20.02.2022
  155


Автор: Абдрахман Асылбек

Мерген

Шие бағы Мергенге
Қызыл шие бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл шие, –
Бетін бұрды ол демде.
Алша бағы Мергенге
Қызыл алша бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл алша,–
Бетін бұрды ол демде.
Өрік бағы Мергенге
Сары өрік бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл өрік, –
Бетін бұрды ол демде.
Алма бағы Мергенге
Аппақ алма бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл алма, –
Бетін бұрды ол демде.
Бақша жаққа келгенде,
Асқабақты көргенде:
– Ең керегі осы, – деп,
Тұра ұмтылды ол демде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу