Әңгімелер ✍️
ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ немесе аз жылда атқарылған көп іс - ТӨрТінші Тарау
Тындырылған тірлігін алсақ та, ғылыми жұмыстарының нәтижесін алсақ та, қайраткерлігін, азаматтығын алсақ та кімнің болсын көңілі толатын Шахмардан Есенов 1965 жы- лы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қолдауымен, Министрлер Кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаевтың қолпаштауымен соның, орынбасары болып тағайындалды.
Бұл күнде біз республика басшыларының, ең алды- мен Қонаевтың нені көздегенін тап басып айта алмаймыз. Ғұмыр бойы республика абыройын асқақтата беру, оны жан-жақты өркендете түсу мақсатын көздеген қайраткер сол мақсатты жүзеге асыруда іскер көмекші бола алады-ау деп ұйғарған да шығар. Республиканың ішкі, сыртқы жағдайын бес саусағындай білетін Бірінші хатшы ел кадрларын да жан-жақты сынап, салмақтап отыратын. Шахмарданға көзі ертеден түсіп, жас екеніне қарамай бірте-бірте жоғарылата бастаған. Қазақ арасында сөз жатушы ма еді, бұның бәрін байқап, Үлкен кісінің әр сөзін, әр қадамын аңдып, жіті бақылап, бағамдап отыратын «пенделерге» зәрулік болған емес.Дегенмен, бір қызығы мұндай «пенделер» қарапайым еңбеккерлер арасынан емес, лауазымды қызмет атқарып жүрген, не кезінде сондай қызмет атқарған адамдар арасы- нан көбірек шығады. «Не дейсіз, төрағаның орнына дайын- дап жатқан көрінеді», «бір облысқа бірінші етіп жіберетін шығар», «соңғы кезде Шапық Шөкин көп сыналып кетті... Академияға президент етпесе...» деген, алып-қашпа сөз, «бол- жам» қауға тиген өрттей гуледі.
Қандай да жұмысты істемесін білгенін, білімін, қажыр- қайратын іркіп қалмайтын, жаны тынбай жұмыс істей- тін Шахмарданды ондай сыбыстар елеңдете қойған жоқ. Жаңа қызмет, жаңа мансап, бірақ тым бейтаныс та емес. Көп жағынан өзі атқарған Геология министрі қызметіне бай-
ланысты, іздейтіні кен, жоқтайтыны баяғы геолог пен бар- лаушының, кенші мен мұнайшының мұң-мұқтажы, айна- лып келгенде, Қазақстан өнеркәсібін дамыту негізі – шикі- зат базасының жұтаңдамауын көздеу, молайту, өнеркәсіптің өзін өркендету. Өнеркәсіп өркендесе, қай саланың болсын өркендеуіне жол ашыла түсетіні айқын. Сондықтан басқа шаруаларға да араласуға тура келеді.
Жұрт талай әңгіменің өзегі қылған жауапты орында ол екі-ақ жыл отырды. Бірақ қыруар шаруа бітіріпті. Респуб- ликаның Орталық мұрағатында қатталып жатқан, төрағаның орынбасары Есеновтің қолы қойылған құжаттар біздің көзі- мізді соған жеткізді. Соның бірі оның КСРО Геология ми- нистрі мен КСРО Жоспарлау комитетіне жолдаған хаты. Мәтін мынадай:
ССРО Геология министрлігіне ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитетіне
СОКП Орталық Комитетінің май (1966 ж) Пленумының
«Дәнді және басқа ауылшаруашылық дақылдарынан жо ғары әрі тұрақты өнім алу үшін жер мелиорациялауды кеңінен дамыту туралы» қаулысының Қазақ ССРы үшін өмірлік маңызды мәні бар.
Осы қаулыға сәйкес Қазақ ССРы бойынша 1967–70 жыл дары:
- 60 мың гектар аумақта жердің мелиорациялық жағ дайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды орындау;
- 320 мың гектар аумақта суару жүйелерін қайта құру және 60 мың гектар аумақта қолда бар суарылатын жер лерді тегістеу жөніндегі жұмыстарды орындау;
- 300 мың гектар жаңа жерлердің суландырылып, иге рілуін жүзеге асыру;
- жер асты суларын пайдаланып, 10 мың гектар аумақ та жазиралық суаруды ұйымдастыру;
- 38 миллион гектар аумақта жайылымдардың сулан дырылуын жүзеге асыру міндеті тұр.
Қазақстан мардымсыз ылғалданған аймаққа, ал орта лық және оңтүстік аудандары, тау бөктерлеріндегі жә
не таулы аймақтарды қоспағанда, қуаң аймаққа жата ды. Осыған байланысты СОКП ОКнің май Пленумы алға қойған міндеттерді ойдағыдай шешу көбінекөп, республи камыздың жағдайында, суару, суландыру және сумен қам тамасыз ету үшін жер асты суларын пайдалануға тәуелді болады.
Қазақстан компартиясы ОКнің II пленумының қаулы сымен, сондайақ Қазақстан КП ОКінің және Қазақ ССР Министрлер Советінің содан кейін қабылданған «Дәнді және басқа ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары әрі тұрақты өнім алу үшін Қазақ ССРында жер мелиорация лауды кеңінен дамыту туралы» қаулысымен Қазақ ССР Геология министрлігіне мыналар жүктелді:
- Аумағы 400 мың шаршы шақырым жерде 1966–1970 жылдары 1:200000 ауқымда, ал күрделі аудандарда 1:100000 ауқымда гидрогеологиялық және комплексті геологиялық гидрогеологиялық түсірілімдер жүргізу.
- 30 миллион гектар аумақтағы жайылымдарда салы нуға тиісті суару бекеттерін жобалау үшін ұйымдарға гид рогеологиялық байламдарды беретін іздестірубарлау жұмыс тарын жүргізу.
- Жазиралық суару үшін жалпы дебиті секундына 25 текше метрден кем болмайтын жер асты суларын барлау мақсатымен гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу.
- 1966–1970 жылдары жаңадан ұйымдастырылатын және бұрыннан бар совхоздар мен колхоздарда 300 шаруа шылық орталықтарын сумен қамтамасыз ету көздерін таңдап алу мақсатымен гидрогелогиялық іздестіру жұмыс тарын орындап, сол шаруашылықтарды шаруашылық жә не ауыз сумен қамтамасыз ету, мал суару және олардың мал жайылымдарын суландыру мақсатымен жер асты су ларының қорын секундына 14 текше метрге арттыру.
Кенді Алтайдың бүкіл территориясын жедел геоло гиялық зерттеу, сондайақ жаңадан ашылған кен орында рын барлау мақсатында осы міндеттердің орындалуын Қа зақ ССР Геология министрлігінің ондай міндеттерді ше шуге неғұрлым даяр Шығыс Қазақстан геологиялық басқар масына тапсыру орынды болар еді.
Баяндалған жәйттарға байланысты Қазақ ССР Ми нистрлер Советі Кенді Алтайдың РСФСРдағы террито
риясында (Золотуха, Змеиногор кен орындарының аумағы) геологиялық ізденіс және барлау жұмыстарын жүзеге асы ру ісін Қазақ ССР Геология министрлігіне беруді өтінеді.
Қазақ ССР Министрлер Советі
Төрағасының орынбасары Ш. ЕСЕНОВ
Жалпы Қазақстан экономикасының бүкіл Кеңес Одағы экономикасында алатын орнын орталық үкіметтің жақсы бі- летіндігінен бе, Қазақстан басшыларының Мәскеудегі беде- лінің жоғарылығынан ба, Есеновтің орынды дәлелдері мен бе- делі ме екен, әйтеуір Қазақстанның ұсыныстары қабылданып, орталық Үкіметтің арнайы қаулысы шығады. Соның негізін- де бұрын жер асты суын іздеу жалпы геологиялық эспеди- циялар міндетінің бірі болып келсе, енді республикалық трест құрылып, мақсат-мұраты, мүддесі бір мамандар мен жұмысшылар жеке мекеме болып шықты. Оның жұмысын өрістету үшін облыс-облыстардан бөлімшелері ашылып, ел таңдайын, жер таңдайын жібітуге кірісті.
Геологтар арасында Шахмардан Есенов тұсында Кен- ді Алтайдың бағы екінші рет жанды деген пікір бар. Әрине, оның бағының бірінші жануы академик Қаныш Сәтбаевтың есімімен байланысты екендігін көпшілік айтпасақ та біледі. Хат мәтіні мынадай:
ССРО Геология министрлігі ССРО Түсті металлургия ми нистрлігі
Кенді Алтайдың Қазақ ССР-ы мен РСФСР аумағында орналасқан аймағын геологиялық зерттеу мәселесі бойынша
Шығыс Қазақстанның түсті металлургиясы негізінен Кенді Алтай деген атауға ие болған біртұтас геологиялық провинцияның полиметалл кен орындарына сүйенеді, ал оның территориясы бір жағынан Қазақ ССРының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының, екінші жағынан РСФСРдың Алтай өлкесінің арасында әкімшілік шекара мен бөлініп, оқшауланған. Және де сол ауданның ең ірі тау
кен кәсіпорындары, металлургиялық заводтары және жал пы баланстағы кен қорының 90 проценттен астамы Қазақ ССРының территориясында шоғырланған.
Соңғы жылдары анықталған – Қазақ ССРындағы Ти шинка және Орлов, РСФСРдағы НовоЗолотушинск полиме талл кен орындары сол аудандағы түсті металлургияның ми нералшикізат базасының жағдайын біршама жақсартты, алайда заводтардың шикізатпен қамтамасыз етілуі әлі де жеткіліксіз, мұның өзі геологтардың алдына кен орында рын анықтау жөнінде өте зор міндеттер қояды.
Кенді Алтайдың болашағы түсті металдардың анық талған кен орындарымен шектелмейді. Ол жерде жаңа ірі кен орындары ашыла алады, алайда Кенді Алтай террито риясында іздестіру және геологиялық барлау жұмыстарын бірнеше геологиялық мекемелердің жүргізуі қажетті гео логиялық жұмыстарды барынша тез жүргізуге жәрдем деспейді.
Кенді Алтайдың көп бөлігіндегі қызметті Қазақ ССР Геология министрлігі құрамында полиметалл кендерін із дестіріп, барлау жұмыстарын жүргізуге мамандандырыл ған, геолог кадрлармен жақсы қамтамасыз етілген және қажетті құралжабдықтармен жарақталған ірі экспеди циялары бар Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасы ның күшімен атқарады. Сондайақ Қазақ ССР Ғылым Ака демиясының Қ. Сәтбаев атындағы Геология институты ның Өскемен қаласында орналасқаен Алтай бөлімі Кенді Ал тай құрылымының геологиялық заңдылықтарын зерттеу жөнінде зор жұмыс жүргізіп келеді.
Кенді Алтай территориясының аз бөлігіне РСФСР Гео логия министрлігінің Батыс Сібір геологиялық басқармасы қызмет етеді. Қызмет ететін ауданында өнеркәсіптің дамуының ерекшелігіне сәйкес ол басқармада негізгі геоло гиялық күштер қара металлургияның, көмір және химия өнеркәсібінің шикізат базасын кеңейтуге бағытталған, ал түсті металлургияның жаңа кен орындарын іздестіру мәсе лелеріне жеткілікті назар аударылмайды.
Көрсетілген жұмыстарыдң көлемі ақшаға шаққанда 1966–1970 жылдарға 95 миллион сомды құрайды, ал өткен бесжылдықта іс жүзінде 40 миллион сомның жұмысы орын далған еді.
Екі еседен астам ұлғаятын гидрогеологиялық жұмыстар көлемінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақ ССР Министрлер Советі қажет деп тауып, 1966 жылғы 7июльдегі №473 қаулысымен Қазақ ССР Геология минис трлігіне екі гидрогеологиялық трест – орталығы Ақтөбе қаласында болатын Батыс Қазақстан және орталығы Це линоград қаласында болатын Солтүстік Қазақстан трес тері құрамына кіретін республикалық Гидрогеологиялық бас қарма ұйымдастыруға рұқсат етті.
Қазақ ССР Министрлер Советі мүмкіндігінше қысқа мер зім ішінде Қазақ ССР Геология министрлігінің Гидрогеоло гия басқармасы мен оның трестерінің, экспедициялары мен партияларының материалдықтехникалық базасын құру, оларды мамандармен және материалдық ресурстармен ны ғайту қажет деп санайды. Осы мақсатта республика Ми нистрлер Советі ССРО Геология министрлігі мен ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінен:
- 1966–1970 жылдарға арналған жыл сайынғы жос парларда №1 қосылымға сәйкес қосымша күрделі қаржы және №2 қосылымға сәйкес жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіретін мамандар бөлуді,
- Республиканың ауыл шаруашылығы үшін соншалық зор көлемдегі гидрогеологиялық жұмыстарды Қазақ ССР Геология министрлігі алғаш рет жүргізетінін және гидро геологиялық ұйымдар негізгі құралжабдықтармен, транс порт құралдарымен қанағаттанғысыз жабдықталғанын ес кере отырып, жұмысты бастап кетуге бір сәттік көмек көрсету тәртібімен ССРО Геология министрлігінің қор ларынан Қазақ ССР Геология министрлігінің Гидрогеоло гиялық басқармасына №3 қосылымға сәйкес қосымша не гізгі құралжабдықтар мен транспорт құралдарын бөлуді өтінеді.
Қазақ ССР Министрлер Советі
Төрағасының орынбасары Ш. ЕСЕНОВ
Мәскеудегі басшылар бұл ұсынысты да дұрыс қабылдап, барлауды Қазақстан геологтарына тапсырды.
«Қазқармет» бірлестігі Г.И. Ер молаев жолдасқа
Қазақ ССРының Геология минис трлігі А.С. Сәлімбаев жолдасқа
Басшылыққа алып, орындау үшін Ш.Есенов
1966 жылғы 7декабрь, жөнелту нөмірі 157/31373
ССРО Министрлер Советі ӨкіМ
Москва, Кремль
№2739р 1966 жылғы 29ноябрь
Қазақ ССР Министрлер Советіне
ССРО Қара металлургия министрлігіне, ерекше жағдай ретінде СоколовСарыбай кенбайыту комбинатын кеңей туге жобалық тапсырмада Соколов және Сарыбай кен орындарын ССРО Министрлер Советі жанындағы пайдалы қазбалар қоры жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен руда қорымен қатар 1966 жылғы 1январьға жасалған же дел есептеу мәліметтерінің негізінде Оңтүстік Сарыбай темір кен орны руда қорын пайдалануға рұқсат етілсін.
ССРО Геология министрлігіне 1967 жылы Оңтүстік Сарыбай кен орны рудасының қорын есептеу мәліметтерін бекітуге ССРО Министрлер Советі жанындағы пайдалы қазбалар қоры жөніндегі Мемлекеттік комиссияға тапсы рылуын қамтамасыз ету міндеттелсін.
ССР Одағы
Министрлер Советінің Председателі А. Косыгин
Тағы бір құжат ССРО Геология министрі А.В. Сидоренко мен ССРО Құрылысбанк басқармасының бастығы С.З. Гинз- бургқа жазылған хат.
Мұнай барлау қызметін жұмыс орнына жақындату үшін министр Есеновтің мекемені Форт-Шевченкодан Ералиевке
көшіргенін, мәселе қойып, рұқсат алып, біраз тұрғын үйлер мен мәдениет ошақтарын салғызғанын алдағы тараулардың бірінде айтқанбыз. Жоспарда 192 балаға арналған орта мек- теп құрылысы да болатын. Алайда ол бітпей, балалар тар жер- де екі ауысыммен оқып жүретін. Қызметі ауысқан Ш. Есе- нов соны ұмытпай, геологиялық барлауға бөлінген қаржы есебінен оның құрылысын аяқтауды өтінеді. Хатта жеке ба- зына, «сіз-біз» дескен сыйластық сарыны да байқалады. Не керек, оның өтініші жерде қалмай, жаз бойы мектеп салы- нып, жаңа оқу жылына дайын болды. Қазіргі таңда сол мек- тептен білім алып, қанаттанып ұшқан жастар санын өз басы- мыз білмейміз, бірақ аз болмағаны анық.
Осы құжаттар Шахаңның өзіне тапсырылған салаға қан- шалықты жауапкершілікпен қарағанын, сонымен бірге басқа да өрістерді естен шығармағанын айғақтайды.
Көненің көзі, көп жылдар Жоғарғы Кеңес төралқасының жауапты хатшысы болған, мемлекет және қоғам қайраткері Б. Рамазанова өз естелігінде Шахаңның тағы бір қырларын аша түседі:
- Қазақтың айтулы ақыны Қадыр МырзаӘли: «Өткен өмір – өшкен от, мен сол өшкен отты көсеп отырған жан сияқтымын» деген екен. Шахмардан Есенов оттың жалын дап тұрған кезінде де, өше бастаған уақытында да оны әрі қарай маздатуға тырысқан азамат десек артық емес. Бұған Шахмарданның ғұмыры, тындырған істері айғақ...
Мемлекет басқару ісінде, айталық, Жоғарғы Кеңес төр ағасы болған кезінде Шахаңның депутаттармен жақсы тү сінісіп, олардың қойған мәселелерін шешуге көмектескені, мә жілістерді екі тілде жүргізетіні, әр салаға байланысты то сыннан қойылған сұрақтарға тосылып қалмай, дәл, нақты жауап беретіні, өзі сайланған округқа жиіжиі барып, есеп беріп тұратыны көптеген депутаттарға үлгі болғаны рас.
Ақиқат болған, ел білетін бір оқиға туралы айтайын. 1965 жылы Мәскеуде пленум өтетін болып, бар басшы соған кетіп бара жатты. Соның алдында ғана Ілияс Ома ров Мемлекеттік Жоспарлау комитеті басшылығына та ғайындалып, оның орнына Мәдениет министрі болып Ләйла Ғалымжанова бекітілгенді. Қазақ ССР Министрлер Кеңе сінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаев пленумға жүрер ал дында орынбасары Шахмарданды шақырып алып: «минис
трлікте мәдениетке уақытша бағытбағдар беріп оты ратын адам болмай тұр...сондықтан, өнеркәсіппен қоса осы міндетті де әзірше ала жүруіңе тура келеді... салалық министрліктер басшыларына тапсырма бер, мәдениет са ласын көтеруді ойластырсын...жоспар жасаңдар...» деп, тапсырма береді. Есенов дереу мәдениет бөлімімен ақыл дасып, жоспар жасап, барлық салалық министрлерге хат жолдайды. Бәрінен де «мәдениетке бөлінетін қаражат жоқ» деген жауап алады. Бұл жауап Есеновке ұнамайды да, министрлердің бәрін шақырып, жиын өткізіп: «мәдениет деген сіздер ойлағандай алтын мен күміс, мұнай мен темір, көмір... емес. Мәдениет – халықтың дәстүрі, салты, әдет ғұрпы. Көмірің қара, алтының сары екен деп бізді ешкім танып, қадірлемейді, бізді басқаларға танытатын мәдение тіміз бен өнеріміз... Оны дамытып, келер күнге жалғап оты ратын мәдениет ошақтары: клубтар, мәдениет сарайлары, кітапханалар, театрлар. Ал олар бізде әлі де жетіспейді. Сондықтан мәдениетке сіздер мен біздің қамқорлығымыз, жанашырлығымыз аса қажет. Құрметті жолдастар, ту расын айтсам, бүгінгі төрағаның орынбасары Есенов те, Мәдениет министрі Ғалымжанова да, сіздер де ертеңақ бұл өмірден өтеміз де кетеміз. Ал, ұлттық мәдениет, ұлттық өнер – мәңгілік! Ол халықтың айнасы, келбеті, байлығы...» деп, арғыбергі тарихты қозғай тұрып қамқорлықтың, нақ ты шаралардың қажеттігін жеріне жеткізе айтты. Не керек, жиын соңында әрбір министрлік бірбір мәдениет ғимаратын салатын болып, келісімін беріп тарасты. За мандастар арасында осы оқиғаны көпке дейін айтып, Ша хаңның беттілігіне, білгіштігіне, шешендігіне тәнті болып жүрдік. Негізі, Шахаңның сыртқы тұлғасы нағыз баяғының батырларындай болса, ішкі жан дүниесі одан тіпті де кем соқпайтын. Сөзін, берген уәдесін әрдайым орындайтын. Та лайталай үлкен жиындарда өндіріс пен ғылымда кетіп жат қан кемшіліктерді батыл сынады, шындықты айтты. Осы қасиеттерін КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынба сары ретінде де көрсетіп, мемлекет басқару өнерінен де құралақан еместігін анық байқатты.
Сол тұста Министрлер Кеңесі Төрағасының орынба сарлары Ш. Есенов, М. Ықсанов, құрылыс министрі Б. Пә рімбетов еді. Шахаң ірі өнеркәсіпті дамытып, қазба бай
лықты молайтса, Мұсахаң мелиорация саласын ылғи наза рында ұстады, ал, Б. Пәрімбетов құрылыс кешендерін жо балау, салу және олардың сапасын арттыру ісімен тынбай шұғылданды. Бұл үш азамат та палуан денелі, бойлары сұң ғақ, ойлары терең, өз істеріне қалтқысыз берілген жандар еді. Былайғы жұрт оларды «үш алып» деп атап кеткенді.
* * *
Төраға орынбасары 1966 жылдың соңында, бұл жұмыс- қа келгеніне бір жылдай уақыт өткенде «Лениншіл жас» газетінің тілшісімен сұхбаттасыпты. Әңгіме жыл қортынды- сы, қол жеткен табыстар мен жетістіктер төңірегінде өрбіпті. Біз сол сұхбатты түгел келтірмекпіз. Өйткені, төрағаның орынбасары республика жетістіктерін жаңа жылдың алдын- да халқына есеп бергендей болып баяндайды. Ал, бүгін таң- да ол біз үшін берер мәліметі көп құнды құжат есепті, әрі қазір де үлгі етер тұстар бар.
«Тілші: Шәке, бесжылдығымыздың алғашқы жылы тә мамдалып келеді ғой. Осы жылғы республикамыздың ең қо мақты табыстарын қысқаша баяндап берсеңіз.
Ш. Есенов: Қазақстанның үлесі өтемөте оқшау. Со ның ішінде ең шоқтығы биік деп 1 миллиард 37 миллион пұт астықты айтамыз. Бұл диқандарымыздың дәнге айналған маңдай тері ғой. Жер шарының бар тұрғынын жарты ай асырайтын осынау молшылыққа қай облыстың үлесі болсын айтарлықтай. Әйтсе де, Қостанай, Целиноград, Солтүстік Қазақстан және басқа облыстардың құйған астығы ерекше ерен. Сондықтан да ғой төрт облысымыздың көсеміміздің күміс бейнесі бар орденді алуы. Егіншіліктің өзге салалары
- мақта мен қызылшадан жиналған өнім де бұрынсоңды қол жеткеннің ең биігі. Егіншілік қана емес, мыңғырған ма лымыздың өнімдерін де жоспардан артық саттық қой.
Өнеркәсібіміз де тың қарқын қосып тастады биыл. Ақтық қортындысы шыға қоймағанмен, алдынала есепте улер бойынша миллиондаған сомның өнімі жоспардан тыс шығарылады деп отырмыз. Тараулап кетсек бұл үстеме – 40 мың тонна шойын, 29 мың тонна болат, 850 мың тон на темір рудасы, 100 мың тонна мұнай, 1 миллион 400 мың тонна көмір, бес мың тоннадан астам тыңайтқыш, ұшан теңіз қорғасын, мыс деген сөз.
Тілші: Аға, биыл республика кәсіпорындарының бір то бы жоғары наградаларға ие болды ғой. Олардың аяқ алы сы қалай?
Ш. Есенов: Жетіжылдық жоспарды табысты орын дағаны, жаңа өндірістік қуаттарды іске қосқаны, техно логиялық процестерді жетілдіргені, өнім шығаруды арт тырғаны үшін бірқатар кәсіпорындар Кеңестер Одағының ордендерімен марапатталды. Ленин ордені Балқаш, Жезқаз ған кенметаллургия комбинаттарына, «Ленинуголь» тресі не, Еңбек Қызыл Ту ордені СоколовСарыбай кенбайыту комбинатына, Лениногор түсті металдар, Зырян қорғасын комбинаттарына, Ақтөбе химия комбинатына, Қарағанды синтетикалық каучук зауытына, Шығыс Қазақстан геоло гиялық басқармасына, «Мангышакнефтегазразведка» тре сіне және басқа кәсіпорындарға тапсырылды.
Бұл кәсіпорындар биыл да белгіленген тапсырмаларды ойдағыдай орындап отыр. Жалпы өнім шығару, еңбек өнім ділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын арзандату жөнін дегі жоспарларды едәуір асыра орындады.
Жезқазған кенметаллургия комбинатын мысалға кел тірейін. Биыл жалпы өнім шығаруды комбинат 107 процен тке жуық, руда мен қара мыс өндіруді 105 проценттен ас там орындамақ. Мұндай табыстар әлгі кәсіпорындардың қайсысында болсын баршылық.
Тілші: Үстіміздегі жылдың бір ерекшелігі жоспар лау мен шаруашылықты жүргізудің жаңа әдісінің өмірге енгені болды ғой. Жаңа әдіске бірталай өнеркәсіп орында ры көшті. Республикамызда бұл әдіспен жұмыс істей бас таған өнеркәсіп орындары қанша және жаңа жүйе олардың жұмысына қандай әсер етті?
Ш. Есенов: Республикамыздың ауыр өнеркәсібіндегі жаңалық қой бұл. Бес кәсіпорын: Өскемен қорғасынмырыш комбинаты, Балқаш кенметаллургия комбинаты, Золоту ха руда басқармасы, Қарағанды ситетикалық каучук заво ды, «Целинэнерго» аймақтық басқармасы жоспарлау мен экономикалық көтермелеудің осы әдісіне көшті.
Жаңа жүйемен жұмыс істей бастаған барлық кәсіп орындар жалпы және товарлы өнім шығару жоспарларын, өнім өткізу, өнімділік, өзіндік құнды төмендету мен табыс жөніндегі міндеттемелерін асыра орындады.
Өскемен қорғасынмырыш комбинатынан мысалдар келтірейін. Өнім өткізу көлемінің 11айлық жоспары –101,2 процент, табыс – 103,3 процент орындалды. Бұл жоспар дан тыс жүз мыңдаған сом алуға мүмкіндік туғызды.
Бұл мысалдардан шығатын қорытынды мынадай. Шар уашылықты жүргізудің жаңа принципі өндірістің резерв терін тауып, пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған бұлтарт пас дәлел – өнім өткізу мен табыс жөніндегі үстеме мін деттемелердің асыра орындалуы.
Екіншіден, жаңа жүйе ежелден келе жатқан жоспар ды кемітуге тырысу әдетін жояды.
Әлгі аталған кәсіпорындарда өндіріс экономикасын, шаруашылық есепті жақсарта түсуге көңіл көп бөліне бас тады. Негізгі және көмекші материалдар, электр энергия сы және отын шығынын нормалау жақсарды.
Тілші: Биыл қандай өнеркәсіп орындары іске қосылады.
Және олардың халық шаруашылығындағы орны қандай?
Ш. Есенов: Қазақстан өнеркәсібінің қатары биыл то лыға түсті. Жаңадан 200 кәсіпорын мен цехтар іске қо сылды. Олардың біразын атай кеткен жөн болар. Бұл – Лениногор мырыш зауытының бірінші кезегі, Өскемен ти танмагний комбинатының екінші кезегі, Қарағанды ме талургия зауытындағы слябинг «1150», СоколовСарыбай комбинатындағы түйіршіктеу фабрикасының үш күйдіру пеші, қуаттылығы 3 миллион тонна көмір шахталары мен разрездері, 216 мың киловаттық турбиналы электр станци ялары, 120 мұнай скважиналары. Биыл республика тұңғыш рет полиэтилен, элементар фосфор, натрий, триполифос фат, фосфат, сляб, және басқа өнімдер берді. Мұның бәрі Республикамыздың өнеркәсіптік потенциалын жаңа да биік деңгейге көтере түсті.
Тілші: Суармалы егіншілікке үлкен мән беріліп отыр, Биыл сурамалы егіншілік көлемін онан әрі көбейту жөнінде не істелді?
Ш. Есенов: КПСС Орталық Комитетінің май Плену мының мелиорацияны кең өрістету жөніндегі шешімдерін іске асыра отырып, Қазақстанның диқандары суармалы жерді игеру және оның пайдалылығын арттыру жөнінде айтарлықтай табыстарға ие болды.
Суару жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі көптеген жұмыстар нәтижесінде суаруға дайындалғанымен, бұрын пайдаланылмай келе жатқан жерлер ауыл шаруашылық ай налымына қосылды.
Суармалы жерлердің көлемі 1965 жылмен салыстыр ғанда 68 мың гектарға артып, 1 миллион 229 мың гектарға жетті. Мұның ішінде суармалы дәнді дақылдар көлемі 69 мың гектарға артса, күріштің көлемі 8 мың гектарға көбейді.
Үстіміздегі жылы суаруға, өңдеуге көп көңіл бөлген діктен техникалық және дәнді дақылдардан жақсы өнім жиналды. Өткен жылмен салыстырсақ, биыл өнімділігі жағынан қант қызылшасы 23 процент, күріш 38 процент өсті. Жалпы өнім болса, мақтадан, қант қызылшасынан, күріштен, суармалы жерге егілген және басқа дақылдардан бұрынғы жылдардағымен салыстырғанда әлдеқайда көп өнім алынды. Биылғы табыстарымыз суармалы жерлердің бар мүмкіншілігін сарқа пайдаландық деген қорытынды ту дырмаса керек. Ол табыс өсе берері айдан анық.
Тілші: Еңбекшілердің игілігі үшін үстіміздегі жылы не істелді?
Ш. Есенов: Биыл еңбекшілердің тұрғын үй қажетін қа нағаттандыру және тұрмыстық қажетін өтеу жөнінде аса маңызды шаралар жүзеге асты.
Тұрғын үй құрылысы кең көлемде жүзеге асты. Жыл қор тындысында 3 миллион 600 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 2 миллион 842 мың шаршы метрі мемлекеттік күрделі қаржы есебінен тұрғызылды. 82 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің, 680 мыңы мемлекеттің қарыз беруі арқылы жеке адамдардың күшімен салынды. Жаңа пәтерлерге 113 мың семья кірді де ген сөз бұл. Бейнелеп айтсақ, бес жүз мыңнан аса халқы бар үлкен қала жаңадан салынған.
Қалалар мен поселкаларда пайдалануға беріліп жатқан үйлердің бәрінде де коммуналдық қызметтің бар түрі көр сетіледі. Бір жылдың ішінде 240 мың пәтерге газ жеткізіл се, оның 97 мыңы селода болса, екі мыңы шопан үйлері болса аз табыс деп кім айтады. Биыл салынған су құбырларының ұзындығы 450 километр болып отыр. Бұл Алматы мен Жамбыл қалаларының арақашықтығына тақау. Бір жыл да салынған моншаларға 1839 адам бірден шомыла алады
екен, кір жуу орындары бір сменада 3695 килограмм кір жу ады екен. Мұның бәрі халқымыздың тұрмысын жақсарта түсуге септік қой.
Тұрмыстық қызмет әлдеқайда жақсара түсті. Арнаулы министрліктің құрылуы бұл істі бір жүйеге келтірді. 1966 жылы 650 кәсіпорын мен мастерской қатарға қосылыпты. Енді олардың саны 11 мыңға жетті. Тұрмыстық қызмет көрсетудің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 18,6 процент артса, селолық жерлерде бұл көрсеткіш 22,6 процентке жетті.
Қыруар істің бәрі бір мақсатқа, еңбекшілеріміздің тұр мыстық халахуалын жақсарта түсуге бағытталған. Бұл партия қамқорлығы, нағыз әкелік қамқорлық.
Тілші: – «Лениншіл жас» оқушыларын осынау кең бай тақ республикамыздың тынысымен таныстырғаныңыз үшін рахмет, Шәке!
Ш. Есенов: – Менің айтқандарым негізгі мәселелер ғана ғой, ал, туған республикамыздың тынысы әлде қайда кең, әлде қайда құлашты емес пе?!
(«Лениншіл жас», сенбі, 31 декабрь, 1966 жыл.)
Әңгіме арқауынан өткен өмірдің сан түрлі жетістіктерін еске түсіруге болады. Толып жатқан сандар мен проценттің өзі сол уақыттың тыныс-тіршілігін көз алдыңызға айныт- пай әкеледі. Ол жетістіктердің артында адам – мемлекет пен үкімет басшылары, сан мыңдаған халық, көпшілік қауым тұр. Кейде біз бүгінгі тәуелсіз Қазақстан осы күйінде ас- паннан түсе қалғандай, өткен тарихы мен мемлекет болып қалыптасуына үлес қосқан ардагер азаматтары болмағандай қарайтынымыз бар. Бұған әсіресе, жоғары жақта, ел билігін- де отырған – бүгінгі шенеуніктер пейілді. Өткен болмай бү- гін, бүгін болмай болашақ жоқ. Осы бір қарапайым ғана қа- ғиданы олар мойындағылары келмегенмен, тарих бетінде, экономика мен өндіріс шежіресінде ол жылдардың жетістігі сайрап жатқан жоқ па? Тіптен, бүгінде бұрқыратып мұнайын алып, кенін қазып, темірін қайнатып жатқан: Өскемен, Қа- рағанды, Теміртау, Жезқазған, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау өңірінде ағыл-тегіл табыс тауып жатқан алып өндіріс орын- дары сол уақыттың төл перзенті.
Шахмардан Есенов журналистерге жетістіктерді айтумен қатар кемшіліктерді де бүгіп қалған емес. Мұны 1967 жы- лы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған мақала- сынан анық аңғарамыз.
«Барланып, ашылған және жаңадан ашылатын мұнай лы, газды кендердің құрылымын зерттеудің барған сайын ұлғайып отырған көлемі, сондайақ геологиялық барлау жұ мыстары көлемінің үнемі арта беруі толып жатқан арна улы проблемалардың шебер шешілуін қажет етеді. Ал, бұл міндеттерді жүзеге асыруға жекелеген ғылымизерттеу институттары бөлген топтардың шамасы келмейді. Сон дықтан Маңғыстаудың байлығын терең зерттеп , тезінен игеру үшін ғылымизерттеу жұмыстарын қазіргіден де кү шейту қажет. Гурьев қаласында арнаулы институт ұйым дастыру туралы әлденеше рет мәселе қойылды. Бұл инс титут мұнай мен газ өндіретін мамандар, геологтар, гео физиктер даярлар еді. Амал не, республиканың Мемлекет тік жоспарлау комиссиясы, Жоғары және орта арнаулы білім министрлігі бұл мәселенің шешілуін ұзаққа созып келеді. Жетібай кеніндегі мұнай қоры 1964 жылы бекітіл ген. Кенді пайдалануға берудің өзіндік құнын әр тонна мұ най қорына шаққанда Жетібай мен Өзен мұнай кенінде өнер кәсіптік категория бойынша 3,5 тиын болып отыр. Мұның өзі Совет Одағындағы ең төменгі көрсеткіш екенін атап айту керек. Қазірдің өзінде Маңғыстаудың жер қойнауынан жыл сайын 1820 миллион тоннаға дейін мұнай өндіруге болады. Мұның өзі бүкіл Ажербайжан ССРында қазір өн дірілетін мұнай көлемімен парапар. Осы екі кеннің екеуін
де де газдың қоры мол.
Маңғыстаудың мұнай байлығын игеруді тездету мақса тымен 1964 жылғы май айында Өзен кені барлық бұрғылау, скважиналарды байқау бригадаларымен, жабдықтармен, ме ханикалық қызметтермен, тұрғын үйтұрмыстық объекті лермен және басқа өндірістік құралдармен қоса Маңғыстау мұнай бірлестігіне берілді. Өзен кенінен мұнай бұлағы ағуда. Міне, бұған жер қойнауын барлаушылар үлкен еңбек сіңірді. Ал, 1965 жылдың аяғында Маңғыстау мұнай бірлестігіне Жетібай кені берілетін болғанды.
Алайда, Маңғыстау мұнай бірлестігі әлі де толық қуа тымен жұмыс ітей алмай отырғанын атап айту керек.
Құрылыс жұмыстары өте кешеуілдетіліп жүргізілуде, іс ке қосылатын бірталай маңызды объектілерді салу жұмыс тарының қарқыны нашар. Осының бәрі 1965 жылдың бірін ші жарты жылдығының жоспары орындалмауына әкеліп соқтырды.
Мұнайды тасымалдау және оны өңдеу сияқты аса маңызды мәселелер әлі күнге шешілген жоқ. Табиғаттың ке ремет байлығын халық игілігіне жарату үшін мұнайды өңдеу жөніндегі жаңа өнеркәсіптік комплекстерді экономикалық жағынан тиімді орналастырудың үлкен маңызы бар. Мұ найды өңдеудің екінші процестері полимерлік материалдар, пластикалық масса, синтетикалық смола өндіруді қамтама сыз ететінін ұмытуға болмайды.
Ал, бұл өнімдер неғұрлым көп өндірілсе, республикамыздың халық шаруашылығын алға бастыруға, еңбекшілердің тұ тыну қажеттерін өтеуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Маң ғыстау мұнайынан аса маңызды өнім – қоймалжың қышқыл мен жоғары сапалы спирт алуға болатынын атап айту ке рек. Осыған қарамастан, республиканың мемлекеттік жос парлау комиссиясы мұнай өңдеу кәсіпорнын Маңғыстаудың өзінде орналастырудың қажеті жоқ, оны басқа аудандарға тасымалдау керек деп есептейді. (Осы түсінік, осы әрекет Қазақстанды шикізат қоймасына айналдырып жіберді емес пе?! – Г.О.) Бұл әрине, дұрыс емес. Маңғыстау мұнайы жоғары сапалы болғанымен, онда парафин көп кездеседі. Ал, бұл мұнайды алыс жерге тасымалдауда қиындық туғызады. Демек, мұнайдан парафинді бөліп тастайтын қондырғыны жергілікті жердің өзінде салуға тез кірісу қажет.
Істелген жұмыстар, қол жеткен табыс аз емес. Ал, ал дағы бесжылдықта барлаушылар алдында бұрынғыдан да зор міндеттер тұр. Геологиялық іздестіру және барлау жұ мыстарының қарқынын онан әрі күшейту көзделіп отыр. Алдағы бесжылдықта көлемі 900 мың, бір миллион метр терең бұрғылау жұмыстары орындалуға тиіс.Сондайақ, геофизикалық жұмыстар көлемі де қауырт ұлғаяды...»
Бәрі өткен күннің тарихы, Қазақстанның тарихы. Қазақ- стан деген алып республиканың шикізат қорын молайтып, өнеркәсібін дамытуға ат салысқан ардагер азаматтардың ісін жоққа шығармай, осылай айтып, Есеновтің өз сөздерімен сы- налап кіргізуді жөн көрдік.Олардың ізі, халық үшін атқарған ардақты ісі Қазақстан аймағында, тарих бетінде сайрап жат- қанымен, айтылуы аз болып, аз болған соң жастар жадында қалмай, өткеннің бәрі өтірікке айналып бара ма деп қаласың кейде. Айтсақ та, жазсақ та біз тек бүгінгі күннің жетістігі- мен ғана шектеліп қалып жатамыз. Бұл дұрыс емес. Бүгінгі бар байлықтың басы сол өткен күндерде жатқандығын ұмыт- пауымыз керек, өркендеп өсіп келе жатқан жас өреннің са- насына сіңіруіміз қажет-ақ. Ал, барлық ұлы істің артында адам – біздің ардақты ағаларымыз, қазақ халқының біртуар азаматтары тұр.
Сондай азаматтың бірі Шахмардан Есенов еді. Ол мә- селені нақ қойып, нық дәлелдей алатын, «арба сынып, өгіз өлмейтін» «бірсыдырғы» деген сылбыр тіршілікті ұнатпай- тын. Бастама көтерді, жаңалық іздеді, талантты, дарынды адамдарды өсірді, жастарға қамқор болды. Ол орыс тілін өте таза сөйлейтін, Пушкин, Лермонтов, Ломоносов... өлең- дерін жатқа оқитын. Әсіресе, мәскеулік ғалымдар мен мем- лекет басшылары оның шешендігін, терең білімін жоғары бағалады, құрметтеді. Не керек, Есенов қай ортаға түссе де қозғаушы күшке айналып отырды. Осындай қасиеттердің бәрі қосылып, Шахмарданның беделін биіктетіп жіберді. Әрине, бұл Есенов қабілетін қадірлей білетіндерге ұнады, көре алмаушылардың қызғанышын оята бастап еді...
Сәтбаев пен Қонаев жас Шахмарданды танып, бағалауда, сосын қолдау көрсетуде қателеспеді. Шахмардан да оларды ұятқа қалдырған жоқ, сенімдерін ақтай білді. Ол Қазақстан геологиясын бір емес бірнеше сатыға көтерді. Бұл хақында академик Бекжанов Ғинаят біраз таратып айтады:
– Қазақстан геологиялық ғылымының негізін өткен ға сырдың 20шы жылдары отандық геология патриархтары
- Қ.И. Сәтбаев пен Н.Г. Кассин өздерінің әріптестері мен ізбасарлары – Ж. Айталиевпен, Р. Борукаевпен, И. Бокпен, Е. Шлыгинмен, Г. Медоевпен бірге қалаған еді.
Біздің ойымызша, Шахаңның ғажайып жетістіктерінің негізінде екі жетекші фактор мен бастаулар жатыр. Оның біріншісі өзі 5 жыл оқып, бітірген Қазақ кенметаллургия институты, екіншісі Ш. Есенов 11 жыл бойына іргелі кәсіби даярлықтан өткен Жезқазған экспедициясы. .
Жезқазғандағы жұмыс кезінде Сарыоба, Итауыз, Жам пыАйбат кен орындарын түбегейлі қайта бағалап, Жезқазғанның солтүстігі мен оңтүстігінде қымтаулы жатқан кен орындарын ашу Ш. Есеновтің активіне жазылатын инже нерлікбарлау жұмыстарының нәтижесі. Стратегиялық ши кізат болып табылатын родуситасбест кен орнын іздесті ріп, Қумолада табу да Ш. Есеновтің еншісінде. Және де ол минералды бірінші болып тапқан нақ сол. Жерасты сулары, құрылыс материалдары, басқа да пайдалы қазбаларды бар лау, игеру де экспедицияның толымды табысына жатады.
Жезқазғанда Ш. Есенов геологияның және геологиялық барлау өндірісінің әртүрлі салаларынан бай ғылыми мағлұ мат жинақтаған ірі инженер, іскер жетекші және ұжым ның көшбасшысы болып қалыптасты. Айта кетейік, сол жылдары Жезқазған геологтармен бірге кеншілердің, байы тушылар мен металлургтардың зияткерлік тобын қалып тастырушы орталыққа айналды. Жезқазғанда мәдениет, ғылым және білім беру істері қарыштап дами түсті. Жез қазғандық инженерлер В.В. Гурба, М.К. Бөкежанов, Д. Еш панов, Т. Садуақасов және т.б. республикадан тысқары жерлерде де танымал болды.
Осындай зияткерлік орта Ш. Есеновтің шапшаң қалып тасып, өсуіне едәуір ықпал етті. Оның есімі жарқырап кө рінді. Сондықтан 1960 жылы экспедицияның бас инженері Ш. Есеновтің Қазақ ССР геология министрінің орынбасары, бір жыл өткен соң министр қызметіне тағайындалуы еш кімді таң қалдырған жоқ.
Ш. Есенов министрлікке «піскен асқа тік қасық» бо лып келген жоқ. Министрлікті құруға Мәскеуден жіберіл ген адам мен оның екі орынбасары «керуенді» жол басын да тастап, үйлеріне қайтты. Сондықтан жаңа, жас ми нистрдің иығына Одақта бірінші рет құрылған респуб ликалық Геология министрлігін қаз тұрғызудың барлық ауыртпалығы түсті. Уақыттың өзі көрсеткеніндей бұл мә селені ол толығымен шешті. Бес жылға жетпейтін мерзім ішінде Қазақстанның геологиялық қызметі Одақтағы үз діктердің біріне айналды. Жас министрдің есімі КСРО гео логия саласына кеңінен танымал болды. Сондықтан оның геологиядағы ықпалы бұрынғыдан да арта түсті.
Мұның табиғи салдары – 1965 жылы Ш. Есенов жауап ты мемлекеттік қызмет – Республика Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлығына жоғарылатылды. Үкімет Ш. Есенов сияқты бірегей тұлғалар, әдетте бір орнын да «тоқтап» немесе «отырып» қалмайды. Өзі де дәл солай болды, 1967 жылы ол Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенттігіне сайланды. Бұл сайлану оның дарыны мен білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, өсе түскен беделі мен танымалдығын мойындау болатын...те ол Қазақстан ауыр өнеркәсібінің, геологияны қоса, же текші салаларына басшылық жасады. Геологтар бұрынғы сынша өздерінің мәселелерімен оған ұдайы кіретін, есігі гео логтар үшін әрдайым ашық болатын.
Қазақ айтпай ма: «Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыс- пай» деп. Жас Шахмарданның талабы мен талантын байқаған ел басшылары оны біраз бәйгеге қосып та, додаға түсіріп те көрді. Бірінші хатшы Д. Қонаев қатарындағылармен, Мәскеу- мен кеңесе, ақылдаса келіп, Академия президенттігіне Ша- хаңның кандидатурасына тоқтады. Сонымен Шахмардан Есенов «аламан бәйге» – Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенттігіне сайлауға түсті. Сайланды. Және оған Қ. Сәт- баев негізін қалап, ақтық демі біткенше өзі басқарған Геоло- гия институтына жетекшілік ету қоса тапсырылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter