24.02.2022
  305


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Емшектау

Жер ғаламшарынан таңалдындада, Күн батар алдында да аспанғда жарық


жұлдыздай жарқырап тұратын Шолпан ғаламшарын білмейтін саналы адам баласы жоқ. Шолпан туралы қазақ халқы арасында аңыз-әңгіме тараған. Онда Шолпан әрі сұлу, әрі ақылды қыз бейнесінде суреттеледі. Жер шарын мекен ететін өзге халықтардың аңыз- әңгімелерінде де Шолпан сұлу қыз.


Аңыз аңызымен, сұлу сұлуымен сол Шолпанға ғалмшараралық кемемен ұшып келіп, өзінде осылай жүріп, тамаша табиғатын тамашалағанға не жетсін. Қазақтың белгілі геолог ғалымы Шадыман Жасамысұрпағының жастайынан армандағаны да осы  Шолпан ғаламшарын зерттеу-тін. Ол мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ ғарышкер- геолог болуды мақсат еткен. Адам алдына қойған мақсатына жетуге шындап ниет етсе, тағдыр да оған дем беретін сияқты. Шадыман мектепті бітірген бойда ғарышкерлер мектебіне оқуға түскен. Ел алдындағы әскери борышын Жер төңірегіндегі Ғарыш қаласында өтеген. Енді міне, бір заманда қазаққа да, өзге халықтарға да тек аңыз бен арман болған Шолпан ғаламшарының топырағын өз аяғымен басып, оның небір жұмбақ сырларын ашуға кіріскен сапарлас ғалымдармен бірге.


Шолпан ғаламшарының өз өсінде Жер тәулігімен есептегенде үш жүзге жуық тәуілікте бір айналым жасайтыны, тұла бойын тұтас бүркеген қалың бұлттарының аптапты ыстықты ұзақ ұстап тұратыны қай ғалымға да жақсы белгілі-тін. Бұл кезге дейін Жерден осы


Шолпанға қаншама адамсыз ғаламшараралық автоматты кемелер жіберілді, одан кейін ғаламшараралық кемелермен келген қаншама ғалымдар зерттеулер жүргізді. Шолпан келбеті тұтастай анық етіліп суретке түсірілді, толық географиялық картасы жасалды. Оған да талай мерзім.


Бүгінде Шолпандағы төбелер мен қыраттар, ойпаттар мен сайлар, биік таулар мен ұзын-сонар жатқан жыралар ешкімге де тансық емес. Оның бәрін енді бұл Шолпанның қасиетті топырағына аяқ табанын басып көрмеген Жердегі адамдар да күнделікті стереотеледидар экранынан көріп-біліп жүр. Оның үстіне: «Шолпанға ғалымдар тобы аттанды», «Шолпаннан ғалымдар тобы қайта оралды» деген сияқты қысқа хабарлар мен бейнетүсірілімдер бұқаралық ақпарат құралдарынан тұрақты орын алған.


Ал бұл жолғы Жерден осы Шолпанға бас геолог Шадыман Жасамысұрпағы бастап келген ғарышкер-геологтардың басты мақсаттары тірішілікті жағдайға көше бастаған ғаламшардың қыртысы астынан су мен тағы басқа да қазба байлықтарды таба түсу болатын. Жалпы, геологтардың кәсіптері қызық. Олардың зеттеу жұмыстары                                үнемі


 


далада, ғаламшар қыртысы астынан қазба байлық байқалған жерлерде айлап, жылдап жүріп жатады. Ал уақыт жағынан келгенде, осы Шолпан ғаламшарының күн ұзақтығына жетпейді. Жерде жұмыспен қатты айналысқанда демде түстің, одан демде кештің болғанын байқамай қалатын болса, мұнда уақыт жетерлік. Шолпандағы бір күн Жер тәуілігі есебімен тоғыз айға жуықтап жығылады. Ал бұл уақыт ішінде қаншама


жұмыстарды тындыруға болар еді.


 


Бірақ оның да жағдайсыздығы бар. Соншама уақыт бойы адам пенде жұмыс жасай ала ма? Адам баласының Жер ғаламшарындағы биологиялық ритмі бөлек. Адам түн тыныштығында кемінде сегіз сағат ұйықтауы тиісті. Ал күндіз түскі демалыс дегені тағы бар. Осыны ойлап келгенде, Жерден келген ғарышкер-геологтардың Шолпанның аптапты ұзақ бір күнінде демалыссыз жұмыс жасай алмайтындары айқын болған. Өздері түгілі, техникалар да төзбек емес. Шолпан атмосферасының аптаьы тағы бар. Соншама уақыт бойытүн мезгілін, түнгі аспандағы жұлдыздарды көрмеу де адам көңілін құлазыта түседі.


Шолпан ғаламшарының Жерден тағы бір ерекшелігі, өз осінде батыстан шығысқа қарай емес, шығыстан батысқа қарай, керісінше айналатыны, қоршаған қою қалың бұлттарының жылдам жөңкитінінде. Сол жылдам жөңкіген бұлттарының арасынан кейде көз қарықтыратын жарқылдар байқалады. Ондай сәттерде бұлттардан небір қорқынышты бейнелер көзге елес бергендей болады. Ал жанартау атқылаулары болса да қатерлі. Бұл екі құбылыс та Жер ғаламшарынан әуелден белгілі болғандықтан ғарышкер-ғалымдар көп сескене бермейді.


Ғарышкер-геологтарға Шолпандағы бүгінде қазақыландырылған көптеген аймақтар жақсы белгілі. Ең биік деген Ақтау да көз алдарында. Оның шыңының биіктегі сегіз шақырымға жетеді. Одан басқа да үлкенді-кішілі таулар баршылық. Соның бәрі де ғарышкер-геологтарға әсер бермей қалған емес. Шолпанның экваторы маңындағы әйгілі алып жыра да ғаышкер-ғалымдарды ойлантпай қалған емес. Ені 150, тереңдігі 2 , ұзындығы 140о шақырымға жететін бұл ғажайып жаратылыс Жер тұрғындарына әуел бастан таныс. Мұның суреттері кезнде Жерден аттандырылған автоматты ғаламшарарлық кемелердің өздерімен-ақ анық етіп алынған болатын.


Шадыман бастаған ғарышкер-геологтар тобы Жерден аттанбас бұрын Шолпанның кейінгі жағдайын Жер төңірегіндегі аса қуатты сыңардүрбілер арқылы мұқият бақылап- зерттеп, өздері уақытша қоныстанатын, зерттеу жүргізетін аймақтарды белгілеген. Сонда Шадыманға ә дегеннен осы аймақ ұнаған. Аймаққа өзі «Арулар аймағы» деп ат та қойған. Бұлай деуіне ғаламшардағы алапат таулардың ғажайып құрылымдары себеп болған. Қос тауға ой-болжаммен қараған адам расында да одан қыздың басын, жұмулы екі көзі мен қос емшегін, денесі мен аяқтарын көзге елестеткендей болар еді. Бұл бейне Шолпан ғаламшарының қыз есімімен бекерден бекер аталмағанын да дәлелдей түскендей болады.


Шадыман осындай ғажайып тау мүсінін Жерде, елде жүргенде де кезіктірген. Ол кезде қылшылдаған жас жігіт еді. Ғарышкерлер мектебінен бір күзде қала маңындағы бір ауылға картоп теруге көмекке барған бағыттастарымен бірге. Сол далада, тамаша таза ауада әңгіме де айтатын, ән де айтатын. Содан бірде Шалдыман көз ұшында көлденең созылып жатқан тауға көңіл аударған. Сол мезетте одан бір ғажайып жаңалықты


тапқандай қасындағы Қанешке:


 



  • Қарашы,ана тауға?! Неге ұқсайды? – деген.


 


Қанеш ол тауға қарай-қарай ештеме айта алмаған. Сонда Шадыман:


 



  • Қарашы, ол жай тау емес, ұйқыдағы ару ғой! – деген.


 


Қанеш сонда барып:


 



  • Дәл айтасың, тура сондай!


 



  • Мен олтауға «Ұқыдағы ару» деп ат қоямын, - деп мәз болған сонда Шадыман.


 


Ол ұсынысын бірге картоп теріп жүрген басқа бағыттастары да қолдаған.Енді міне, Шолпан ғаламшарының ғажайып даласынан да «Арулар аймағы» табылды. Мұндағы қос тауға Шадыман «Емшектау» деген ат беріп те үлгерді. Оған әуе-ғарыш кемесінен қадала қараудан бір жалыққан емес. Тек таулар ма екен,, Шадыман небір тастарды да нешетүрлі мүсіндерге ұқсатады. Кейде, тіпті, қолына ақ қағаз бен қалам ала салып, олардың суретін салып та алатынын қайтерсің.Содан соң барып тастардың геологиялық жаратылысына көңіл бөледі.


Жерден, елден аттанбай тұрғанда таңдалған бұл екі таудың асты арнайы техникалармен терең ұңғгыланып, уақытша қонысқа айналдырылған. Ғарышкер- геологтардың ендігі өмір-тірішіліктері осында жалғасуда. Қай қайсысының да Емшектауды сыртынан көріге деген қызығушылық бар. Жұмыстан қолдары босаған сәттерінде, әуе- ғарыш кемесіне отырып, аспанға қалықтай көтеріліп, Емшектауды айнала ұшады. Қос таудың ғажайып көріністеріне көздері тоймайды. Ал Шолпан бетінде жүргенде ол бейне жоғалады. Үлкен екі тау ғана болып тұрады көз алдарында.


Ғарышкер-геологтардың Шолпандағы өмірлері осындай тамаша ортада жалғаса берген. Адам баласы ғаламшардың құрты сияқты әрекет етеді қашан да. Қанша саналы, ақылды, айлалы болса да ғаламшардың өздері қалаған жерлерін қазып, ұңғып, тесіп жатқаны. Мына өздері тірішілік кешіп жүрген қос Емшектаудың асты да енді өзінше бір қыртыс асты қалаға айналған. Ғалымдар оған арнайы салынған темір жолмен жүретін көліктермен түседі. Одан әргі ішкі жағы жатқан кең кеңістік. Барлық жеріне бағаналар тұрғызылған, олардың бастарында түрлі көлемді шамдар мол жарық шашып тұр.


Егер мұндай ұңғы тесіліп, жарық шамдар мен салқындатқыштар орнатылмаса, Шолпанның сырт аптабы өмір сүруді қиныдатып жіберген болар еді. Шолпан – ғажайып ғаламшар! Дана қазақ Шолпанды әуел бастан-ақ «Жердің сіңілісі» деп бекер айтпаса керек. Айтса, айтқандай-ақ! Ғалаамшарды тұтастай қоршаған әдемі қою ақшылтым түсті бұлттары өзінің қозғалғыштығымен, тарам-тарам болып бөлінгіштігімен ерекшеленеді. Сонысына қарамастан бұлттарының Күн сәулесін кері шағылыстырғыш қабілеті Жер ғаламшарының атмосферасымен салыстырғанда әлдеқайда күшті. Күн сәулесінің жетпіс бес пайызын кері шағылысып, қалған жиырма бес пайызы ғана Шолпан бетіне жетеді.


Соның өзінде де Шолпан атмосферасының ең төменгі қабатының өзі қатты қызады. Қайта бүгінде Шолпандағы ауа температурасы Цельсий бағамымен елу градус жуық ыстыққа дейін төмендеген.


- Жерде, елде жүргенде, қатты суықта ыстықты қалаушы едік! – деп жымия қараған болатын Шадыман бір демалысы кезінде жанындағыларына.



  • Оныңыз рас, Шадыман, - деген сонда Есмұхан есімді ғалым.


 


Сондықтан бұл Емшектаудың қадірін Жерден келген кез келген адам жақсы біледі. Іштегі салқындатқыш жүйелерді былай қоғанда, Емшектаудың өзінің де Күн сәулесін кері шағылыстыратын қасиеті бар-ды. Ғарышкер-геологтарға ол бір қуаныш. Екі Емшектаудың да төбелерінде күмбез іспетті шошаймалары бар. Олар да Күн сәулесін кері


 


шағылыстырғыш қызметін атқарады. Тұла бойы ыстық Шолпан ғаламшарындағы осындай ұңғы ішінде тап Жердегідей, елдегідей еркін жүргендеріне ғалымдар болса да қуанышты. Кең аулада аллеяда бар, қалың өсірілген түрлі ағаштар мен өсімдіктер де жеткілікті.


Ғарышкер-ғалымдар жұмыстан қолдары босаған сәттерінде аллея бойымен жаяу серуен құрып, Жерді, еліді, бала-шағаларын естеріне алады. Ара-тұра бейнебайланыс экраны арқылы жұбайларымен, ұл-қыздарымен, туыс, дос-жарандарымен жүздесіп, тілдеседі.


Соның өзі де қай қайсысын да бір марқайтып тастайды.


 


Қаладағы тәуіліктік уақыт Жердегі ел астанасының тәуіліктік уақытымен теңестірілген. Шолпанда болғанымен ғарышкер-ғалымдар жерліктер сияқты өмір сүреді, белгілі уақытпен жұмыс жасайды, демалады, түн мезгілінде ұйқтайды. Жердегі, елдегі сияқты таңның атуы, Күннің шығуы, шарықтауы мен батуы жасанды түрде болса да айнымаған. Қаладағы табиғат аясы да қазақ жеріне тән етіліп жасалған. Кең дала да, таулы алқап та, жайлау мен өзен, көл де кішігірім болса да бар


Шадыман бүгін түнгі ұйқысынан ерте оянып, таңғы жаттығуларын жасап, жуынып- шайнған соң күн демалсы болған осң ірптестерін мазаламай аулаға шығып, аллея


бойымен біраз жүріп келіп орындықтардың біріне отырған. Осы отырсында Шадымен ой- толғаммен сонау өткен өмірін есіне алған. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінің өзінде-ақ ұшқыш, ғарышкер болуды армандаған. Мектептен кейін ғарышкерлер мектебіне оқуға түсіп оқыған. Бірақ уақыт өте келе бойында «Ғарышкер-геолог болсам» деген арман оянған. Ондағцысы, тек ғарышкер болу жеткілксіз. Ғаламшараралық кемемен ұшып барған ғаламшарды мұқият зерттеу үшін геолог болу қажет.


Осындай ой-арманмен Шадыман Геология институтына оқуға түскен. Оны ойдағыдай тәмамдаған. Нағыз геолгогтың өзі болды. Туылған табиғаттың небір жерлерін аға геологтармен бірге зерттеді. Мол тәжірибе алды. Ғарышкер ретінде Жер төңірегіндегі ғарыш қалашығында болды. Осындай жетічстіктерімен көзге түскен өзін Шолпан ғаламшарының қыртысын терең зерттеу мақсатында құрылған ғарышкер-геолог ғалымдар құрамына шақырылды. Кейінгі кездері бір кездері халықты елең еткізетін ғарышкерлер де жай бір ұшқыштар дәрежесінде қалған. Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігіне бүгінде кез келген адам ғарыш кемесімен ұша береді. Адам денсаулығы аса қадағаланып жатпайды.


Бір кездері Жерден шамалы ғана биікте ұшатын бір кісілік әуе кемесіне денсаулықты адам ғана таңдалатын. Одан кейін көп кісілік әуе кемелері пайда болды. Онымен ауру да, сырқау да, аяғы аууыр әуелдер мен жас балалар да емін-еркін ұша беретін болды.


Бүгінде адамдардың ғарыш кемелерімен ұшулары да сондай. Адам енді Айға да, одан әрідегі ғаламшарларға да ғарыш кемелерімен ұшып барып келе береді. Соныдқтан да Шолпанға жасалатын ғылыми-зерттеу сапарына аттанатындардың денсаулықтарына аса мән берілген жоқ-ты. Оның үстіне, Шолпанға ұшатын ғаламшараралық кемеде де, Шолпандағы тұрғын үйлер мен пәтерлерде де адам денсаулығы үшін барлық жағдайлар жасалған.


Шадыман ғарышкер-геологтар құрамына басшы болып тағайындалды. Шолпан ғаламшарының қыртысы астын зерттеуге деген, жаңалықтар ашуға деген ынта-жігері күн санап арта түсті. Осындай ұлы әрекеттерде уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамайды. Емшектаудың астындағы осы қалашықтағы тірішілік өзінше жүріп жатады осылай. Жермен, елмен, отбасымен бейнебайланыс тұрақты. Емшектаудің тасты ұшына бүгінде қуатты қабылдау антеннасы орнатылған. Стереотеледидар экрандарынан Жер, ел, шет ел жайлы да жаңалықтарды көріп, естуге мүмкіндік мол. Тек оған мойын жар бере


 


ме. Түн тыныштығында ертеңгі жоспарларын жасап, күндіз сол жоспарларын жүзеге асырумен әлек.


Шолпан табиғатының бір кемшілігі аспанының үнемі дерлік бұлтты болып тұратыны. Сонысы ғана Шадыманның өзінің де, өзгелердің де көңіл-күйіне кері әсерін береді. Қанша дегемнен де, Жердегі, елдегі аспанында Күн жарқыраған далада жұмыс жасап үйренгендіктен өздеріне бірдеме жетпей тұрғандай сезіледі де тұрады. Өзі Жерде, елде жүргенде кейде шақырайған Күнді ұнатпай, аспанды бұлт торлағанын қалайтын. Енді ашық күнге зар. Қалың бұлттардың адамды жиі есінетіп, маужыратып жіберетіні де бар.


Оның үстіне Шолпан атмосферасындағы қысым 95 атмосфераслық қысымға жетеді. Осындай ортаға төзуге тура келеді.


Шадыман отырған ағаш орындықтан жайымен ғана түрегеп, аллея бойымен әрі қарай жүре берді. Қарсы алдындағы шағын жасанды көл де әдемі. Жиектерінде қалың жасыл өсімдіктер мен түрлі түсті, хош иісті гүлдер өскен. Шадымен енді жоғары қараған.


Жоғарысы, Емшектау дың ішкі ұшар басы. Ол әдемі күмбезделген, Жер аспанына ұқсатылған. Жер тәуілігі уақытымен түн мезгілі болғанда тап планетарийдегі сияқты


«Ай» мен «Аспан денелері», «Жұлдыздар» жайнап шыға келеді. Таң ата бәрі де солғын тартып барып көзден ғайып болады


Бұл Шадыманға да, әріптестеріне де үйреншікті көрініс. Ол сонда да басын жоғары көтере күмбезге қызыға, қадала қараған. Осы кезде соңғы жағынан әлдекімнің жүрген аяқ дыбысын естіді. Жайымен бұрылып қарағанда оның Есмұхан екенін көрді.



  • Қайырлы таң, Шадыман, - деді ол жымия оң қолын созып.


 



  • Қайырлы таң! – деп, Шадыман да оған оң қолын созып, қол қыса амандасты.


 



  • Бүгін ерте тұрыпсыз. Күмбездегі «Жұлдыздарды» көргіңіз келді ме? – деді Есмұхан жоғарыға көз тастап қойып.

  • Жоқ, - деді Шадыман, - көріп үлгере алмадым. Таң атып, жарық көбейіп қалыпты.


Оның есесіне, мына көлді жағалай қалың өскен жасыл өсімдіктерден, түрлі түсті, хош иісті гүлдерден мол ләззат алдым!



  • Біздің тылсым-тірішігімізге ең қажеті де осылар ғой, - деді Есмұхан, - мен де төсектен тұрған бойда осылай жүрдім.


Екеуі аллея бойымен қатарласа біршама уақыт серуен құрды. Әңгімелесті. Содан соң таңғы астары дайын болған Асханаға қарай бет алды. Саналы адам баласының күнделікті тірішілігі таңғы астан басталатыны хақ. Екеуі келгенде Асханаға асқа ғалымдар да кіріп үлгеріпті. Әдеттегідей гу-гу әңгімемен таңғы астарын ішті ғарышкер-геологтар. Содан соң күнделікті тәртіп бойынша мәжіліс бөлмесіне жиналған. Мұнда әрбір ғалым өзінің алдағы жоспарын, Шолпанды елдендіру жөніндегі ой-толғамдарын ортаға салады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу