Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  132


Автор: Абдрахман Асылбек

Жауынгерлер жыры

Әнін жазған Әліби Әбдінұров

Жауынгерлер – сенімді сергек жандар,
Сабырлық пен сақтықты өрген жандар.
Отанына мызғымас қорған болып,
Ел алдында адал ант берген жандар.
Жауынгерлер тәнімен шыныққандар,
Туған елін жанымен шын ұққандар.
Түн ұйқысын төрт бөліп, тыным таппас,
Арайланып атсын деп тұнық таңдар.

Қайырмасы:
Жауынгерлер – қырандар,
Қайтпас, қайсар ұландар.
Жүрген кезде сап түзеп,
Сұлулардай сылаңдар.
Ел бірлігін жырлаған
Қасиетті ұрандар.
Жаса, жаса, ұландар,
Жауынгерлер – қырандар!

Жауынгерлер ерекше ерлегендер,
Жат пиғылға тізгінді бермегендер.
Тәтті ұйқыда жатсын деп, түн қатады,
Сәбилерін бесікте тербегендер.
Жауынгерлер тәртіпке бағынғандар,
Талапқа сай табанда табылғандар.
Елбасының Жолдауын – қолдауымен
Алға қарай арындап ағылғандар.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу