Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  115


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТҰМАНБАЙДЫҢ АУЫЛЫНДА

Алматыдан тура алпыс бес шақырым,
Ақшиге кеп өлең оқып жатырмын.
Қарсы алдымда қара көздер мөлдіреп,
Қарап отыр демін алып ақырын.
Ықыласты ниетіне тоямын,
Өтіп жатыр аққан судай ой ағын.
Өлеңдерім өлеңіңдей болмаса,
Тұман аға,
қымсынып та қоямын.
Алдымда отыр арулардың нелері,
Иелеген парасаттық кемені.
Жас ақын боп жүргенің де тебіренткен,
Сұлулардың мүмкін шөберелері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу