Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2022
196

КӨКІРЕКТЕР
Бастығымда
-өркөкірек,
Хатшысында
- көркөкірек,
Замында жеркөкірек,
Помында
– шеркөкірек,
Қалысқым келмей олардан
Болып кеттім мен көкірек.
Офис толы көп көкірек,
Жоғарыға қарап өкіред,
Төменге қарап кекіред,
Қайран, көп көкірек,
Тоқтағанша өкілет
Көкірек керіп өкім ет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter