Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
20.02.2022
406
Көктем вальсі
Әнін жазған Садық Кәрімбаев
Күмбірлеп таудың бөктері,
Өмірдің келді көктемі.
Оянып ерке бұлақтар,
Ойнақтап төмен беттеді.
Қалықтап аққу көктегі,
Аялап көлді кетпеді.
Ырғалды жасыл құрақтар,
Дірілдеп айдын беттері.
Қайырмасы:
«Көкек, көкек, көкек!» деп,
Көктем құсы шақырды.
Көңіл күйін жетектеп,
Бұлбұл төкті шат үнді.
Жадырап көңіл жайдары,
Құлпырды ауыл айаағы.
Құмарта қарап тоймайсың
Шаттыққа сәнді майдағы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter