Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.02.2022
181
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,
Көңілдің кегі кетіп, назы қалды.
Ерекше құлай сүйген сүйіктімнің
Санамда сыңғырлаған сазы қалды.
Оянып балғын сезім көктемеден,
Арманның асқарына беттеген ем.
Биіктеп бара жатыр кейінгілер,
Мен жайлап түсіп келем Көктөбеден.
Төбемнен төңкеріле күн күледі,
Сәулесін тұла бойға сіңдіреді.
Жаздан соң тұнжыраңқы күзім келіп,
Қоя ма қабақ ашпай, кім біледі?
Өмірдің көбі кетіп, азы қалды,
Айдыннан аққу ұшып, қазы қалды.
Ерекше құлай сүйген еркешімнің
Санамда сыңғырлаған сазы қалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter