Өлеңдер ✍️

  14.02.2022
  129


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ЦЫГАН КЕЛІНШЕГІ

Отыз екі тісі түгел алтыннан,
Алтын алқа алғандай-ақ алқымнан.
Алтын сырға,
Сақинасы тағы алтын.
Осылардың салмағынан алқынған.
Нəрестесі қолтығында көтерген,
Жолын кескен көрінгенді төтеннен.
Екі көзі еміренді «Тиын», – деп,
Қалай бұған тебіренбей өтем мен.
Кез келгеннен
ақша сұрап қол жайған,
«Қайыршы» деп кім ойлайды ондай жан.
Көзі ояу,
Көкірегі көр соқыр,
Сақта құдай адамдарды сондайдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу