Өлеңдер ✍️
ТӘРБИЕНІҢ ТҮРЛЕРІ - ЖАЗА
Өзіміздің әлгі Жұрнақ,
Көзін ашқалы тырнап,
Әзілге әуес ед
Ыржақ
-тыржақ.
Біреуді әжуалап мазақтамаса,
Намысына тиіп азаптамаса,
Ызаландырмаса, күлдірмесе.
Ішкен асы бойына тарамай,
Қабағын түйіп қарадай,
Әлденеге алаң болатын.
Әсіресе, жеңгелері Жұрнақтан, Өзері атаған “зар жақтан”
Орайы келсе қашып жүретін,
Аяқтарын ұшынан басып жүретін.
Жұрнақ бірнәрсені сұрай кеп,
Сөз бастайтын былай деп: - Жеңеше, ау жеңеше,
Бағана дүкенге барғанда,
Ағама темекі сатып алғанда,
Әне бір қияқ мұрт жігіт
“Сізден күтем деп үміт”
Қолыңызды қысты
-ау ұрланып,
Осы кезде ағасының өңі
Шыға келетін сұрланып...
Жұрнақтың мұндай “таланты”
Қаршадай кезінен байқалған,
Тас жарған талант қойсын ба,
Тлай шаңырақтар шайқалған..
...Жұрнақ та кезек кеп үйленген,
Келіншек ап
-пақ боп үйге енген.
Жеңгелер бастады бір ойын
Ішінде кектері сүрленген. - Қарағым, қимасым Жұрнағым,
Шығуға әзір қап тұр жаным,
Алты жыл соңыма түсіп ең,
Сүйем деп уәдеңде тұрмадың..
Басқаға үйленді дегенде
Көз жасты түнімен бұладым.
Жүректе түсірген жараң бар,
Ішімде 5 айлық балаң бар,
Үйленем, үйленем дедің де,
Болып тұр басқа адам саған жар..
Осылай тұрғанда жырлатып,
Келіншек орнынан тұрды атып: - Опасыз! Алдамшы! Жапалақ!
Сарт етті Жұрнаққа шапалақ.
Бет күйіп ду етті.
Көпшілік шу етті.
Алға кеп істеген істері
Жұрнақ та бармағын тістеді.
***
Орынсыз әзілдің азабы
Тартқызды Жұрнаққа жазаны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter