18.02.2022
  170


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Болт пен гайка

Жаратушы әуел баста бұл өмірдегі барлық жан-жануарды, өсімдіктерді
жұптап жаратқан. Осы бұлжымайтын заң әлімсақтан жалғасып келеді. Тіпті
тіршіліктегі түрлі бұйымдардың өзі жұптан құралған. Сыңар етік, сыңар
қолқап болмайды.
Жұп болмаған жағдайда серік болады. Ине болмаса түйме тағылмайды,
балға болмаса шеге қағылмайды. Хоккейде доптаяқ пен шайба қатар аталса,
биллиардта тастаяқ пен биллиард тасы, теннисте ракетка мен шар қатар
жүреді. Бірінің бірінсіз күні жоқ, қатар жүрсе, мұңы жоқ. Жалғыз қалса, құны
жоқ болып шығады.
Сол заттардың ішінде судағы, көктегі, жердегі түрлі ғимаратта, көлікте
пайдаланылатын болт пен гайканың орны бір бөлек. Болт пен гайка дұрыс
үйлессе ғана жымдасқан тақтай ма, темір ме, басқа материал ма, бәрін
біріктіріп ұстай алады. Бұдан көп жыл бұрын болт пайдаланыла бастағанда
гайка мүлде болмаған екен. Бірақ, гайкасыз болттың ғұмыры ұзақ болмаған.
Адамдар да кейде осы бұйымдарға ұқсайды. Заттар көлемі мен мөлшері
сәйкес келсе үйлеседі. Адамдар міңездері сәйкес келсе үйлеседі.
Бірін бірі түсініп, тіл табысқанға не жетсін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу