Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
13.02.2022
138
Мұз бен кірпіш
(С. Михалковтан)
Күн күлімдеп, тоң жібіген кезеңде,
Мұзға мініп кірпіш жүзді өзенде.
Бұйрық берсе кейде оған бақырып:
– Тез жүрмесең кетемін, – деп, батырып,
Ақыл айтты кейде оған ақырын:
– Жарға соғып қирап қалма, батырым.
Еріді мұз шуақ көктем күніне,
Кенет кірпіш батты өзен түбіне.
Тыңда, достым, үлгі алма сен кірпіштен,
Шыға алмассың су түбіне бір түссең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter