19.02.2022
  204


Автор: Абдрахман Асылбек

Тіл қатады шөптер де

Арайланған таңдарда,
Шықшы, қалқам, аңғарға.
Самал желмен тербеліп,
Тіл қатады талдар да.
Қалың нуға кіргенде,
Бұлғақтайды бүрген де.
Желектері жайқалып,
Тіл қатады гүлдер де.
Көзді тартқан көктемде,
Көтерілші көк белге.
Туған жерді түрлентіп,
Тіл қатады шөптер де.
Құлақ түріп тыңдай біл,
Бақыт бар ма мұндай бір:
Туған жердің тамаша
Табиғатын жырлай біл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу