Өлеңдер ✍️

  20.02.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Тобылғысай

Әнін жазған Меліс Өзбеков

Сұрасаң, біздің ауыл Белтұрғанда,
Майысар қайың ағаш жел тұрғанда.
Сұлуын өзгелердің не қылайын,
Бұрылып тал шыбықтай сен тұрғанда.

Қайырмасы:
Жұлдызымсың,
Қырмызымсың.
Талайдан аңсап жүрген
Гүл қызымсың.
Тобылғысай,
Тобылғысай,
Өзіңмен дүниенің өңілдісі-ай.

Манаурап алтын арай таң атады,
Бойыма үміт отын таратады.
Есіме сен түскенде, беу қарағым,
Өзіне Тобылғысай қаратады.

Қайырмасы.

Қайдасыңдар достар-ай?
Жүремін жалғыз бос қалай?
Сағынып жүрмін сол кезді,
Қу тіршілік көңілімді қоштамай.
Бас қосыла қалғанда,
Айтылмай сырлар қалған ба?
Оралып қайта келер ме,
Сол бір күндер мына қысқа жалғанда!?

Қайырмасы:

Аңсаған армандар қаншама,
Айналды қиялға,
Бұл әлем қанша кең болса да,
Сендерсіз сиям ба?
Көкте үнсіз көшкен ай,
Кеудем менің бос сарай,
Сағындым ғой,
Сағым болған достар-ай.
Достарым-ай ақ маңдай,
Акқулар қанат қаққандай,
Жүздерің жарқын елес қой,
Көк аспанда қалқып бара жатқандай.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу