Өлеңдер ✍️
Менің махаббатым
Әнін жазған Ділмұрат Бахаров
Көрдім сені көктемде,
Жаңбыр жауып өткенде,
Бара жаттың көтеріп қолшатырды.
Табиғаттың ғажабы-ай,
Жарқ еткенде найзағай,
Көрдім сенің керемет сол сәтіңді,
Жақұт жанарың сонша тұнды.
Қайырмасы:
Махаббатым сен екен бір ғана,
Тілегім де сен, жүрегім де сен менің.
Дидарың жарқын нұрлана,
Қарай бердім өзіңе ұрлана,
Тілегім де сен, бұл өмірде сенгенім,
Менің махаббатым!
Көрдім сені көгімнен,
Жұлдыз болып төгілген,
Тас қараңғы түндерге жарық беріп.
Тіліп өтіп түнекті, тұла бойым дір етті,
Тұрдым сол кез өзіңді анық көріп,
Әсем әніме салып көріп.
Қайырмасы:
Махаббатым бір өзің, бір өзің
Ғашығым да сен, жүрегім де сен, менің,
Сұлу да әсем мінезің.
Махаббатым бір өзің, бір өзің
Тілегім де сен, тірегім де сен, менің,
Менің махаббатым.
Бұл өмірде көргенім,
Кұлай сүйе сенгенім,
Махаббатым мәңгілік сен менің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter