18.02.2022
  144


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мұнысы несі?

Атшаптырым жерге биесауым уақытта жетіп келетін қазақтың
түйетанымы зорайып, есекдәмесі ұлғайып, ешкікөзденіп шыға келетіні несі?
Құйысқанға қыстырылып, маймылбеттеніп, күзендей кектеніп, өзінің
қылғанын біреуден көретіні несі?
Істің аяғын сиырқұйымшақтатып, мысықтілеуін ішіне бүккен
қоянжүректің түлкібұлаңға салатыны несі?
Текетірескен екі қошқардың басы бір қазанға симай қалатыны несі?
Қой мінезді қазақтың итжандылығын мақтан қылатыны несі?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу