18.02.2022
  217


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Оқу өтіп кеткендер

Жас кезімде елдегі үлкендерден «оқу өтіп кеткен» деген сөздерді жиі
еститінмін. Ал далада ұзақ ойнап, жаздың күні жалаңаяқ, жалаңбас жүрген
кезімізде мұрттай ұшып ауырып қалған кезіміз де болған. Сонда әжеміз:
«бұл балаға күн өтіп кеткен» деп қолдан келген емін жасап, бәйек болатын.
Алғашқы сөз қалада көп оқып келген «оқымысты» бозбалаларға айтылса,
кейінгі сөзді жас балалар аяқ асты ауырып қалғанда жиі қолданатын.
Есейе келе сол оқу өткен, күн өткендерді өз көзіммен көремін деген ой
үш ұйықтасам да ойыма келмепті. Күн өтіп кеткен дейміз-ау, нұр өтіп
кеткендерді көзіміз көрді. Қалталарында табақтай дипломы бар жасамыс
шенеуніктерге де оқу өтіп кеткен болуы керек, сөйлегенде олардан шешен
адам табылмады. Әсіресе, сайлаудан кейін елге елеусіз әлдебір партияның
белсенділері есірткі ішкендей елеріп, көздері ұясынан шыға жаздап, әлі есі
кіре қоймаған жас балалардай қолдарына жалау ұстап, мойындарына орамал
салып: «Жеңіс! Жеңіс!» – деп қиқу салғанын көргендер жағасын ұстады.
Кімді жеңді? Жауды жеңді ме? Түсіну қиын болды.
Мына қалпымызбен білімді деген елдерден көп ұзамай озатынымыз
анық болды. Алайда, күн өтіп кеткендерді жазып алуға болса да, нұр өтіп
кеткендерді айтпай келген сырқаттан қалай сауықтырамыз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу