Өлеңдер ✍️
Орден алу хикаясы
Орден – деген темірді,
Пысықтар алып «кемірді».
Бизнес жасап сонымен
Басекеңдер семірді.
Орденді ер іспен алады.
Сұмдық едіспен алады.
Жалғасып, жең ұшпен алады.
Шашбауын кетерсең, сайлауда аласың.
Қымызын қылғытсаң жайлауда аласың.
Басекеңнің сезін сейлесең,
Қызған дауда аласың.
Тентегіне құлын мінгізсең
Бие бауда да аласың.
Шімірікпестің алтынын қазып,
Құлы боп азып,
Малын бақсаң,
Отын жақсаң,
Ұлтарағын сатсаң
саудада аласың.
Орденді кімге береді?
Жез екше арапшыға береді.
Қоғам мүлкін қылғытқан
Қарақшыға береді.
Қымыз бен сүтке су қосып сатқан
шалапшыға береді.
Беле ішіп,
Құр қалмаған ер астан
Бүлік етпеспен ауыз жаласқан
арақшыға береді.
Қымқырғанын,
Жымқырғанын
білетін,
Бірге жүретін
сарапшыға береді.
Қатынына, баласына,
Меншік компаниясына
Шеттен,
Екіметтен,
Аударған ақшасын
Білетін,
Езуін тілетін
санақшыға береді.
Кеңілшек басекеңе
Орден қолқалағандар жамалды.
Алдымен
Бесіктен белі шықпаған
бала алды.
Сырмақ шетіндегі,
Желдің етіндегі,
Аузын ашпас
жағымпаз
жан алды.
Суқаны сүймейтіндердің
Анықтамасы
Темір сандыққа
Қамалды.
Орден алғаны құрысын!
Шаймен,
Семіз қоймен,
Еркетотайына таймен
Бұраң беліне асыл бұйымдар
толып жатқан сыйың бар,
Басекеңе қайта айналып,
Тоналды.
Тоналғанда мол алды.
Жамандық жата ма?
Есексіз таң ата ма?
Ел білді.
Біліп апты жасырын
Атағын да дүлдүлін.
Орден таратқанға
Адам тұр ғой ит-құста,
Даладағы аң болып,
Олар да
Аң-таң болып
Момын қой байғұс та
Мазақтап, сақ-сақ күлді.
Бұдан кейін:ел ескер!-деп,
Болды ерескел! – деп,
Сасықкүзендер қаптап күлді.
Қырда түлкі,
Келде бақа бақ-бақ күлді.
Қорқау қасекең
Ішіне бір жаман ой
Сақтап күлді.
Қара күшік қайта-қайта,
Етінішін айта-айта,
Шеуілдеп жақтап күлді.
Мыңқ етпес алжыған
Берібасар
Күңк-күңк етіп,
Дүңк-дүңк етіп,
Бір екі рет
шақтап күлді.
Ашықтамасыз,
Атақ, орден алған шарасыз
Сорақыларға
қиянатқа мез
дарақыларға
Екі кезі мойылдай
Дең сойылдай
Қара қатын ерінін сылп еткізді.
Бастыққа жаққан екен,
Сыйлайтын кісіні тапқан екен – деп,
Кеңілі ала
Тазша бала
Айтпай аржағын,
Кедімгі бармағын
Саусағының арасынан жылт еткізді.
Ала мысық
Күйіп-пысып,
Сүт екен – деп,
Бір кесе сыраны сылқ еткізді.
Безбендер!
Ардан безгендер! – деп,
Құсадан ішкі
Ұяты күшті
Қораз таң атпай
Мезгілсіз шақырып жіберді.
Елдің мысығының мысығын,
Күшігінің күшігін сыйлағанда
Кем болыппын ба, жеміріңнен?!
Тот басқан теміріңнен
Мені неге қалтырасың?
Табаның жалтырасын! – деп,
Сезге тұтығып,
Ызадан түтігіп,
Қоңыр аю ақырып жіберді!
Ұятсыз, тексіз!
Еңшең бетсіз! – деп,
Сары атан
Шімірікпестің бетіне
Былш еткізіп қақырып жіберді.
Қақысы жоқ есекте
Есек екеш, кек есекте
ұяттан қызарды.
Әңгіме ұзарды.
Иесін таппаған атақ, орденмен
Таптадық-ау, біз арды.
Басқаға болдық-ау, масқара!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter