Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
13.02.2022
286
Боранда
Кетерде апам қалаға:
– Шықпа, – деді, – далаға.
Қар жауып тұр борасын,
Бұл бетіңмен тоңасың.
Күте тұрсаң шыдап шын,
Әкеп берем құлақшын.
Шыдам жетпей еріксіз,
Шықтым сыртқа бөріксіз.
Балалармен шаттана,
Соқтық талай аққала.
Бірақ, түнде жыладым –
Үсіп қапты құлағым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter