18.02.2022
  129


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ер және ез

Күндізгі істерін қас қарайғанға дейін созбаған, кешегі берген уәдесін
ертеңіне бұзбаған, жаманшылықты көзі шалса, жүрегі сыздаған кісіні ер десе
жарасады.
Мансапқа жеткен кісіні өліп-өшіп мақтаған, аярларды жақтаған,
адамдықтан аттаған кісіні ез десе жарасады.
Елі үшін тер төккен, жері үшін қан төккен кісіні ер десе жарасады.
Қарақан басын ойлаған, қанша жесе тоймаған кісіні ез десе жарасады.
Ездер еңсеңді басса, ерлер рухыңды көтереді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу