file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  777


Автор: Өріс Яшүкірқызы

АЙНЫМАҒАН ӨЗІМ

Мұғалім: - Сіздің балаңыздың тәртібі жаман,
Бүкіл қылығы белгілі маған,
Дүйсенбіде
- терезені сындырды,
Сейсенбіде
- оқулығын бүлдірді.
Сәрсенбіде
- қыздардың бұрымын тартты,
Бейсенбіде
- балаларды рогаткамен атты,
Жұмада
- есіктің тұтқасын,
Сындырып, шамадан шыққасын,
Өзіңізге келдім амалсыз.
Балаңыздың тәртібін қарарсыз.
Ата
-аналар жиналысына келмейсіз.
Ал енді бұған не дейсіз?
Әкесі: - Қарындасым Сіздікі, әрине, дұрыс,
Біздің жұрнақтың ісі бұрыс.
Баламасың деген
Жүре алмағаны ғой тыныш.
Өзі өзім сияқты бұзық екені рас
-ты,
Кезінде мен де зар жылатқам класты.
Балалықтың қызығына кім тояды,
Есейген соң өзі
-ақ қояды.
Ал, терезе сындырса,
Бас прорабымды шақыртып алдыртайын,
Терезе түгілі
Бүкіл мектепті қайта салдыртайын.
Қыздардың да бұрымдары жұлынбаған шығар,
Олар да тыныш жүрмей жымыңдаған шығар.
Жұрнақжанның бұл
- жақсы көріп сипағаны,
Бастағысы кеп бозбалалық хикаяны
Жалғызға жан пида, жолында өлейін
Қарындасым, ренжіме, өзім қолға алып,
Шыққан шығынды бес есе төлейін.
Баланың еркелігіне қарау кереу төзіммен,
Қайтейін,
Жұрнақжан айнымай қалса өзімнен...


 ДАВАЙ
- Қарындас, таныс болайық...
- Давай!
- Тұрысымыз жараспас, бұлай,
- Не кино, театрға барайық...
- Давай!
- Тоңып кеттік.Ресторанға соғайық...
- Давай!
- Үйіңіз қашық болса, біздікіне қонайық...
- Давай!
***
Осындай қыздар болса “давайлаған”
Дұрысы,
Қашық жүріп абайлаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу