18.02.2022
  200


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қасқабас және басқа бас

Cовет Одағы күйреді. Кабинеттердегі бұрынғы КПСС Саяси бюросы
мүшелерінің портреттері қабырғалардан алынды. Олардың орнына енді жаңа
басшылардың суреттері салынды. Сондай суреттің бірнешеуіне бажайлап
қарасам, рамасы баяғы, тіпті суреттегі олардың костюмі мен мойынбауы да
өзгермеген, тек бұрынғы бастардың орнына жаңа бас салыныпты.
Қасқабастың орнында басқа бас пайда болыпты.
Суретшілерге майлы бояумен сурет салатын кенептің де қат кезі ғой,
сүйтсек, олар бұрынғы суретке жапсыртып, жаңа бастарға ескі бастарды
бастыртып, солардың орнына салған екен.
Қазіргі кейбір реформалар осы кепті есіме салады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу