15.02.2022
  291


Автор: Абдрахман Асылбек

Қыран

Қыран – құстың төресі,
Қарашы бір анықтап.
Көкте ұшқанын көресің
Самолеттей қалықтап.
Альбатрос,
Шағала,
Тазқара да,
Мысалы,
Қанат қақпай,
Жағада
Қырандарша ұшады.
Қыран бірақ қыран ғой,
Самғау үшін жаралған.
Шыңдалған шын шыдам ғой,
Тек биіктен нәр алған.
Аяласа аспанды,
Асқақ демей, не дейміз?
Жалындаған жастарды
Қырандарға теңейміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу