18.02.2022
  139


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мінәжат

Бісімілла, рахман-рахим!
«Мадақ айтып бас иеміз Жаратушы Аллаға,
Рақымы мол, мейірімі шексіз сол ғана,
Қиямет-қайымның жалғыз әміршісі де сол ғана...»
Өткінші өмірде ғибратты ғұмырын инабатты, ғидаятты сүрген бар.
Өткен іске өкініп, Хақ жолына бекініп, тәубаға келген бар.
Жарық жалғанда қараңғыға қамалып, сенімі жоғалып, айдалада адасып
жүрген бар.
Пенденің Аллаға құл екенін білмеген бар, білген бар.
Құдіретті Жаратқан!
« Тек саған ғана мінажат қылып, жалбарынып өтеміз,
Тек сенен ғана медет-жәрдем күтеміз.
ҚаҺарына ұшырап адасудан сақтай көр,
Нығметіңе бөлеп, тура жолға бастай көр!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу