшар
топырағының құрамы сол мезетте автоматты-компютерлі жүйелермен тексеріліп, онда қандай қазба байлықтың бар екеніен анықтап береді. Ғалымдар оның бәрін қадағалап, суретке, бейнекөрініске түсіріп алып отырады. Бұл жолы да сондай жұмыстары жалғасын тапқан. Тек Шолпан ғаламшарының әрбір аймағының табиғаты әр басқа.
Сондықтан да бұрғылардың жұмысын қадағалаған. Қанша дегенмен де Шолпан Жер ғаламшары емес. Мұқият қадағалап тұрмаса болмайды. Күтпеген жерден мұнайдың атқылап жөнелмеуіне кім кепіл? Шадыман осы жағын да ойлаған. Бұдан бұрын
бұрғіыланған бірнеше жерден ештеме шықпаған. Біраз еңбектері бекер кеткен десияқты. Ал ең негізгісі, көп жерден су шығып жатыр. Ендігі басты үміт те, осы кезге дейін беті құрғап жатқан Кең тегісті көгалдандыра түсу.
Бұрғылар толық автоматтандырылған-компьютерленгендіктен ғарышкер-геологтар отырған шынылы үйшіктерінен сыртқа сирек шығады. Бәрін де алдарындағы шағын экраннан анық көріп, қадағалайды. Шолпан табиғатының бір жақсысы , мұнда кенеттен жел тұрмайды. Бұрғы қондырғыларының кенеттен құлап кету қаупін тудырмайды. Күшті жел Шолпан атмосферасының жоғарғы қабатында ғана болады. Ал ол желдің соғу
жылдамдығы болса да қайран қаларлық. Сондықтан да келгендеріне көп уақыт өте қоймаса да, ғарышкер-геологтар Шолпанның тыныш, тымырсық ауа райына біршама қалыптасып та қалған. Тек Күн көін үнемі дерлік көлегейлеп, жарықты азайтып тұратын қалың бұлттары жалықтырады.
Ал қалың бұлт арасынан ара-тұра жарқ етіп түскен Күн сәулесі қай қайсысын да елең қылмай қалмайды. Өйткені, Шолпан ғаламшары Күнге Жер ғаламшарынан әлдеқайда жақын орналасқан. Сондықтан да әрбір жарқ етіп түскен Күн сәулесі өте ыстық әрі өткір. Егер ондай сәтте адам бас киімсіз тұрса, қиын болмақ. Шолпанның бұлтты даласында ғарышкер-геологтардың бәрі де арнайы қара түсті көзілдірік тағады. Өйтпеске тағы шаралары жоқ. Шолпанның өз осінде өте баяу айналуы табиғатын құлазыта түскендей болады. Тек аспанында жылдам жөңкитін бұлттары ғана мұнда бір қозғалыстың барын байқатады.
Бұрғылар Кең тегісті тынымсыз бұрғылауда. Шадыман болса, қарсы алдындағы экрандағы көріністерден көздерін тайдырмайды. Жанында Берназар Есмұратұрпағы мен Керімбай Мұсатайұрпағы көмек көрсетіп отыр.Ол екеуі осы бұрғылардың әккі мамандары. Үшеуі осы басты бұрғының жұмысын қадағалайды. Әрбір бұрғы жаныдағы осындай шынылы үйшік ішінде көмекшілерімен бірге басқа ғарышкер-ғалымдар бар. Шадыман басшы болғанымен адам жұмсап көрген жан емес. Барлық жұмысқа қоян-қолтық араласады. Ара-тұра басқа шынылы үйшіктегілерге де барып қайтады. Әйтеуірі тыным жоқ. Айман мен Шолпан бар шынылы үйшікке болса да жиі барады. Қанша дегенмен
қыздар болған соң олардың толқып, қателесіп кетпеулерін қадағалайды.
Автоматты-компьютерлі бұрғылардың жұмыстары да мейлінше жүйелі. Онда адам баласына қауіпті деген жерлерге баратын, көмек көрсететін биотұлғалар да жеткілікті. Олар жұмыс барысын, бола қалған кездейсоқ келеңсіз жағдайларды ғарышкер- ғалымдарға тақылдап дер кезінде хабарлап түрады. Шолпан қыртысынан су соырп шығару оңай іс емес. Қанша дегенмен де ғаламшар Күнге жақын болғандықтан тұла бойын қалың бұлттар бүркесе де беті қатты қызады. Ал егер Шолпан Олпан сияқты
бұлсыз болса, онда бетіндегі ыстық еселене түсер еді. Қалың бұлты Күннің ыстық сәулесін ұстап қалады. Соның өзінде де осындай тымырсық орын алады. Сол тымырсқта шыр айналған бұрғылардан бұрқырап бу шығып жатады. Ондай сәттерде бұрғының жұмысы бір сәтке тоқтатылып, оның жағдайы экран арқылы мұқият тексеріледі. Тек содан соң ғана бұрғылау жұмысы одан әрі қарай жалғасады.
Шадыман экраннан көз тайдырмай отыр. Бу тек өздерінің бұрғыларынан ғана емес, айналадағы барлық бұрғылардың тсістерінен бұрқырап шығып жатыр. Кейде ол булар айнала-төңіркте не бар, не жоғын көрсетпей де жібереді. Бірақ ғылыми зерттеу ісіне берілген ғалымдар мен мамандар оған қарай ма. Жұмыс Жер тәуілігі уақытымен түскі асқа дейін, содан соң бір сағаттық үзіліс жасалып, кешкі асқа дейін жалғасады. Бірақ бұл жұмыс кестесі күні өте ұзақ Шолпан ғаламшарының бетінде шартты түрде өтіп жатады.
Дегенмен де ғарышкер-геологтар алңсыз емес. Бөтен ғаламшардың аты бөтен ғаламшар. Мұндағы ауа райы да тез құбылады. Соның бәріне де төзулері тиісті. Оған қоса кейбір жастарға артық дыбыстар мен қараң еткен нәрселер бөлек әсер береді. Бірақ «Осы Шолпан ғаламшарынан қандай да бір құбыжықты кезіктіре қоямыз» деп ойлмайды. Сонау ертеректе, адам баласы Айға автоматты ғаламшараралық кемелер жіберіп, Ай топыраған аяқ табандарымен баспай тұрғанда Жердегі болашақгер жазушылар мен ғалымдар Айдағы жай көздің өзіне қарай көрінетін қарайған аймақтарды теңіз бен мұхитқа балаған. Айдың ерекше тұлғалы тұрғындарын көргендей болған. Ал зерттей келгенде, Ай мүлдем тірішіліксіз болып шықты.
Шолпанның табиғаты Айдан өзгеше. Бір кездері қатты ысыған беті суыды,
бұлттарынан жаңбыр жауаптын болды, қыртысынан бұлақ сулары ақты. Енді Шолпанның келбеті бір кездегі Жер ғаламшарының келбетіне келіп те қалған. Сондықтан да мұнда келіп қоныстануға деген талап-тілек саналы адам баласында еселене түскен. Қазақ ғалымдары сондай зерттеушілердің бірі. Шолпанға ел көшіріп әкелу ғылыми зерттеу жұмыстарын тынымсыз жүргізіп келе жатқан ғалымдар тобы да бар. Осы кезге дейін Күннен Жерден де әрі орналасқан Қызыл ғаламшарды бүгінгі күнге дейін қазақ ғалымдары мен мамандары тірішілікті жағдайға айналдырған. Оған мүмкіндік берген Қызыл ғаламшардың тұла бойының Шолпандай қатты ыстық еместігі, экваторы бойындағы жазғы температураның Цельсий бағамы бойынша жиырма бес градустан жоғары көтерілмейтіні еді.
Енді міне, Шолпан ғаламшары да тірішілікті ғаламшарға айналып келеді. Елу градус ыстық Жер ғаламшарының да кейбір аймақтарында болып жатады. Ең бастысы, Шолпан бетінің жасыл өсімдіктермен көмкеріле бастауы. Жерден келген ғарышкер-ғалымдардың зерттеу түсуге деген ынта-ықыластарын күшейткен де осы ұлы табиғи өзгерісі еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter